Түсінік хат «Қазақ тіл» пәні бастауыш мектепте гуманитарлық білім берудің бастапқы өзегі болып табылады. Бастауыш мектепте «Қазақ тілі»



бет1/16
Дата27.11.2023
өлшемі157,54 Kb.
#129620
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

Қазақ тілі


Түсінік хат

«Қазақ тіл» пәні бастауыш мектепте гуманитарлық білім берудің бастапқы өзегі болып табылады. Бастауыш мектепте «Қазақ тілі» пәнін оқытудың мақсаты – сөйлеу әрекетінің түрлерін: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылымды дамыту арқылы тіл туралы бастапқы білімді меңгерту және оны тілдік нормаларды сақтай отырып, оқу әрекеті мен күнделікті өмірдеқолдану.


Оқу жүктемесінің көлемі:
4-сыныпта – аптасына 4 сағаттан, оқу жылында – 136 сағатты құрайды.
«Қазақ тілі» пәнін оқытуда педагогикалық тәсілдемелер мен технологияларды қолдануға болады:
1) оқытудың коммуникативтік (қарым-қатынастық) тәсілдемесі – әрекеттік тәсілдеме (сөйлеу әрекетінің түрлері бойынша дамыту);
2) дамыта оқыту технологиясы (білім алушылар оқу әрекетінің жүйесін игереді, өзінің іс-әрекетін жоспарлауды және оны басқаруды үйренеді);
3) зерттеушілік тәсілдеме (білім алушылар «нені білемін?, нені білгім келеді?, нені үйрендім?» тұрғысынан өз әрекетін талдауға үйренеді);
4) саралап оқыту технологиясы (білім алушыларды қабілетіне, мүмкіндігіне, ерекшелігіне қарай оқыту міндетін қою);
5) жүйелі-әрекеттік тәсілдеме (білім алушы білімді дайын күйінде алмай, оны өзі өндіруден, өз оқу әрекетінің мазмұны мен түрлерін ұғынудан, оның ережелер жүйесін түсіну мен қабылдаудан, жетілдіруге белсенді қатысудан тұрады).
Пән бойынша 2-4-сыныптардағы жазба жұмыстарының көлемі келесі кестеде көрсетілген.
«Қазақ тілі» пәні бойынша жазба жұмыстарының түрлері және көлемі:



Жазба жұмыстарының түрлері

2-сынып

3-сынып

4-сынып

Сөздік диктант

5-7 сөз

9-12 сөз

12-15 сөз

Диктант

25-30 сөз

35-50 сөз

55-70 сөз

Көшіру

25-30 сөз

35-50 сөз

55-70 сөз

Мазмұндама

40-60 сөз

60-80 сөз

80-100 сөз

Шығарма

25-35 сөз

35-55 сөз

65-70 сөз

Ұсынылған жазба жұмыстарының түрлерін қалыптастырушы және жиынтық бағалау жұмыстары ретінде жүргізуге болады. Мұғалім жазбаша жұмыстарды өткізуде дескрипторлары бар критерийлер құрастырады. Жазбаша жұмыстардың дескрипторлары анық және нақты болуы тиіс. «Қазақ тілі» пәні бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны





Сыныптар

Бөлімдер/ортақ тақырыптар бойынша
жиынтық бағалау рәсімдерінің саны

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

4-сынып

2*

2*

2*

2*



*Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауда сөйлеу қызметінің екі түрі біріктіріледі (мысалы, тыңдалым және айтылым; оқылым және жазылым)




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет