Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры Mat 201 Математика Оқу жылы / семестр 2020- 2021/ Курс


Тақырыбы Функцияның туындысы. Айқындалмаған, параметрлік түрде берілген функциялардың туындылары



бет25/44
Дата24.01.2022
өлшемі1,26 Mb.
#24264
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   44
Тақырыбы Функцияның туындысы. Айқындалмаған, параметрлік түрде берілген функциялардың туындылары.

Сағат саны 1

Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары Функцияның туындысы. Айқындалмаған, параметрлік түрде берілген функциялардың туындылары.
Дәріс тезисі

у=f(x) функциясы (a; b) интервалында анықталсын. Егер ∆у функция өсімшесінің ∆х аргумент өсімшесіне қатынасы бар болса, ∆х→0 ұмтылғанда, бұл қатынастың шегі у=f(x) функциясының х нүктесіндегі туындысы деп аталып, у деп белгіленеді. Функцияның туындысын табу оны дифференциалдау деп аталады.

Функцияны дифференциалдаудың келесі ережелерін қарастырайық:

u және v – х аргументінің функциялары және u, v бар.

1) (u+v)=u+v;

2) (uv)=uv+uv;

3) .

у=f(x) функциясының дифференциалы формуласымен анықталады.

f(x) функциясы (а; b) интервалында өспелі (кемімелі) деп аталады, егер осы интервалдағы кез келген х1 және х2 мәндері үшін x2>x1 теңсіздігінен f(x2)>f(x1) (f(x2)1)) теңсіздіктері орындалса.

Егер f(x) функциясы (а; b) интервалында дифференциалданса және онда f(x)>0 (f(x)<0) шартын қанағаттандырса, онда бұл функция (а; b) интервалында өседі (кемиді).

f(x) функциясы х0 нүктесінде максимум (минимум) иемденеді делінеді, егер х0 нүктесінің (х0-, х0+) аймағы бар болып, осы аймақтағы барлық хх0 үшін келесі теңсіздік орындалса f(x)< f(x0) (f(x)> f(x0)). Функцияның максимум немесе минимум нүктелері экстремумдары деп аталады.

Функцияның берілген кесіндінің шекаралық нүктелеріндегі және кризистік нүктелеріндегі мәндерінің ең үлкені (ең кішісі) сәйкесінше функцияның ең үлкен (ең кіші) мәндері деп аталады.

у=f(x) дифференциалданатын функцияның графигі (а; b) интервалында дөңес (ойыс) деп аталады, егер ол (а; b) интервалының бірінші координатасынан бастап әрбір нүктеде дөңес (ойыс) болса. у=f(x) функциясы графигінің дөңестен ойысқа немесе керісінше ауысу нүктесі иілу нүктесі деп аталады.

Функция графигіне жүргізілетін асимптотаның үш түрі бар:



  1. вертикаль;

  2. горизонталь:

  3. көлбеу.


Әдебиет Байарыстанов А.О «Жоғары математика» 1 бөлім, А., Нур-Принт, 2015 ж.

Өткізу форматы: дәріс-консультация



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет