Білім беру ұйымы: «Зерде» МДДО балабақшасы
Тобы: «Раушан» мектепалды тобы
Балалардың жасы: 5 жас
Жоспардың құрылу кезеңі: сәуір айы , 2023 жыл
Айы
Ұйымдастырылған іс-әрекет
Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері
Сәуір
Дене шынықтыру
Салауатты өмір салты туралы бастапқы түсініктерді қалыптастыру. Адам ағзасы және оның қызметінің ерекшеліктері туралы түсініктерді кеңейту. Балалардың назарын ағзасы мен денсаулығының ерекшеліктеріне аудару. Салауатты өмір салтының маңызды компоненттері: дұрыс тамақтану, қимылдар, ұйқы және күн, ауа мен су және денсаулыққа зиян келтіретін факторлар туралы түсініктерді кеңейту.
Адамның денсаулығы дұрыс тамақтануға байланысты екені туралы түсініктерді жетілдіру. Адамның денсаулығына гигиена мен күн тәртібінің ықпалы туралы түсініктерді кеңейту. Науқасқа күтім жасау дағдыларын қалыптастыру: оған қамқорлық жасау, шуламау, оның өтініштері мен тапсырмаларын орындау. Науқастарға жанашырлық танытуға тәрбиелеу.
Өзінің көңіл-күйін сипаттай білуге үйрету. Балаларды дені сау адамның мүмкіндіктерімен таныстыру, олардың салауатты өмір салтына деген қажеттілігін қалыптастыру.
Сөйлеуді дамыту
Байланыстырып сөйлеу Айналасындағылармен өздігінен диалогті бастауға ынталандыру, әңгімелесушіні мұқият тыңдап, сұрақтарды дұрыс қоюға және қойылған сұрақтарға қысқаша немесе толық жауап беруге баулу, әңгімелесу кезінде өзін мәдениетті ұстау, әдепті және сабырлы болу.
Негізгі ойды дұрыс жеткізе білу, монологты байланыстырып құра білу, әңгімені бірізді айту, шағын логикалық және хабарлау сипатындағы әңгімелерді құрастыру. Ойыншықтарды, заттарды, сюжеттік суреттер, табиғат құбылыстарын сипаттауда заттар мен нысандардың ерекшеліктерін білдіретін сөздерді дұрыс таңдау, сын есімдер мен үстеулерді қолдану.