9.1.2.Тақырыбы: Токсикологияның қысқаша даму тарихы
Сағат саны –1 сағат
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1.Ежелгі кезеңде даму тарихы
2. 20-30-шы жылдарда бұрынғы Кеңес Одағы
3. Токсикологияның Қазақстан Республикасында даму тарихы
Дәріс тезисі:
Өнеркәсіптік токсикологияның дамуы тамырын тереңнен Гиппократ (біздің дәуірге дейін 460-377 жыл), Гален (б.д.д. мөлшермен 130-200 жыл) одан кейін Парацельс (1493-1541), Рамацини (1633-1714) дәуірінен бастайды және ол өндірістік маңызды заттардың адам организміне зиянды әсерлері жайындағы ілімдердің дамуымен тікелей қатысты.
Өткен ғасырдың екінші жартысында және біздің ғасырдың басында өнеркәсіптік зиянды заттардың әсерін эксперименттік жануарларды зерттеу басталды. Россияда бұл істі бастаушы Е.В. Пеликан (1824-1884, 1854) болды.
20-30-шы жылдарда бұрынғы Кеңес Одағы көлемінде: Гендерсон және Хаггард (1930); Штаркенштейн, Поль (1929); Н.С. Правдин (1934) және Н.В. Лазеревтердің өздерінің және аударма жұмыстары басылған монографиялар мен оқулықтары шыға бастады.
Біздің елімізде өнеркәсіптік токсикологияның ірге тасын ғылым ретінде қалаушылар болып Н.В. Лазарев (1895-1973) және Н.С. Правдин (1882-1954) саналады. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында өнеркәсіп пен ауылшаруашылығының жұмысшылар денсаулығына зиянсыз дамуына толықтай мүмкіндіктер жасалынды. Бұл профилактикалық шаралардың орындалуын дамытып қадағалаудың жетістіктері деп айта аламыз.
Өнеркәсіптік токсикологияның мақсаты мен міндеттері көрсетілген (1938) Н.В. Лазаревтің «Өнеркәсіптік токсикология оқулығы» әлі күнге дейін қолданылуда. Ал «Электролиттер еместер» кітабы (1944) органикалық заттарды биологиялық, химиялық, физикалық жүйеге келтірген алғашқы ғылыми туынды. Н.С.Правдин гигиеналық нормалаудың ғылыми негіздерін, химиялық заттарды токсикологиялық бағалау әдістерін әзірле3і
Профилактикалық пәндер арасында өнеркәсіптік токсикология алғашқы орындардың бірін алады, өйткені, химиялық заттың организмге әсерін алдын ала зерттеп, болжап жұмысшыларға зиянсыз еңбек жағдайын ұйымдастыруға мүмкіндік бере алады.
Қазіргі кездегі санитарлық заңнамалар талаптарына сәйкес бірде бір химиялық зат немесе қоспа алдын ала токсикологиялық зерттеулерден өтіп, бағасы берілмей өндіруге және өнеркәсіпте қолдануға рұқсат етілмейді.
Достарыңызбен бөлісу: |