Биологияны және жаратылыстануды оқыту пәндері ретінде мақсаттары мен міндеттері



бет4/4
Дата16.02.2022
өлшемі31,93 Kb.
#25703
1   2   3   4
3.       Таңдап алынған сабақ құрылымын және әдістерін негіздеу.

Егер бұл үйреншікті кұрастырылған сабақ болса, онда сұраудың, жаңа материалды түсіндірудің, бекітудің, корытындылаудың, үйге тапсырма берудің ретін негіздеңіз. Сабактың максаты, типі және кезеңдері арасындағы өзара байланысты анықтаңыз.

Сізге жоспарланған сабақ құрылымын сактау мүмкін болды ма? Егер болмаса, ол не себепті?. Өткен сабақты қайталау кезінде курстың жетекші идеяларын калыптастыруды жалғастыру жүрді ме, немесе кайталауды ұйымдастыру тек еске түсіру деңгейінде болды ма?.

Жаңа материалды игеру барысында ұғымдарды қалыптастырудың кезеңдерінің негізгі ережелерін қалай қолдандыңыз?. Сабақта пән аралык байланысты жүзеге асыру мүмкіндігі болды ма?. Сіз оны калай жүргіздіңіз?.

Оқылған материалды бекіту мен негіздеу кандай деңгейде ұйымдастырылды?.

Үй тапсырмасының көлемі мен сипаты оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес болды ма?. Үй тапсырмасы окылған такырыптың негізгі мәселелерін бекітуге бағытталды ма?. Сабақтың әрбір кезеңінде кандай әдістер мен тәсілдер қолданылды?. Тандап алынған әдістердің сабактың әрбір кезеңінің міндеттерін шешуге және сабақтың максатына жетуіне себі тиді ме?. Оқушылардың оқу жұмысын күшейтуге, проблемалык жағдайлар туғызуға, шығармашылыққа және оқылған тақырыпка қызығушылығын арттыруға қандай әдістер мен тәсілдер колдандыңыз?.

Қандай әдістерді қолдану сізге сабақтың міндеттерін неғүрлым толык шешуге мүмкіндік берді.

4. Оқушылардың сабақтағы әрекетін талдау.

Сабақта   оқушылардың   оқу-танымдық   әрекеттерінің   қандай   түрлері (жекелеген, топтық, ұжымдық) қолданылды және неге?. Неше оқушы сабақта баға алды?. Сабак міндеттерін жоспарлауда және шешуде сыныптың ерекшеленуі, оқушылардың даму денгейлері қалай ескерілді?. Төмен үлгерімдегі балаларға жекелеген қатынас қалай жүргізілді?. Оқушылар тек енжарлы түрде қатысқан сабақтың кезеңдері болды ма?. Сабақта жұмыс уақытының бос өтуі (уакыт жоғалту) болды ма?. Ол неге?. Келесі сабакта осы кемшілікті жою үшін не істеу керек?. Оның себептерін анықтаңыз.

Өткізілген әрбір сабақ қаншалықты дәрежеде оқу-тәрбие үрдістеріне койылатын талаптарға сай өткен-өтпегенін білу өте маңызды. Осы және баска да сұрактарға бір мезгілде әрі бастапқы кезен, әрі ұстаздық шығармашылыктың шыңы болып есептелетін өзіндік сабак талдау осылай жүргізіледі.

 

Егер оқушының ойлау қабілет деңгейі өте карқынды болса, ол танымдылык іс-әрекетінде шығармашылық енбектің нәтижесінде, өз бетінше ізденіс жасау және зерттеу әдістерін қолдану нәтижесінде ғана табыска жететіндігін байқауға болады.



Сондыктанда, әдістер осындай топтастыру арқылы өз қолдауын тауып, кең таралып жүр. Енді осы әдістерге жеке-жеке тоқталып сипаттама берген жөн.

- Акпаратты-рецептивті (қабылдау) әдістін. басты мәні, олар мынандай белгілерімен сипатталады:

·                   Окушыға білімді "дайын" күйінде ұсынады.

·                   Оқушы дұрыс түсіну үшін, оқытушы әртүрлі тәсілдерді пайдалана отырып, оқу процессін ұйымдастырады.

·                    Окушы білімді қабылдап және оны есте сактайды.
Білімді кабылдауда барлық    ақпарат    көздерін    (сөз, көрнектілігі т.б.), мазмұндау логикасының индукциялық және дедукциялык жақтарын дамытып пайдалану жолдарын іске асырады.

-       Репродуктивті әдіспен оқытудың басты белгілері:

·                  Білімді окушыға "дайын" күйінде беру.

·                  Мүғалім оны түсіндірумен қатар, оны әңгімелей береді.

·                  Оқушы оны саналы түрде ұға отырып, есінде
ұстайды.

·        Басты критериясы оқушының берген дұрыс жауабы болып танылады немесе дұрыс есіне түсіру білімінің тұрақтылығының ең басты куәсі, оны бірнеше рет кайталаудың нәтижесінде болады. 

  Репродуктивті әдісті мынандай жағдайларда қолдану өте тиімді:

-оқу материалының мазмұны бірыңғай ақпаратта болса;

практикалық және еңбек тану іс-әрекетін қолдануын сипаттауда;

- егер оқушының өз бетімен іздену, ойлану процессіне қиындық жағдайлар туатын болса;

- жаңа проблемалы материалдарды игеруге оқушының тіректік білімі әлі аздау болған жағдайларда.

Бұл әдістің тағы да бір колданылатын кездерінің бірі -проблемалык маңызды мәселелерді өз бетімен шешу барысында оқушылар әлі дағдыланбаған жағдайларда.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет