Биохимия кафедрасы


витамині (кобаламин, антианемиялық витамин), химиялық табиғаты



Pdf көрінісі
бет65/76
Дата02.03.2023
өлшемі1,47 Mb.
#71048
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   76
12
витамині (кобаламин, антианемиялық витамин), химиялық табиғаты
биологиялық маңызы, авитаминоздары, табиғатта таралуы, тәуліктік қажеттілігі. 


93 
Химиялық табиғаты. В
12
витамині басқа витаминдерден құрылысының күрделілігімен 
және молекуласында металл ионы – кобальттың болуымен ерекшеленеді. Кобальт 
порфиринтәрізді (коррин ядросы деп аталады) структураның құрамындағы 4 азот атомымен 
және 5,6-диметилбензимидазолдағы азот атомымен координациялық байланыс арқылы 
байланысқан. 
Биологиялық ролі. Осы уақытқа дейін В
12
витамині арқылы реттелетін 15 шақты реакция 
белгілі, солардың тек екеуі сүтқоректілердің жасушаларында жүреді: 
✓ Метил В
12
- гомоцистеиннен метиониннің түзілуіне қатысатын кофермент. Сонымен 
қатар метил В
12
ДНҚ мен РНҚ-ң алғы заты – нуклеотидтер синтезіне қажет фоль қышқылының 
қатысуымен жүретін үрдістерге жағдай жасайды. 
✓ -Дезоксиаденозилкобаламин коферменті ретінде тақ санды көміртек атомы бар май 
қышқылдарының және тармақталған тізбекті амин қышқылдарының метаболизміне қатысады. 
Авитаминозы. Жануарлар тіндерінде В
12
витаминінің жеткіліксіздігі Каслдың ішкі 
факторының синтезінің бұзылуымен байланысты. Касл факторы асқазанның кілегей 
қабатында түзіледі, химиялық табиғаты жағынан гликопротеин, кальций иондарының 
қатысуымен В
12
витаминімен байланысып, оның ішекке сіңірілуіне әсер етеді. 
Авитаминозының негізгі белгісі: моноцитарлық (мегалобласттық) анемия. Бұл аурудың негізгі 
белгілері: қанда үлкен эритроциттердің болуы, эритроциттер санының азаюы, гемоглобин 
концентрациясының төмендеуі. Қан жасушаларының бұзылуы ең алдымен қан жасау 
жүйесінің тез бөлінетін жасушаларындағы нуклеин қышқылдарының алмасуының, соның 
ішінде ДНҚ синтезінің бұзылуымен байланысты. В
12
витаминінің авитаминозына жүйке 
жүйесіндегі бұзылыстар тән, бұл тақ санды көміртек атомы бар май қышқылдары ыдыраған 
кезде жиналған метилмалонил қышқылының улылығымен, тармақталған амин қышқылы 
жиналуымен түсіндіруге болады. 
Табиғатта таралуы. В
12
витаминін жануарлар да, өсімдіктер де синтездей алмайды. Бұл 
– микроорганизмдер: бактериялар, актиномицеттер және көкжасыл балдырлар синтездейтін 
бірден-бір витамин. Жануарлардың тіндерінде бауыр мен бүйрек В
12
витаминіне бай.
13. Н витамині (биотин, антисебореялық, коэнзим R, химиялық табиғаты, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет