Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры 6В05102- «Биотехнология» Пән циклы атауы және коды



бет19/76
Дата07.01.2022
өлшемі166,91 Kb.
#17099
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   76
Байланысты:
ТОКСИКОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ

9.1.9. Тақырыбы: Санитарлық-гигиеналық шаралар.

Сағат саны – 1 сағат

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1.Заттардың уытты әсерлерінің физико-химиялық қасиеттеріне тәуелділігі.

2. Гигиеналық реттеу.

3. Гигиеналық стандарттау.

4. Санитарлық-техникалық шаралар.

5. Санитарлық-гигиеналық шаралар.



Дәріс тезисі:

Адамның іс – әрекеті салдарынан биосфераның радиациялық ластануы өте үлкен қауіп тудырып отыр: Қазіргі кезде радиоактивті заттардың кең түрде қолданылуы, оны тасымалдау кезінде немқұрайдылық радиациялық ластанудын көзі болуда. Мысалы, атом қаруын сынақтан өткізу биосфераның радиациялық ластануына апарып соғады. ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап атом электр станциялары, мұзжарғыш кемелер, ядролық қондырғылар, сүңгуір қайықтар кеңінен пайдаланыла бастады. Атом энергиясы қолданылатын кемелер дұрыс жұмыс істегенде ғана қоршаған ортаның радоактивті нуклиттермен ластану мүмкіндігі боламайды. Мұндай мекемелерде апат болған жағдайда радиациялық ластану дәрежесі мыңдаған километрге дейінгі тіршілікті жояды. Қазіргі кеде радиоактивті қалдықтарды көму технологиясын сақтау қоршаған орта үшін ауадай қажет болып отыр.

Радиоактивтік ластану ХХ ғасырдың 40 жылдары уранның ыдырау реакциясы ашылғанна бастап пайда болған. Атом энергиясын америкалықтар соғыс мақсатында, ал 1945 жылдан бастап бұрынғы Кеңес Одағында бейбіт мақсаттта пайдаланған: Атом энергиясын пайдалану кезінде сақтандыру шараларын қоса жүргізіледі: Өйткені атом қондырғылары жұмыс істеу барысында адам өміріне қауіпті радиоактивті қож түзіледі. Ал оны Залалсыздандыру оңай шаруа емес. Радиоактивті заттарды яғни қалдықтарды теңізге, мұхитқа тастауға рұқсат етілмейді. Әрине, бұл тәртіп кейбір елдерде сақталмайды. Күнделікті тұрмыста адамдар түрлі техникалардан, компьютерден рентген аппараттарынан сәуле қабылдайды. Мысалы адам телевизор қараудан 1 жылда 0,5 мбэр сәуле алса, компьютер мен рентген аппараттарынан 1 жылда 370 мбэр сәуле қабылдайды екен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет