Білім беру ұйымы: «Зерде» МДДО
Тобы: «Раушан» мектепалды тобы
Балалардың жасы: 5 жас
Жоспардың құрылу кезеңі: наурыз айы , 2023 жыл
Айы
|
Ұйымдастырылған іс-әрекет
|
Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері
|
Наурыз
|
Дене шынықтыру
|
Қимылды ойындар.
Ынта мен шығармашылық таныта отырып, таныс қимылды ойындарды өз бетінше ұйымдастыруға мүмкіндік беру. Ұлттық қимылды ойындарды ойнату. Балаларды жарыс элементтері бар ойындар мен эстафеталық ойындарға қатысуға баулу.
Дербес қимыл белсенділігі
Қимылды ойынның дамуына ықпал ететін әртүрлі құралдар мен спорттық жабдықтары бар ортаны құру. Балалардың құрдастарымен қимылды ойындарды өзбетінше ұйымдастыруына жағдай жасау, олардың жарыстар ұйымдастыруға деген белсенділігін қолдау.
Балалардың дербес қимыл белсенділігін ұйымдастыруда, меңгерген қимыл дағдыларын жетілдіру үшін серуен өткізілетін орынды жабдықтау, ойын алаңында балалардың жүруіне арналған кедергі жолдар жасау.
Қыс мезгілінде мұзды жолдармен сырғанауға, шаңғымен жүруге, хоккей ойындарына, шанамен сырғанауға, ал көктем, жаз мезгілдерінде велосипед тебуге, футбол, бадминтон, баскетбол ойындарына жағдай жасау.
|
Сөйлеуді дамыту
|
Қазақ халқының салт-дәстүрлерімен таныстыруды жалғастыру, «асар», «сүйінші сұрау» дәстүрлерінің мәнін түсіндіру, балаларды бір-біріне көмек қолын созуға, бірлесіп ойнауға, тапсырманы орындауға, бір-бірінің қуанышына ортақтаса білуге, бір-біріне қамқор болуға баулу.
Тілдің грамматикалық құрылымы
Сөйлемдердегі сөздерді: зат есімдерді сан есімдермен және сын есімдерді зат есімдермен үйлестіре білуді жетілдіру.
Түбірлес сөздерді жасау және қолдана білу, етістіктерді жалғаулармен қолдану, сөйлеу әдебін, жай және жайылма сөйлемдерді қолдану дағдыларын қалыптастыру;
Интонациясы бойынша сөйлемдерді (хабарлы, сұраулы, лепті) ажыратып, сөйлегенде қолдана білуді дамыту.
|
Көркем әдебиет
|
Шешендікке, сөз өнеріне баулу, санамақ, жаңылтпаш айту, жұмбақ шешу, айтыс өнеріне баулу.
Сахналық қойылымдарға қатысуға баулу, онда рөлді, сюжетті таңдауда бастамашылық пен дербестік танытуға ынталандыру, белгілі образды сомдауда эксперимент жасауға, түрлендіруге мүмкіндік беру.
|
Сауат ашу негіздері
|
Қолды жазуға дайындау. Жазу кезінде арқаны дұрыс ұстау ережелерімен таныстыру. Жазу парағында бағдарлай білу, жазу жолы мен жоларалық кеңістікті ажырата білуге үйрету.
Жазуды көзбен қадағалай отырып, қаламды немесе қарындашты дұрыс, еркін ұстап, үстінен қатты қысып күш түсірмей, саусақтармен біркелкі жоғарыдан төменге, солдан оңға қимылдарды орындап, сызықтарды үзбей салу
|
Қазақ тілі
|
Қазақ тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді түсінуді және қолдануды үйрету. Қарапайым сұрақтар қоюды және оларға жай сөйлеммен жауап беруді дағдыландыру, диалогке қатысуға үйрету, 2-3 сөйлеммен затты сипаттай білуге баулу.
|
Математика негіздері
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |