Білім беру ұйымының атауы) Қысқа мерзімді (сабақ)



бет5/59
Дата17.09.2023
өлшемі5,63 Mb.
#108321
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59
Байланысты:
9 сынып Жаһандық құзыреттіліктер

Парасаттылық және әдеп

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)




Күні:




Сынып:

Қатысушылар саны:
Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

«Әділ деп соны айтыңыз, турасын қисық бұрмаса» (Шортанбай Қанайұлы)

Сабақтың мақсаты

оқушыларға адалдық пен әділдік туралы түсінік беру;олардың құндылық ретіндегі мәнін ұғындыру.

Құндылықтарды дарыту

Өзіне және айналадағыларға құрметпен қарау, пәнге деген қызығушылығын арттыру.


Сабақтың барысы

Сабақтыңкезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Ой шақыру
Әңгімелесу
Сабақтың тақырыбын ашу үшін оқулықта»Ойланайық,пікірлесейік» атты айдармен берілген мына сұрақтар төңірегінде әңгіме жүргізіледі:
Адал дос дегенді қалай түсініесіңдер?
Әділ болға ұмтылуға адамға не үшін қажет?
Адал болу кез келген адамның қлынан келе ме?
Неліктен?
Әділ болу оңай ма?
Адал болудың ад
Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру

Оқушы өз ойларын ортаға салады.
Оқушы жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу
Оқушы өз болжамдарын айтып, талқылау жүргізеді

ҚБ «Мадақтау сэндвичі»



Тақырыптық суреттер
сілтемеде
суреттер

Сабақтың ортасы

Зерттеу мен талдау
«Оқы,талда,бөліс»-мәтінмен жұмыс
1-топ: Шортанбай Қанайұлы өмірі
2- топ : Шортанбай: «Әділ деп соны айтыңыз, тураны қисық бұрмаса»
ЕБҚ оқушылар маңызды тірек сөздерді жазып алады;
Мәтінмен жұмыс
Әділ деп соны айтыңыз, тураны қисық бұрмаса.
Әділдік — ізгіліктің ірге тасы. “Кімде-кімнің әділдігі жоқ болса, оның ұяты да жоқ” (Абай). Әділдік уақыт ағынында өзгеріп отырады. Оның алғашқы түріне көне қоғамдағы “жазалаушы әділеттілік” деген жатады. “Қанға қан, жанға жан”, талион, кек алу принциптері ілкі санада әділдік саналды. Қылмыс пен жаза,әрекет пен айыптау мәселелері әділдіктің осы түсінігімен түбірлес. Қоғамдағы меншіктік қатынастардың қалыптасуына байланысты жазалаушы әділдіктің орнына оны тепе-теңдік тұрғыдан түсіну алдыңғы қатарға шықты. Қоғамдық байлықты барлығына бірдей үлестіру идеясы әділдік талабына айналды. Бұл ұран желеуімен талай қантөгістер, революциялар, бүліктер жүріп жатты. Әлеуметтік әділетті орнатамыз деген желеумен бір ғасырға жуық коммунистер өз халықтарына бақытсыздық әкелді. Социолизм қоғамы “байлық — бұл әділетсіздік, ол кісіні аздырады, адам неғұрлым кедей болса, оның руханилығы жоғарылай түседі” деген жаңсақ пікірді құлаққа құйып келді. Шын мәнісінде, қабілеті мен білігі тең емес адамдарға мүлікті бірдей үлестіріп беру әділетсіздіктің айқын көрінісіне жатады. Мұндай түсінік әлеуметтік енжарлыққа әкеп соғады. Алайда, әлеуметтік теңдік — өркениетті қоғам құрудың басты шарты.
Пікірің қажет
«Әділ деп соны айтыңыз, тураны қисық бұрмаса? оқушылардың пікірін тыңдау. Оқушылар пікірлерін білдіреді,тұжырым жасайды
IDEA әдісі бойынша ««Әділ деп соны айтыңыз, тураны қисық бұрмаса? » ақынның әділдік тақырыбындағы сөзіне топтар жұмыс жасай отырып,өз ұстанымдарын қорғайды

I-Identify) - мәселенің себептерін анықтау




D (Describe) - сәйкесінше дәлелдерді сипаттау




E (Explain) - осы себептердің мәселеге қалай ықпал еткенін түсіндіру




A (Analyze) - осы себептердің маныздылығына талдау жасау



ЕБҚ: оқушыға тапсырманың нақты бір бөлігін ерекшелеп көрсетіп беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет