Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры 6В05102- «Биотехнология» Пән циклы атауы және коды



бет3/76
Дата07.01.2022
өлшемі166,91 Kb.
#17099
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76
Байланысты:
ТОКСИКОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ

9. КУРСТЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
9.1.Дәрістер
9.1.1Тақырыбы: Кіріспе.Токсикология негіздері пәні,құрылымы, мақсаты мен міндеттері

Сағат саны – 1 сағат

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1.Токсикология негіздері пәні, мақсаты мен міндеттері

2.Курстың маман дайындаудағы ролі, оның басқа ғылым салаларымен байланысы..

3. Өнеркәсіптік токсикология әдістері

4. Өнеркәсіптік токсикологияның міндеттері

Дәріс тезисі:

Токсикология – (грек тілінен алынған: toxikon - у және logos – оқыту деген мағына береді) – сыртқы ортаның, химиялық факторларының ағзаға зиянды әсерлерінің заңдылықтары жайындағы ғылым Өнеркәсіптік токсикология - өнеркәсіптік улардың ағзаға зиянды әсерлері заңдылықтарын зерттейтін ғылым.

Заманымызға сай токсикологияны шартты түрде, бір-бірімен тікелей байланысты екі үлкен тарауға бөлуге болады: 1) токсикометрия; 2) интоксикация патогенезі.

Токсикометрия – яғни, «уыттылық әсерді өлшеу» алғаш рет 1930-шы жылдары Н.С.Правдин ұсынды және ол уларға сандық сипаттама береді.

Токсикометрияның алдына қоятын тікелей мақсаттары: гигиеналық сараптау, шикізаттар мен өнімдерді гигиеналық стандарттау, сыртқы ортадағы зиянды заттар көлемін шектеу (ШРЕК және т.б.).

Интоксикация патогенезі – организмде удың сіңірілуін, таралуын, метаболизмін, организмнен шығарылуын зерттейді. Сонымен қатар, уланудың биохимиялық және биофизикалық механизмдерін, патологиясын, патоморфологиясын, иммунологиясын зерттейді. Интоксикация патогенезі бойынша зерттеулер денсаулық сақтау тәжірибесінде диагностика және терапия әдістерін әзірлеуде қолданылады. Жаңа өнеркәсіптік заттарға токсикологиялық баға беру және гигиеналық реттеу - ШРЕК-ны бекіту. Қазіргі уақытта жұмыс аймағы ауасындағы 800-ден астам химиялық заттарға ШРЕК бекітілді. Бұл нормалар өнеркәсіптік өндірістерді жобалауда басты дерек болып саналса, өнеркәсіпте санитарлық дәрігер үшін ағымды санитарлық қадағалауда заңды негіз болып есептелінеді. Біздің елімізде гигиеналық реттеу мақсатымен жүргізілетін эксперименттік зерттеулер принципі бір жүйеге келтірілген, оған сәйкес эксперимент – бұл тек бір ғана заттың әсерін зерттеуге мүмкіндік тудыратын өндірістік жағдайдың үлгісі болып табылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет