Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры 6В05102- «Биотехнология» Пән циклы атауы және коды



бет17/76
Дата07.01.2022
өлшемі166,91 Kb.
#17099
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   76
Байланысты:
ТОКСИКОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ

9.1.8 Тақырыбы: Улардың организмнен бөлінуі.

Сағат саны – 1 сағат

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Өкпе арқылы бөліну

2. Бүйрек арқылы бөліну.

3.Асқазан – ішек жолдары арқылы бөліну.



Дәріс тезисі:

Көзге көрінбейтін өтімді сәулелерді шығаратын заттарды радиоактивті заттар деп атады. Ал осы заттардың қасиетін – радиоактивтілік деді.

Иондаушы сәулелендiру ортамен өзара әрекет кезiнде түрлi белгiлердегi иондар түзетiн, зарядталған, зарядталмаған бөлшектер мен фотондардан тұратын сәулелендiру.

«Халықтың радиациялық қауiпсiздiгi туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 23 сәуiрдегi № 219 Заңы. Осы Заң халықтың денсаулығын иондаушы сәулелендiрудiң зиянды әсерiнен қорғау мақсатында оның радиациялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi.

Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң негiзгi принциптерi:

Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң негiзгi принциптерi мыналар болып табылады:

нормалау принципi – иондаушы сәулелендiрудiң барлық көздерiнен азаматтардың сәуле алуының жеке мөлшерiнiң жол берiлетiн шегiнен асырмау;

негiздеу принципi – иондаушы сәулелендiру көздерiн пайдалану жөнiндегi қызметтiң барлық түрiне тыйым салу, бұл орайда алынған пайда адам мен қоғам үшiн табиғи радиациялық ортаға қосымша сәуле алу келтiретiн ықтимал зиян қатерiнен аспайды;

оңтайлыландыру принципi – иондаушы сәулелендiрудiң кез келген көзiн пайдалану кезiнде сәуле алудың жеке мөлшерi мен сәуле алатын адамдар санының экономикалық және әлеуметтiк факторларын ескере отырып, мүмкiндiгiнше төмен және қол жетерлiк деңгейде ұстау;

авариялық оңтайлыландыру принципi – төтенше (авариялық) жағдайларда қолданылатын шаралардың нысаны, ауқымы мен ұзақтығы адам денсаулығына зиянды азайтудың нақты пайдасы араласуды жүзеге асырудан болатын залалға байланысты залалдан барынша көп болатындай етiп оңтайлыландырылуға тиiс.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет