Биохимия кафедрасы


механизмі. Ферменттердің белсенділігіне әсер ететін факторлар. Ферменттердің әсерін



Pdf көрінісі
бет38/76
Дата02.03.2023
өлшемі1,47 Mb.
#71048
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   76
механизмі. Ферменттердің белсенділігіне әсер ететін факторлар. Ферменттердің әсерін 
тежеу түрлері. Ферменттердің жіктелуі мен номенклатурасы
 
Өзіндік дайындыққа арналған сұрақтар мен олардың жауаптары: 
1. Ферменттер, анықтамасы. 
Ферменттер- табиғаты белоктық заттар болып келетін биологиялық катализаторлар, олар 
жануар ағзасындағы биохимиялық реакциялар-ды жылдамдатады, немесе тежейді. 
2. Ферменттердің әсер ету жағынан бейорганикалық катализаторлар-мен 
ұқсастықтары: 
1) Фермент пен бейорганикалық катализаторлар активтену энергиясын төмендетеді
2) Фермент пен бейорганикалық катализаторлар энергетикалық мүмкіндігі бар 
реакцияларды ғана тездетеді; 
3) Фермент пен бейорганикалық катализаторлар реакциялардың бағытын, тепе- теңдігін 
өзгертпейді, тек оның тепе- теңдікке жетуін тездетеді; 
4) Фермент пен бейорганикалық катализаторлар реакция кезінде жұмсалмайды және 
өнімнің құрамына кірмейді. 
3. Ферментативтік катализдің механизмі. 
Ферменттің үш әсер ету сатысын айқын көрсетуге болады: 
1) фермент- субстрат комплексінің түзілуі; 2) фермент- субстрат ком-плексінің фермент- 
өнім комплексіне айналуы; 3) фермент- өнім комплексінің фермент пен өнімге ыдырауы. 
4. Ферменттердің жалпы қасиеттері. 
Ферменттердің жалпы қасиеттері сонымен қатар олардың бейорганика-лық 
катализаторлардан айырмашылықтарын да көрсетеді. 
- ферменттердің табиғаты белоктық болғандықтан, олар белоктың он түрлі қасиеттерін 
көрсетеді; 
- ферменттердің құрылысы өте күрделі; 
- ферменттер өте жоғары субстраттық және абсолюттік арнайылықты көрсетеді; 
- ферменттер өте жоғары биологиялық белсенділікті көрсетеді, ол ферменттің субстратқа 
деген ынтықтығынан туады және олар активтену энергиясын өте қатты төмендетеді. 
ферменттің белсенділі-гінің өлшем бірлігі – катал; 
- ферменттер өте жайлы жағдайда әсер етеді


59 
- ферменттер – белсенділіктері реттелетін катализаторлар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет