93
Химиялық табиғаты. В
12
витамині басқа витаминдерден құрылысының күрделілігімен
және молекуласында металл ионы – кобальттың болуымен ерекшеленеді. Кобальт
порфиринтәрізді (коррин ядросы деп аталады) структураның құрамындағы 4 азот атомымен
және 5,6-диметилбензимидазолдағы азот атомымен координациялық
байланыс арқылы
байланысқан.
Биологиялық ролі. Осы уақытқа дейін В
12
витамині арқылы реттелетін 15 шақты реакция
белгілі, солардың тек екеуі сүтқоректілердің жасушаларында жүреді:
✓ Метил В
12
- гомоцистеиннен метиониннің түзілуіне қатысатын кофермент. Сонымен
қатар метил В
12
ДНҚ мен РНҚ-ң алғы заты – нуклеотидтер синтезіне қажет фоль қышқылының
қатысуымен жүретін үрдістерге жағдай жасайды.
✓ -Дезоксиаденозилкобаламин коферменті ретінде тақ санды
көміртек атомы бар май
қышқылдарының және тармақталған тізбекті амин қышқылдарының метаболизміне қатысады.
Авитаминозы. Жануарлар тіндерінде В
12
витаминінің жеткіліксіздігі Каслдың ішкі
факторының синтезінің бұзылуымен байланысты. Касл
факторы асқазанның кілегей
қабатында түзіледі, химиялық табиғаты жағынан гликопротеин, кальций иондарының
қатысуымен В
12
витаминімен
байланысып, оның ішекке сіңірілуіне әсер етеді.
Авитаминозының негізгі белгісі: моноцитарлық (мегалобласттық) анемия. Бұл аурудың негізгі
белгілері: қанда үлкен эритроциттердің болуы, эритроциттер санының азаюы,
гемоглобин
концентрациясының төмендеуі. Қан жасушаларының бұзылуы ең алдымен қан жасау
жүйесінің тез бөлінетін жасушаларындағы нуклеин қышқылдарының алмасуының,
соның
ішінде ДНҚ синтезінің бұзылуымен байланысты. В
12
витаминінің авитаминозына жүйке
жүйесіндегі бұзылыстар тән, бұл тақ санды көміртек атомы бар май қышқылдары ыдыраған
кезде жиналған метилмалонил қышқылының улылығымен, тармақталған амин қышқылы
жиналуымен түсіндіруге болады.
Табиғатта таралуы. В
12
витаминін жануарлар да, өсімдіктер де синтездей алмайды. Бұл
– микроорганизмдер: бактериялар, актиномицеттер және көкжасыл
балдырлар синтездейтін
бірден-бір витамин. Жануарлардың тіндерінде бауыр мен бүйрек В
12
витаминіне бай.
13.
Н витамині (биотин, антисебореялық, коэнзим R, химиялық табиғаты,
Достарыңызбен бөлісу: