Джон Дьюи (1859—1952), ағылшын-американдық философ, прагматизмнің өкілі, білім философиясының негізін қалаушы
Білім беру философиясының объектісі мен пәні
Білім беру философиясының объектісі – бұл мәдениетті трансляциялаудың және адамды әлеуметтендірудің біртұтас жүйесі ретіндегі білім берудің өзі.
Білім беру философиясының пәні – бұл білім берудің мәні, негіздері және қызмет етуінің
детерминанттары ( себептері)
Білім беру философиясының мәселелері және зерттеу бағыттары
Білім беру философиясының мәселелері:
- білім берудің детерминанттары (себептері)
- білім берудің қозғаушы күші және білім беру мазмұнының көзі
- білім беру жүйесінде мұғалім мен оқушының рөлі
- білім берудің генезисі
- білім беру жүйесіндегі әрекет (оқыту, тәрбие беру, технологиялары
Білім беру философиясының бағыттары:
білім берудің онтологиясы
білім беру логикасы
білім беру аксиологиясы
білім беру этикасы
білім беру әдіснамасы
білім беру идеологиясы
Білім беру философиясының екі негізгі проблемалары
1) адам өміріндегі білім берудің алатын орны мен рөлі
2) қоғам өміріндегі білім берудің алатын орны мен рөлі
Ыбырай Алтынсариннің білім беру философиясы
Ыбырай білімге талпынуға, білімдіден үйренуге үгіттейді. «Қазақтардың білімге қолын жеткізетін ең басты құрал – мектеп… қазақ халқының болашағы да мектептермен байланысты»