Биохимия кафедрасы


Ферменттер. Ферменттердің жалпы қасиеттері. Ферменттердің әсер ету



Pdf көрінісі
бет38/79
Дата20.10.2023
өлшемі1,68 Mb.
#119857
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   79
Ферменттер. Ферменттердің жалпы қасиеттері. Ферменттердің әсер ету 
механизмі. Ферменттердің белсенділігіне әсер ететін факторлар. Ферменттердің әсерін 
тежеу түрлері. Ферменттердің жіктелуі мен номенклатурасы
 
Өзіндік дайындыққа арналған сұрақтар мен олардың жауаптары: 
1. Ферменттер, анықтамасы. 
Ферменттер- табиғаты белоктық заттар болып келетін биологиялық катализаторлар, олар 
жануар ағзасындағы биохимиялық реакциялар-ды жылдамдатады, немесе тежейді. 
2. Ферменттердің әсер ету жағынан бейорганикалық катализаторлар-мен 
ұқсастықтары: 
1)
 
Фермент пен бейорганикалық катализаторлар активтену энергиясын төмендетеді; 
2) Фермент пен бейорганикалық катализаторлар энергетикалық мүмкіндігі бар 
реакцияларды ғана тездетеді; 
3) Фермент пен бейорганикалық катализаторлар реакциялардың бағытын, тепе- теңдігін 
өзгертпейді, тек оның тепе- теңдікке жетуін тездетеді; 
4) Фермент пен бейорганикалық катализаторлар реакция кезінде жұмсалмайды және 
өнімнің құрамына кірмейді. 
3. Ферментативтік катализдің механизмі. 
Ферменттің үш әсер ету сатысын айқын көрсетуге болады: 
1)
фермент- субстрат комплексінің түзілуі; 2) фермент- субстрат ком-плексінің фермент- 
өнім комплексіне айналуы; 3) фермент- өнім комплексінің фермент пен өнімге ыдырауы. 
4. Ферменттердің жалпы қасиеттері. 
Ферменттердің жалпы қасиеттері сонымен қатар олардың бейорганика-лық 
катализаторлардан айырмашылықтарын да көрсетеді. 
-
ферменттердің табиғаты белоктық болғандықтан, олар белоктың он түрлі қасиеттерін 
көрсетеді; 
-
ферменттердің құрылысы өте күрделі; 
-
ферменттер өте жоғары субстраттық және абсолюттік арнайылықты көрсетеді; 
-
ферменттер өте жоғары биологиялық белсенділікті көрсетеді, ол ферменттің 
субстратқа деген ынтықтығынан туады және олар активтену энергиясын өте қатты 
төмендетеді. ферменттің белсенділі-гінің өлшем бірлігі – катал; 
-
ферменттер өте жайлы жағдайда әсер етеді; 
-
ферменттер – белсенділіктері реттелетін катализаторлар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет