Биомедициналық этиканың мақсаты мен негізгі принциптері. Дәрігерлік қателіктер мен ятрогениялар: негізгі этикалық және дәрігерлік қателіктер туралы ақпараттың ашылуы


Құралдарды дезифекциялайтын ерітіндіні иньекциялады



бет8/9
Дата16.12.2023
өлшемі383,05 Kb.
#139956
1   2   3   4   5   6   7   8   9
3. Құралдарды дезифекциялайтын ерітіндіні иньекциялады.
Вашингтон штаты, Сиэтл қаласының тұрғыны 69 жастағы Мэри МакКлинтонға сырқы упаковкасына мән бермей дәрілік ерітіндінің орнына Вирджиния Мейсон деген мейірбике медициналық құралдарды дезифекциялайтын ерітіндіні енгізіп жіберген.
4. Америка тұрғыны 52 жастағы Вилли Кингтің сол аяғына ампутация жасаудың орнына штат Флорида, Тампа қаласыныңдағы хирургі оң аяғын ампутациялаған. Кейін дәрігер оң аяғы да сау еместігін дәлелдегісі келді, бірақ нәтижесінде науқас сотқа шағымданды да, емдеу мекемесінен 900 мың доллар, ал хирургтан 250 мың доллар өтемақы алды және 6 айға лицензиясынан айырылды.
5. Америкалық пациент Джером Паркстың денсаулығы дәрігерлік қателіктің нәтижесінде ауыр жағдайға әкеліп соқты. Науқаста тілдің ісігі бар еді, бірақ науқасқа басқа ағзаны, яғни сау ми мен мойын бағанасын сәулелендірген. Дәрігерлер компьютерлік жүйе қателескендіктен, мед. картасындағы ақпаратты қайта қарамаған. Нәтижесінде сәулемен емдеу 3 күн жалғасқан, қорытындысы науқастың есту мен көруі жүйесі бұзылған.

Медициналық мекемелердегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету — бұл тек административтік, техникалық, медико-клиникалық аспектілер ғана емес, сондай-ақ үлкен орында моральдық аспектілерді де қамтитын кешенді мәселе.

  • Медициналық мекемелердегі қауіпсіздікті қамтамасыз етудің моральдық проблемалары:
  • 1. әдебиеттерде медициналық қателіктер мен ятрогения қорқыныш пен жасаған қателігі үшін жазаға тартылатындықтан өзін қауіпсіз сезінуге алып келмейді;

    2. Қауіпсіздік деңгейін көтеруге арналған шаралар ұжым арасында оң (профессионализм, емдеуі сапасы жақсаруы) және теріс (жұмыс атмосферасы бұзылуы) қатынастар дамуына алып келуі мүмкіндігі

    3. Биліктегі (администрация) қатардағы медицина қызметкерлері арасындағы барьер

    4. Пациенттерге әсері: оң әсері(медициналық мекемеге сенім жоғарылауы) және теріс әсері ( науқастың басына “егер бұл мекемеде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі жоғары қойылған болса, дәрігерлерлік қателік жоғары деңгейде болғаны ма?” “жағдай соншалықты қиын ба?” деген қорқыныш ойлар келуі )



    Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет