Қазақ сыныптарына арналған олимпиада тапсырмалары
Толық ұпай саны: 70 балл
1-кезең
8-сынып
1-тапсырма. Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіз.
Жақсылардың жақсысы
Баяғыда бір адам бірнеше бөлмелі жарық, биік, өте әсем үйде тұрыпты. Үйдің айналасы бау-бақша екен. Бір күні оның кішкентай қызы бақшаны, барлық бөлмелерді аралайды. Кірмеген жалғыз ғана бөлме қалыпты. Ол ылғи да жабық тұрады екен. Сонда әкесіне қызы: «Әке, мағанжабық тұрған бөлмеге кіруге рұқсат етіңіз. Осы бөлме басқа бөлмелерге қарағанда жақсы ғой деп ойлаймын», – деді. «Оның дұрыс, қызым. Жақсылардың ең жақсысы сонда. Бірақ сен әлі жассың, өскенде бұл бөлмені саған берем»,-деді әкесі. Қыз есейіп, бойжеткен атанады. Әкесі қызына жабық бөлменің кілтін береді. Қыз есікті ашқанда, тек ұршық пен кітапты көреді. Қыз әкесіне:«Әке, сен жабық бөлмеде жақсылардың жақсысы бар деген едің. Мен ұршық пен кітаптан басқа ештеңе таппадым»,- дейді. «Міне, жақсылардың жақсысы деген – осылар, қызым! Ұршық болса, өнерің жанады. Ал кітап оқысаң, білімің артады. Жарық дүниеде бұлардан жақсы нәрсе жоқ. Дүниедегі мүліктің бәрі еңбекпен, өнермен, біліммен табылады», - деп түсіндірді әкесі.
А) Негізгі ой айтылған сөйлем - ......................................................................................................................................................................................................................................................................................................
Б) Мәтіннің негізгі идеясына қарама-қарсы мағынадағы мақал–мәтел - ..............................................................................................................................................
В) Кейіпкердің назарын өзіне аудару мақсатында қолданылған сөзі бар нұсқа - .............................................................................................................................................
Г) Мәтіндегі «жақсылардың жақсысы» - .......................................................................
Д) Мәтінде кездесетін адамның жас атауы – ................................................................
1) Мәтін мазмұнын меңгеруі, ой тереңдігі – 5 ұпай;
2) Әдеби материалды пайдалану деңгейі – 5 ұпай;
3) Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беруі – 5 ұпай;
5) Емле (орфография) – 5 ұпай.
2-кезең (эссе)
1) Эссенің мазмұны, ой тереңдігі – 10 ұпай;
2) Әдеби материалды пайдалану деңгейі – 10 ұпай;
3) Эссенің жазылу стилі мен тілі – 10 ұпай;
4) Тыныс белгілері (пунктуация) – 10 ұпай;
5) Емле (орфография) – 10 ұпай.
1. Денсаулық – зор байлық
2. Тәуелсіздік –мәңгілік елдің ғұмыры
3. Ұлт ұстазы - Ы. Алтынсарин
Достарыңызбен бөлісу: |