Бірі ретінде тану қажеттігітілігі тиек етіледі. Жергілікті тіл ерекшеліктерін зерттеген ғалымдар, олардың пікірлері, диалектизмдердің жіктелуі сөз болады



Pdf көрінісі
бет10/12
Дата27.11.2022
өлшемі231,04 Kb.
#53062
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Elmira HAMITOVA
«Далан. Сенек, ауыз үй, кіре берістегі бөлме: балалар даланда отыр 
(балалар сенекте отыр). Далан кішкене болғандықтан кейбір нәрсе үйде тұрады 
(Алм., Талд., Жамб.). Далан сөзі кейбір түркі тілдерінде де бар: қырғызша далан – 
ауыз үй, алдыңғы бөлме (Киргизско-русский словарь 1940: 198), ұйғырша далан – 
алдыңғы бөлме, өтетін жер (Уйгурско-русский словарь 1939: 154); түркіменше 
далан – үй алды (веранда, балкон) (Туркменско-русский словарь 1940: 114); 
әзірбайжанша далан – дәллиз, парсыша далан – сенек, коридор (Кр. Персидско-
русско-азербайджанский словарь 1945: 102, 169)».
«Мият. Болысу, біреудің сөзін сөйлеу, жақтау; сен оған мият болма; 
миятшылық істеме. «Мият, мияттың түбі ұят» (Шу); бұрын бір-бірімен 
жанжалдасқанда кісілер жақындарын миятқа шақыртатын (Жамб., Алм. Луг.). Бұл 
сөз (мият) оңтүстіктегі халықтың сөйлеу тілінде бірнеше сөз тіркесінде 
қолданылады: мият болу, мият болып бірігу, миятқа шақыру т.б.».
«Об. 1. Егін басатын көлік, қырмандағы бидайды бастыратын бір топ 
көлік; об қосу, об қостық (көлік жектік). Айдап жүрмін обымды, айналдырып 
кидім тонымды (халық мақалы). 2. Басатын егін; об айдап жатыр (егін 
бастырып жатыр). Об айда, сабаны саған пайда, дәні маған пайда (Түлк., Талд., 
Шәу., Оңт. Қаз. обл.). Торғай ауданындағы халықтың тілінде оп (оба) қырманға 
орнатқан діңгек, ағаш мағынасында қолданылады. Егін бастыру үшін орнатылған 
діңгек ағашқа бір топ көлікті байлап қояды. Оған қарағанда сөздің төркіні оның 
негізгі мағынасы оп – оба сөзімен байланысты екенін аңғартады. Тіліміздегі оп, 
оба, ом – оқа дегендегі оп, об, ом сөздерінің семантикалық, формалық жағынан 
негізі бар. Өйткені ол сөздер бір-біріне жақын, ұқсас ұғымдарды аңғартады. 
Қырманға орнатылған діңгекпен оп – (оба), ом – оқа деген сөздердің білдіретін 
мағыналарында алшақтық жоқ. Ал, ол сөздердің фонетикалық нұсқасына келсек, 
Каспий маңындағы қазақтардың тілінде еріндік дыбыстар (б, м) алмаса береді, 
мысалы, оба деген сөзге ома деу тәрізді т.б.» (Досқараев 1962: 8, 39, 81, 87).
Енді, кейінгі жылдары шыққан (2007 ж.) Ө.Айтбайұлы, С.Әбдірахманов, 
Ә.Кекілбай, Ә.Қайдарбек және т.б. редакция алқалығымен жарық көрген 
«Диалектологиялық сөздік»тен де мысал келтірсек:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет