Білім және ғылым



бет1/146
Дата01.11.2022
өлшемі2,97 Mb.
#46713
түріОқулық
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   146
Байланысты:
ergojin-polimerlerdin


ҚАзАҚстАн ресПубликАсы білім және ғылым министрлігі

е. е. ерғожин, м. Қ. Құрманәлиев


ПОлимерлердің физикАсы мен химиясы


Оқулық


Алматы, 2012

ББК
Е
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығы бекіткен


Пікір жазғандар:
химия ғылымдарының докторы, профессор Н. А. Бектенов; химия ғылымдарының докторы, профессор С. М. Тәжібаева; химия ғылымдарының докторы, профессор О. Ә. Алмабеков.
Е. Е. Ерғожин, М. Қ. Құрманәлиев
Е Полимерлердің физикасы мен химиясы: Жоғары оқу орындары студенттеріне арналған. Оқулық. Алматы, 2012, 392 бет.
ISBN
Оқулықта жоғары молекулалық қосылыстардың құрылысы, алыну жолдары, физикалық және физика-химиялық қасиеттері қарастырылған. Полимерлерді өңдеу, пайдалану және бұзылу кезінде жүретін физикалық- химиялық үдерістердің рөлі көрсетілген. Арнайы қасиеттерге ие полимерлер мен жоғары молекулалық қосылыстар ғылымындағы соңғы жетістіктер мен жаңа бағыттарға ерекше назар аударылған.
Оқулық жоғары оқу орындарының студенттеріне, магистранттарына және ғылыми қызметкерлерге арналған.

ISBN
ӘОЖ ББК
© Е. Е. Ерғожин, М. Қ. Құрманәлиев,
2012
© ҚР Жоғары оқу орындарының қауымдастығы, 2012

Алғы сөз


Халық шаруашылығының жетекші салаларындағы ғылыми- техникалық прогресс қазіргі полимерлік материалдарсыз мүмкін емес. Полимер пайдаланылмайтын жер кемде-кем. Бұл жерде алды- мен конструкциялық пластмассалар, композиттер, нанокомпозиттер, синтездік шайырлар мен талшықтар, лактар мен бояулар, каучук пен резеңкелік бұйымдар сияқты полимерді атауға болады. Полимерлерді қолданудың арқасында жаңа мәшинелер мен жабдықтар жасап, жетілдіруге, оларды өндіру мен пайдалануға кететін шығынды азайтуға, бағалы табиғи материалдарды, әсіресе қара және түсті металдар мен олардың қорытпаларын үнемдеуге мүмкіндік туды.


Полимерлерге ерекше назар аудару, соларға арналған көптеген ғылыми еңбектер, синтездік полимерді өнеркәсіпте өндірудің ауқым- ды көлемдері олардың таңғажайып физикалық-химиялық қасиеттері- не негізделген. Демек, полимер туралы ғылым химияның, физиканың және механиканың заңдылықтарымен тығыз байланысты.
Сондықтан «Полимерлердің физикасы мен химиясы» осы салада жоғары білім беретін мамандықтар үшін негізгі оқу пәндерінің бірі болып саналды. Оқулық «Органикалық заттардың химиялық технологиясы», «Бейорганикалық заттардық химиялық технологиясы», «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы», «Текстиль материалдарының технологиясы мен жобалануы» т.б. химиялық-технологиялық мамандықтар студенттеріне арналған.
Оқулықта жоғарғы молекулалық қосылыстарды синтездеудің негізгі екі әдісі: полимерлену және поликонденсациялану жан- жақты қарастырылған. Полимерлерді синтездеу механизмі мен реакциялардың кинетикасына баса назар аударылған. Полимерлердің химиялық реакциялары, олардың жіктелуі мен химиялық түрлену мүмкіндіктері, реакциялардың жүру заңдылықтары мен ерекшеліктері келтірілген.
Полимерлердің құрылымы, фазалық және физикалық күйлері, механикалық, жылу физикалық және электрлік қасиеттеріне, адгезиялық құбылыстарға айрықша көңіл бөлінген. Полимерлер ерітінділерінің ерекшеліктері, термодинамикалық сипаты баяндалған. Полимерлерге алуан түрлі қасиет беруде қолданылатын әдістер,
3
атап айтсақ толтыру, пластификациялау, газбен толтыру мәселесі талқыланған.
Соңғы кезде қолданысқа енген аса маңызды полимерлік қоспалар, гельдер мен ионалмастырғыштар туралы мәліметтер берілген.
Оқулықты талқылау кезінде құнды пікір айтқан рецензенттер химия ғылымдарының докторлары, профессорлар Н. Ә. Бектеновке, С. М. Тәжібаеваға және О. Ә. Алмабековке алғыс айтуды өзімізге борыш санаймыз. Оқулықты баспаға дайындауда үлкен көмек берген химия ғылымдарының кандидаты Б. Қ. Діністановаға алғысымызды айтамыз. Кітап туралы ой-пікірлерді айтқан оқырмандарға алдын ала ризашылығымызды білдіреміз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет