Құбыр классификациясы



Дата28.11.2023
өлшемі0,77 Mb.
#131191
Байланысты:
f609b4e4dc581c0

Құбыр классификациясы

Жоспар:

  • Арналы құбыр классификациясы
  • Арналы газқұбырының құрылымдары
  • Арналы мұнайқұбырының құрылымдары

Құрылыс нормаларына сәйкес мұнай және газды өңдеу және тасымалдау кезінде қолданатын құбырларды 4 топқа бөледі:

Өндірістік құбыр:

Ұңғымадан газды немесе мұнайды дайындайтын өндіріске дейін салынады. Бұл құбырлар ұңғымадан мұнай мен газды жинап, газды немесе мұнайды кешенді дайындау құрылысына дейін тасымалдауға арналған. Өндірістік құбырдың диаметрі 100-200мм; қысымы 32МПа

Технологиялық құбырлар

Мұнайды немесе газды кешенді дайындау қондырғылардың аймағында салынып, мұнай мен газдағы механикалық қоспалардан, судан және тағы да басқа компоненттерден тазартатын технологиялық қондырғыларды байланыстыруға арналған.

Арналы құбырлар

Мұнай мен газды өңдеу зауытынан алыс қашықтыққа тұтынушыларға тасымалдауға арналған. Арналы құбыр диаметрі 200-1400мм, жұмыс қысымы 2,5МПа-10МПа дейін.

Таратушы құбырлар

Арналы құбырдан тұтынушыларға дейінгі пунктерге дейін салынады. Диаметрі 10-300мм, жұмыс қысымы 1,2Мпа

Арналы газқұбырлары жұмыс қысымына байланысты:

  • 2,5 -10 МПа
  • 1,2 – 2,5 МПа

Арналы мұнайқұбырлары диаметріне байланысты:
1 класс - 1000-1200мм
2 класс - 500-1000мм
3 класс - 300-500мм
4 класс – 300мм төмен

Арналы газқұбыры мынадай объектілерінен тұрады:


1. Ұңғымадан шыққан мұнай мен газды жинау және тасымалдауға дайындау
2. Басты компрессорлы станция – газ кен орындарының басында орналасады.
3. Желілік бөлік – құбыр бойы.
4. Аралық компрессорлық станция – газдың жұмыс қысымын сақтау үшін желілік құбыр бойына 120-150км сайын салынады.
5. Газ таратушы станциясы
6. Жерасты газ қоймалары
7. Электрхимиялық қорғау станциясы
8. Электрөткізгіш желісі
9. Желілік бойындағы техникалық байланыс
10. Газ өлшеу станциясы
11. Вертолет алаңы, желілік аралау үйі, апатты-жөндеу пункті

Арналы мұнай құбырының басты объектілері:


1.Ұңғымадан шыққан мұнай мен газды жинау және тасымалдауға дайындау
2. Басты мұнай айдау станциясы
3. Кедергілерден өтетін, жапқыш арматуралары, лупинг, ішкі құбыр қондырғыларын жіберу және қабылдау түйіндері бар желілік бөлік
4. Аралық мұнай айдау станциясы
Желілік бөлікте 50-150 км сайын салынады.
5. Резервуарлық парктер
6. Электрхимиялық қорғау станциясы
7. Мұнай өнімінің мөлшерін анықтаушы аралық түйін Ол МҚ-ның соңында орналасады.
8. Тез қатқыш мұнай өнімдерін жылыту пункті
9. Ескертпе белгілері.
10. МҚ желісін аралау үйі. 10-20 км сайын салынады.
АРНАЛЫ ҚҰБЫР БӨЛШЕКТЕРІ
БЕКІТУ СҰРАҚТАРЫ

ҚНжЕ сәйкес құбырлар қарай бөлінеді

  • ҚНжЕ сәйкес құбырлар қарай бөлінеді
  • Өндірістік құбырлар дегеніміз не?
  • Технологиялық құбырлар дегеніміз не?
  • Арналы құбыр дегеніміз не?
  • Таратушы құбыр дегеніміз не?
  • Арналы мұнайқұбырлары диаметріне байланысты неше классқа бөлінеді?
  • Арналы газ құбырлары қысымына байланысты қалай топтастырылады?
  • Арналы газ құбырының басты объектілеріне не жатады?
  • Арналы мұнай құбырының басты объектілеріне не жатады?
  • Арналы құбыр элементтерін ата
  • Өткел дегеніміз не?
  • Тығын дегеніміз не?
  • Үштік дегеніміз не?
  • Бұрма дегеніміз не?
  • Ысырма қандай қызмет атқарады?


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет