Құбырлар мен арматуралар
Жылу желісін салу үшін болат құбырлар қолданылады, олар электрлік немесе газдық пісіріп жабыстырғыштар арқылы жалғанады. Болат құбырлар ішкі және сыртқы бетінен де коррозияға тез ұшырайды, сондықтан жергілікті ыстық сумен қамдау жүйесі үшін болат цинктелген қолданыс тапқан. Болат құбырлардан қазіргі уақытта электрлік пісірілген және ирек тігісті және тігіссіз ыстықдеформацияланған және суықдеформацияланған, маркалары Ст. 3, 4, 5, 10, 20 және аз легірленген құбырлар қолданыс тапқан. Электрлік пісірілген құбырлар шартты диаметрі 1400 мм, ал тігіссіз — 400 мм диаметрлі құбырларда қолданылады.
Жылу желісінде қолданылатын құбырларға қойылатын талаптар:
- механикалық беріктігі мен тығыздығы;
- иілгіштігі мен термиялық кедергіге төзімділігі;
- механикалық қасиеттерінің тұрақтылығы;
- ішкі және сыртқы коррозияға төзімділігі;
- ішкі бетінің кедір-бұдырлығының аз болуы;
- ішкі бетінде эрозияның болмауы;
- температуралық деформация коэффициентінің аз болуы;
- құбыр қабырғасының жылуоқшаулағыш қасиетінің жоғары болуы;
- жеке элемнеттерін жалғағанда қарапайым, сенімді және тығыз болуы;
- сақтау, тасымалдау және құрастырудың қарапайым болуы.
Арматура деп реттегіш және жапқыш құрылғыларды айтады. Арматуралардың түрлері: ысырма, шибер, кран, клапан, ласұстағыш. Жылу желісінде қолданылатын арматуралар белгіленуі бойынша жапқыш, реттелетін, қорғағыш, дросселденетін, конденсат әкеткіш және бақылаушыөлшегіш болып бөлінеді. Барлық арматуралардың стандартты қосылғыш және құрылымдық өлшемдері болады. Олар арматураларды құбырларда бұранда және фланецтердің көмегі арқылы орналастыруға арналған. Жалпылама белгілену бойынша негізгі арматураға жапқыш арматуралар жатады, өйткені олар жылу желісі трассасында жиі қолданылады. Арматуралардың басқа түрлері көбіне жылулық пунктерде, сорғылық және дросселдеуші кішігірім стансаларда және т.б. қолданылады. Жапқыш арматуралардың негізгі түрлері ысырмалар мен вентилдер (шұралар). Ысырмаларды көбіне су желісінде, вентилдерді — бу желісінде қолданады. Оларды болаттан және шойыннан жасайды, жалғастырушы ернеулерін фланецті (ернемекті) және муфталы (жалғастырғыш) етіп жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |