Білудегі заттар мен құбылыстар



бет1/2
Дата06.02.2023
өлшемі19,68 Kb.
#65439
түріҚұрамы
  1   2
Байланысты:
бастауыш сынып тіл дамыту


 «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңында мектеп жасындағы балаларды отбасында, мектепке дейінгі ұйымдарда не мектепте, дайындық тобында бағдарламаға сай дайындықтан өткізу міндеті көзделген.
Мектеп жасындағы балаларды сөйлеуге үйретудегі басты мақсат – сөздік қорды байыту. Балалардың күнделікті өмірде қолданатын сөздерінің құрамына жаңа сөздердің мағынасын түсіндіре отырып , олардың сөздік қорын молайту көзделеді. Қоршаған ортаны танып-білудегі заттар мен құбылыстар, адамдар өмірі мен тіршілігі, табиғат құбылыстарының ерекшелігі мен өзгерістеріндегі жаңа сөздерді меңгертіп отыру басты міндет болып табылады.
Оқушылардың тілін дамыту негізінде баланың сөздік қорын дамыту, жаңа сөздермен таныстырып, ойын дұрыс, жүйелі айтып беруге, сөйлей білуге үйретуді мақсат тұтамыз. Осы үш процесті күнделікті өтілетін грамматикалық тақырыппен байланысты, біртұтас жүргізіп отыру нәтижесінде тіл дамыту жұмысы мақсатына жетеді. Оқушылардың тілін дамыту барысында сөздерден сөз тіркесін, сөз тіркесінен сөйлем, сөйлемнен күрделі ой, күрделі ойдан әңгіме, шығарма құрастыруға дейін сөздерді өзара байланыстырып, ойды жүйелеп айтуға, айтқанын жазбаша түрде жеткізе білуге дағдыландыру жолындағы әдістерді қажет етеді.
Бастауыш білім – білімнің негізі қаланатын үздіксіз білім берудің алғашқы cатысы. Ал жас ұрпақтың ұлттық санасын оятып, тілін дамыту оқу-тәрбие ісіндегі басты мәселе.
Әр ұлттың, әр халықтың дәстүрлі ойлау машығы, қабылдау ерекшеліктері болады. Өз заманында қазақ халқының жан табиғатын жақсы ұғынған М.Жұмабаев: «Жаратылыстану құшағында, меруерт себілген көк шатырдың астында, хош иісті жасыл кілем үстінде, күнмен бірге күліп, түнмен бірге түнеріп, желмен бірге жүгіріп, алдындағы малымен бірге өріп, сары сайран далада тұрып өсетін қазақ баласының қиялы жүйрік, өткір, терең болуға тиіс»,- деген еді.
Ол кезеңнен бері халқымыздың өмірі, тұрмыс-салты, кәсібі мүлде өзгерді. Алайда ұлттық ойлау машығымыз, дүниені қабылдау ерекшеліктеріміз тіліміз арқылы сақталып қалды. Демек, бастауыш сыныпта тіл дамыту жұмыстары ана тіліміздің өзіндік ерекшелігі ескеріле отырып жүргізілуі қажет. Яғни бастауыш сыныпта тіл дамыту жұмыстарын жүргізу әдістемесінің өзіне тән психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерінде ескеруіміз қажет.
Тіл дамыту жұмыстарына қатысты психологиялық ерекшеліктердің бірі – балалар психикасындағы ойлау машығындамыту болып табылады. Сөздің өзі бейнелейтін заттан бөлектеніп, балалар санасында абстракцияланып, үйреншікті ұғымға айналу дағдысы балалар психикасында мектепке келмей тұрып та пайда болатыны белгілі. Алайда, мектеп өмірі, әсіресе, сауат ашу барысында осы дағдының қауырт жетілуін талап етеді. Оқушылар енді тек өздері бұрын көрген немесе бірнеше рет қайталанған үйреншікті ұғымдарды (заттарды, құбылыстарды, оқиғаларды) т.б. сөз түрінде ғана қабылдап қоймай, өздері бұрын көрмеген дүниелер мен қимылдардың атауларын, сапаларын т.б. білдіретін сөздерді оқуды және жазуды меңгеріп, естерінде сақтауға мәжбүр болады, әрі мұндай сөздер әр сабақ сайын кездеседі. Осы жағдайда, мұғалім оқушыларға жаңа сөздердің мағыналарын меңгерту барысында ол мағыналардың ұғым түрінде балалар психикасында абстракциялану механизмін жақсы білуі қажет. Атап айтқанда, жаңа сөздердің мағыналарын суреттер арқылы ұғындыру, бейнелеп көрсету немесе балалардың көз алдына елестететіндей әсерлі түсіндіре білу әдістері мұғалімнен ерекше шеберлікті талап етеді.
Жаңа сөз мағыналарын меңгерту, балалардың тілін дамыту барысында ұқсату, салыстыру-топтау тәрізді ойлау дағдыларының көмегі көп болатыны белгілі. Мысалы, «қымыз» сөзі оның дәмін татып көрген бала санасында «сүт» сөзімен ұқсастырылуы табиғи жағдай. Немесе «алыс», «жақын», «биік», «аласа» сөздерінің мәні салыстырыла алынғанда балалар есінде ұзақ сақталады. Тіпті, қызыл, қызғылтым, қызғыш сөздерінің реңктерінде балалар салыстыру барысында ұғады. Сондай-ақ, оқушылардың сөздік қорындағы шашыраңқы ұғымдар оларды белгілі бір белгілеріне орай топтастырған кезде жүйелене түседі.
Бастауыш мектепте тіл дамыту, қазақ тілін оқыту әдістемесінің негізін қалаған А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Т.Шонанов, Ғ.Бегалиев сияқты ғалымдардың еңбегі құнды. Әдіскер ғалым М.Қ.Жұбанова «Мектепте сауат ашудың методикасы» — деген тақырыпты зерттеу нысаны еткен. «Тіл ұстарту», «тіл ширату», «тіл дамыту» секілді терминдердің мағынасын алғаш ашып көрсеткен ғалым-профессер С.Р.Рахметова болатын. Ол «Бастауыш 1-сынып оқушыларының жазу тілін дамыту» мәселесін зерттеп, бастауыш мектеп оқушыларының тілін дамыту әдістемесінің негізін қалады. Осы іргелі еңбектің нәтижесінде қазақ мектебіндегі оқыту әдістемесін, оның ішінде оқушылардың тілін дамыту әдістемесін зерттеушілердің өзіндік мектебі қалыптаса бастады. Әдіскер ғалымдар өз еңбектерінде біздің қарастырып отырған обьектімізге қатысты құнды пікірлер айтты.
Оқушының ауызша сөйлеу тілін дамытудың бастауыш сыныпта оқытылатын барлық пәндерге қатысы бар. Сондықтан оқушының сөздік қорын байыту, сөйлеу, жазу тілін дамытуға жауапкершілікпен қараған дұрыс.
Ауызша тіл дамыту әдістері мынадай жүйеде жүргізіледі:



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет