Германия Федеративтік Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресі



Дата07.02.2023
өлшемі7,3 Kb.
#66029

Германия Федеративтік Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресі

Германия Федеративтік Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресі

Германия Федеративтік Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы федералдық деңгейде Бундестаг(қылмыстық-құқықтық актілерін қабылдап) және жергілікті деңгейде Ландтагтар (қызметтік-құқықтық актілер қабылдап) қарсы күрес жүргізеді.Сыбайлас жемқорлық фактілерін айқындау және олардың алдын алу функцияларын полиция,прокуратура,ішкі тергеу органдары,есеп және тексеру органдары атқарады.Бұл елде 1995 жылы ішкі ревизия қызметі құрылды,ол барлық мемлекеттік және муниципиалдық билік органдарына әртүрлі тексерулер жүргізеді.Оның негізгі міндеті- IIM-де ,биліктің жоғарғы органдарында және басқа ведомстволарда ревизия жасау.

Тексерудің негізгі бағыттары: -мемлекеттік қызметте сыбайлас жемқорлыққа шалдығуы мүмкін лауазымды орындарға талдау жүргізу; -сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және онымен күрес шараларын қайта тексеру; -сыбайлас жемқорлық туралы келіп түскен хабарларды зерделеу -ішкі ревизияларға қадағалау жасау деген сияқты т.б бағыттар.Бұл қызметте орта қадағалау буыны бар ,ол аумақтық үкіметтің вице-президентіне бағынады,барлық бөлімдерді ,коммуналдық басқарманы,құрылымдардың басқармасын және басқа да құрылымдарды тексереді.Германияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестіің федералдық бағдарламасы бар,ол "Сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың және оған қарсы тұру тұжырымдамасы " деп аталады.Мұндай тұжырымдамалар муниципиалдық деңгейде де бар.олардың орындалуын Ішкі істер министрлері ,оснаторлар конференциясы бақылап отырады.

АҚШ-тағы сыбайлас жемқорлыққа күрес


  • АҚШ-та заң шығарушы және сот биліктері арасындағы міндеттер ,құқықтар мен функциялар қатаң белгіленген.Конгресс қзі шығарған заңдардың орындалуын мұқият қадағалайды.Құқық бұзушылықты бақылауды өз палаталарының тұрақты және арнайы комитеттері арқылы жүзеге асырады.Сыбайлас жемқорлық проблемасымен ,негізінен,этика жөнңндегң сенат комитеті мен өкілдер палатасының лауазымды адамдарының қызметтік іс-әрекеттерінің стандарттар жөніндегі комитет айналысады.1946 жылы Лоббистік қызметті федералдық реттеу туралы заң қабылданған,оған сәйкес конгресске қысым көрсететін кез-келген ұйым өз лоббистерін тіркетіп ,заң саласындағы өз мүдделерін хабарлауы тиіс.Әрбір лоббист "Конгресс ведомстволарында" тоқсан сайын өз қызметі жайында есеп жариялауы керек.Бұл заңды бұзғандарға 10 мың доллар айыппұл немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады.

Конгрес палаталарының бұрынғы мүшелеріне 1 жылға дейін лоббистік қызметпен айналсуға тыйым салынған,олардың үшіншү жақтың мүддесі үшін палаталарға келуіне ,не болмаса қандайда бір келіссөз жүргізуіне рұқсат етілмейді.Федералдық тергеу бюросымен комиссиялар шенеуніктердің де,бизнесмендердің де шығысы мен кірісінің сәйкестігіне өте қатты назар аударады.Қандай да бір алшақтық болған жағдайда тиісті жазалау шарасы қолданылады.

Франция мемлекетінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресі


  • Франция мемлекетінің саяси-әкімшілік жүйесін соңғы онжылдықта жайлап алған сыбайлас жемқорлық қасіреті қоғамдық пікірге,партиялар мен саяси ұйымдардың іс-әрекетіне қауіпті ықпал етіп отыр.ол-саяси партияларды қаржыландырудың тәсілін реформалау қажеттігін кқрсетті.Саяси партиялар сайлау науқанына қаржы табу үшін заңсыз тәсілдерге жүгініп,саяси-әкімшілік шешім қабылдайтын шенеуніктер мен лауазымды адамдардың іс-әрекеті,келісімшарт жасау кезіндегі билік органдары кәсіпкерлер арасындағы өзара байланыс жемқорлықтың таралуының негізгі саласына айналды.Францияда құқықтық тұрғыдан алғанда,барлық министрлер үшін,мейлі премьер-министр болсын ,айрықша мәртебе бар.Конституция бойынша министрлерге бұл қызметті депутаттың немесе сенаторлық мандатпен және қоғамдық,жеке сектордағы кез-келген басқа кәсіби қызметпен бірігуге тыйым салынған.

http://emirsaba.org

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет