Білім және ғылым


-сурет. Кейбір полимерлі талшықтардың химиялық құрылымы Көміртекті талшықтар



бет120/146
Дата01.11.2022
өлшемі2,97 Mb.
#46713
түріОқулық
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   146
9.1-сурет. Кейбір полимерлі талшықтардың химиялық құрылымы

Көміртекті талшықтар. Көміртекті талшықтардың қасиеттері бастапқы шикізаттың түріне, алу шарттарына, қысымына, өңдеу ерекшеліктеріне және басқа факторларға байланысты. Көміртекті талшықтардың ерекшелігі олардың тығыздығының төмендігінде. Мұндай талшықтарды негізінен органикалық талшықтардан (полиакрилонитрил және гидратцеллюлоза) алады. Органикалық талшықтарды арнайы жоғары температурада өңдегенде, тотығу және карбондау реакциялары жүреді, яғни кеңістіктік құрылымды көміртек талшықтар алынады. Осы талшықтар жоғары температураға төзімді, сондықтан алынған композициялық материалдар жылу қорғағыш материал ретінде қолданылады.
Полимерлік композициялық материалдар алудың жаңа әдісі екі немесе одан да көп әртүрлі талшықтар (шыны, органикалық, көміртекті) армирлеуге бірге қатысады. Ондай материалдарды
«гибридті» дейді және олардың қолданылу ауқымы кең.
Дисперсті толтырғыштар. Композициялық материалдар алуда ұсақ дисперсті толтырғыштар көп қолданылады: кварц ұнтағы, бор, тальк, каолин, слюда, ұсақталған шыны талшықтар, аэросилдер және т.б. Резеңкені вулкандау үшін күйе қосу ертеден белгілі.
Дисперсті толтырғыштарды таңдауда бірінші кезекте бөлшек- тердің мөлшері мен олардың мөлшер бойынша таралуы тұр. Толтырғыштардың тағы бір маңызды параметрі – меншікті беті. Мұндай толтырғыштардың тиімділігі меншікті бетке байланысты, әсіресе толтырғыштардың беттерінде беттік-активті заттар, беттік модификаторлар және дисперстеуші агенттер адсорбцияланса немесе әрекеттессе. Толтырғыштар бөлшектерінің текшелену сипаты да ерекше рөл атқарады.
Электрөткізгіш толтырғыштар. Полимерлерге жартылай өткізгіштік немесе электрөткізгіштік қасиеттер беру үшін әртүрлі толтырғыштар пайдаланылады. Жартылай өткізгіштік қасиеттерді металл ұнтақтары, графит және техникалық көміртек толтырғыштар береді, ал электрөткізгіш материалдарды алуға тотықпайтын және полимерлерді химиялық ыдыратпайтын күміс, никель және басқа металдар қолданылады.
Полимерлердің электрөткізгіштігі толтырғыштың бөлшектерінің саны мен олардың қаңқада орналасу сипатына және бөлшектераралық жанасу кедергісіне тәуелді. Сонымен қатар, электрөткізгіш полимер мен толықтырғыштың әрекеттесуінің де маңызы зор. Толтырғыштың өткізуші тізбекті құрылымы түзілу үшін толтырғыштардың әрекеттесу энергиясы полимер-полимер арасындағы әрекеттесуші энергиядан жоғары болуы керек.

    1. Байланыстырғыштар жасау мәселелері

Полимерлік композициялық материалдар алу үшін армирлеуші талшықтарды немесе басқа да армирлеуші элементтерді біртұтас материалға полимерлік байланыстырғыштар арқылы желімдеу керек. Ал дисперсті толтырғыштарды полимерге біркелкі етіп енгізу қажет. Байланыстырғыштарға негізгі екі шарт қойылады, біріншісі, олар толтырғыштар беттерінде адгезия максимал болу, екіншісі, өте беріктік. Бірінші шарттың орындалуы біртұтас және беріктігі күшейтілген материал алуға мүмкіндік береді, ал екіншісі, армирлеу- ші талшықтардың арасына күштің бірдей түсуін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, композициялық материалдар алудың технологиялық үдерістерін жүргізу үшін байланыстырғыштарға қосымша шарт қойылады.





O O
O O CH2 CH O C C CH3
O

CH CH C


O CH2 CH CH3

Полиэфир





CH CH2
CH CH2

CH2


CH CH2 N

Стирол Дивинилбензол 2-винилпиридин

H2C
C2H

HC


HC
H2C
H2C O
C
N N
C C
O N O
CH2 CH
CH2

Триаллилцианурат




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет