«Биология, география және химия» ббб


Класс:NEMATODA-Нағыз жұмыр құрттар



бет28/107
Дата19.10.2023
өлшемі9,49 Mb.
#119368
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   107
Класс:NEMATODA-Нағыз жұмыр құрттар
1.1. Нағыз жұмыр құрттар кластың жалпы сипаттамасы. 1.2.Кластың систематикасы.
1.3.Экологиясы. 1.4.Құрылысы мен дамуының ерекшіліктері. 1.5.Маңызы.
ЖҰМЫР ҚҰРТТАР немесе АЛҒАШҚЫ ҚУЫСТЫ ҚҰРТТАР ТИПІ -NEMATHELMІNTHES немесе ASHELMІNTHES
Жұмыр құрттардың көптеген түрлері теңіздер мен мұхиттарда, тұщы су­ларда, топырақта қозғалып өз бетімен тіршілік етсе, біразы өсімдіктер мен жануарлардың, адамның паразиттері. Бұлардың планета биосферасында кездеспейтін ортасы жок. Сондықтан бұлар космополиттік топ болып табылады.
Типтің негізгі сипаты: денесі бөлшектенбеген (сегменттелмеген); зәр шығару жүйесі дамымаған, зәрді денеден тері бездері шығарады, немесе протонефридияльды; қан айналу және тыныс алу жүйесі дамымаған; ас қорыту жүйесінде артқы ішегі және аналь тесігі дамыған; нерв жүйесі ортогонды, сезім мүшелері нашар дамыған; дара жыныстылар, жыныс жүйесінің құрылысы өте қарапайым.
Жұмыр құрттар типі 5 класқа бөлінеді:

  • НАҒЫЗ ЖҰМЫР ҚҰРТТАР КЛАСЫ - NEMATODA АДЕНОФОРЕА КЛАСС ТАРМАҒЫ - ADENOPHOREA СЕЦЕРНЕНТТЕР КЛАСС ТАРМАҒЫ - SECERNENTEA

  • ҚҰРСАҚ КІРПІКШЕЛІЛЕР КЛАСЫ - GASTROTRІCHA

  • КИНОРИНХАЛАР КЛАСЫ - KІNORHYNCHA

  • ТҮКТІ ҚҰРТТАР КЛАСЫ - NEMATOMORPHA

  • КОЛОВРАТКАЛАР КЛАСЫ - ROTATORІA



НАҒЫЗ ЖҰМЫР ҚҰРТТАР немесе НЕМАТОДТАР КЛАСЫ - NEMATODA
Нематодтар түр саны жағынан (27000-нан астам), кеңістікке таралуы сипаты жағынан да ең жоғары тұрған топ. Бұлардың бүкіл әлемде кездеспейтін ортасы жоқ. Мұхиттар мен теңіздер түбінде, тұщы суларда, топырақ арасында еркін қозғалып тіршілік етсе, паразиттік түрлері өсімдіктер мен жануарлардың барлық мүшелерінде кездеседі. Құстар мен насекомдардың паразиті ретінде олар ауа қабатын да меңгерген деп айтуға болады. Айналамызда жүріп жатқан шіру процесінің барлығы осы нематодтардың қатысуы арқылы жүреді.
Құрылысы мен физиологиясы. Нематодтардың дене мөлшері мен формасы (пішіні) эволюция барысында түрлі тіршілік орталарына бейімделу нәтижесінде (бентос қабатында сырғуға, суда жүзуге, топырақ арасына енуге) қалыптасқан.
Грек тілінде "nematos" - жіп деген мағынаны білдіреді. Бұлардың денесі жіп тәрізді созылыңқы, цилиндр немесе ұршық тәрізді болып, ұштарына қарай сүйірлене түседі.
Еркін тіршілік ететін нематодтар ұсақ, ұзындығы 1 миллиметрге әзер жетеді, ал паразит түрлері әжептәуір ұзын болады. Мысалы: жылқы аскаридасының (Parascarіs eguorum) ұзындығы 37 см, Placentonema gіgantіssіma-ның 8 метр. Денесінің алдыңғы ұшында ауызы, артқысында аналь тесігі орналасқан және денесін бойлай төрт жолақ (екеуі бүйірінен, екеуі арқа және құрсақ бөлімдерінің ортасынан) таралымдар өтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет