Бірінші кітап (роман – диалогия)



Pdf көрінісі
бет56/69
Дата28.03.2022
өлшемі2,11 Mb.
#28989
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   69
Байланысты:
Шерхан-Мұртаза - “Ай мен Айша”

КИІК ҚАЗДАР

Қыр  астында  қызылша  тақтасы  бар.  Мен  –  «аткөшник».

«Окучивание»  деген  орыстың  сөзінен  шыққанын  ол  кезде  мен

білмеймін.  Бригадир  соғыстан  қайтқан,  үстінен  əлі  гимнастеркасы

түспеген, қара мұрт Төлтай деген кісі.

Сен аткөшник боласың, – деді.

Бригадир айтса – заң.

Бұл  бригадир  Мыңбұлақтағы  бригадир  Тасбеттей  емес.

Боқтамайды. Қамшы үйірмейді. Аз сөйлейді. Бірақ адамды айтқанына

көндіретін, сендіретін бір сесі бар.

Сонымен, мен атқа мінемін. Оған жалғыз тісті қалақ соқа жегіледі.

Оның қос сабынан Махмұд абзый ұстайды. Менің міндетім – қызылша

жүйегімен атты түп-түзу жүргізіп отыру. Ат сəл бұрыс жүрсе, қызылша

қырылады. Соқа тісі жапырып кетеді. Бір қызылшаның қылы қисайса,

менің басым кетеді. Тəртіп сондай.

Ал  Махмұд  абзыйдың  міндеті  –  соқаны  қос  сабынан  қос-қолдап

ұстап  алып,  түп-түзу  ұстап,  аттың  соңынан  тырмысып  жаяу  жүріп

отыру. Былай қарасаң, қиын ештеңе жоқ. Бірақ діңкелетеді-ақ. Ұдайы

ұстараның  жүзімен  жүріп  отырғандайсың.  Көзіңді  ала  берсең,

шыбындаған  ат  басын  шұлғып  кеп  қалып,  аяғы  ізден,  яғни  жүйектен

шығып кетеді. Сонда Махмұд абзый:



− И - и, қаһар сұққан қазақ малай, пышыратма! – деп айқайлайды.

Екеумізді  Құдай  бір-бірімізге  қосақтап  қойған.  Біріміз  бүлдірсек,

екіншіміз  қоса  күйеміз.  Бригадир  Төлтай,  звеновая  «қоянерін»

Сарыкүл  қатын  «аткошник»  болған  жерді  келіп  тексереді  кейін.

Қылжиған  қызылша  көрінсе,  сазайымызды  тарттырады.  Əсіресе

«қоянерін» қатын қиын. Сарыкүл десе дегендей, сап-сары. Топ-толық

қоғаның  борығындай,  сеп-семіз.  Үстіңгі  ерні  қоянның  ерніндей

жырық.  Содан  бір  тісі  көрініп  тұрады.  Екі  сөзінің  бірі  –  «аузыңа

сиейін».

Махмұд  абзый  сол  қатынды  иттің  етінен  жек  көреді.  Сарыкүл

естімейтін жерден:

− И - и, атның қатыны, қаһар сұқсын сине, – деп қояды.

−  Ата,  «аттың  қатыны»  деген  не?  –  деймін  артыма  бұрылмай.

Бұрылсам, ат жүйектен шығып кетеді.

− Қазақлар «биие» дилар, – деді абзый.

Мен  өзімше  күлген  боламын.  «Бие»  деген  оп-оңай  сөзді  «аттың

қатыны» дегені несі деймін.

Сол  «аттың  қатыны»  бригадир  Толтай  келгенде  кəдімгідей

қылмыңдап  қалады.  Сызылып  сөйлеп,  бұраңдаған  болады.  Белі

күпшектей жуан қатынға онысы жараспайды-ақ. Сөйте тұра, біршама

көркем  жігіт  Толтай  одан  безінбейді.  Екеуі  əзілдесіп,  бірін-бірі

қуаласып  қыз  бен  бозбала  сияқты  боп  қалады.  Əп-əдемі  жігітке  жөні

түзу əйел табылмай ма, немене... Екеуі сөйтіп, бірімен-бірі бүлдіршін

мен  буыршындай  «тістелесіп»  жүріп,  ақыры  Асаның  жарқабағының

астына түсіп, көрінбей кетеді.



Сонда менің есіме Тəңіртаудың етегіндегі, Мыңбұлақтағы қырман

басы  түседі.  Жолдасбек  қу  мен  əлгі  (атын  ұмыттым)  ерке  келіншек

маяның  түбінде  осылай  алысып  ойнаушы  еді.  Бірақ  оларға  ол  ойын

жарасатын.  Жарасқан  істің  ерсілігі  де  болмай  ма,  немене,  бидай

суырып  қалжыраған  қарттар  олардың  ойынына  мəн  бермейтін.  Ақта

болған  аттардай  оқта-текте  күрсініп  қойып,  маяның  түбінде  қалғып-

мүлгіп отырар еді.

Күн төбеден төніп, тал түске келеді. Қызылшаның алыс жүйегінің

ар жағынан, аулақтан сағым ойнайды. Сағым арасынан ерсілі-қарсылы

таулар  қозғалып  жатады.  Сөйтсем,  олар  өңшең  дəу  машиналар  екен

ғой.  Кейін  сол  жерден  зауыт  көтеріледі.  Химзауыт.  Əулиеатаны

сасытқан  зауыт.  Айнала  –  төңіректі  улап,  малдардың  тістері  ақсиды.

Тістер  айқасты.  Тістерінің  өскендігі  сонша,  жерден  шөп  тістеп  жей

алмайтын  боп  қалды.  Сойған  қойлардың  ішек-қарны  іріп  шығатын

болды.  Егер  Қудай  бар  болса,  сол  зауытты  Əулиеатаның  дəл  түбінен

жəне  жел  жағынан  салдырған  сол  кездегі  өкіметті  өңешін  суырып

алып, тозақтың отына шыжғыратын шығар.

Арық атты «аткошниктен» шығарып, аяғын тұсап, ажырық отқа қоя

беремін.  Байғұс  ат  ажырыққа  кенедей  жабысады.  Жылқы  баласы

сондай болғанда, адам қалай шыдасын?! Махмұд абзый екеуміз долана

мен  зірк  ағаштың  түбіндегі  алақандай  көлеңкеге  сияр-сыймас

жайғасамыз. Талтүсте қасақана көлеңке де қысқарып, бас сауғалар жер

қалмайды. Сол зірктің түбіне көйлегіммен орап қойған бір шиша айран

мен  бір  таба  зағара  нанды  шығарып,  дорбаның  үстіне  қоямын.

Таңертең  Айша  салып  берген  байлық  бұл.  Махмұд  абзыйда  мұндай

байлық жоқ. «Дастарқанға» шақырамын.

− И - и, бұлмый инде, – деп амалсыз қол созады.

Алайын  десе,  мені  обалсынады.  Алмайын  десе,  қу  тамақ  қиын.

Зағарадан  бір  сындырып  жеудің  алдында,  Аллаға  рахмет  жаудырады.

«Тағы  бір  таңды,  жарық  күнді  көрсеткеніңе  тəуба.  Бір  түйір  дом

бұйыртқаныңа  тəуба.  Осы  дəмнің  сауабын  мына  міскін  малайдың

абыйы  Мұртаза  марқұмға,  бақилық  болған  ата-бабаларына

бағышладым!» – деп, бетін сипайды. Тахуа кісі. Бірақ мен түсінбеймін.



Өлгендерге  дом  бағыштағаны  қалай?  Өлгендер  тамақ  дəметіп  тұрады

дейді.  Өліп  қалса,  қайтіп  жейді.  Олар  да  аш  па?  Өлгендерге  дəм

бағышталмаса,  олар  кəдімгідей  өкпелейтін  көрінеді.  Аруақ  дейді.

Көзге  көрінбейді.  Ендеше,  олардың  да  өздерінің  көзге  көрінбейтін  өз

тамағы  болуы  керек  қой.  Жоқ.  Өзіміз  өзегіміз  талып  отырған  бізден

дəметеді.

Мен  осыны  Махмұд  абзыйға  айтып  едім,  тісі  жоқ  қызыл  иегін

көрсетіп, қиқ етіп күлді. Күлгенде аппақ қудай сақал-мұрты қыбырлап-

жыбырлап,  көкшіл  көздері  көрінбей,  аппақ  қастарының  астында

қалды.


−  И  -  и,  бағырем,  пəріштем,  үлгəннар  тағам  тілеми,  савап  тіли.

Савапны білерсің син?

− Білем. Сауап. Сауап болады.

− І - і. Сауап болады. Рухқа нан кирəкми. Ғизатлы суз кирəк. Ихлас

кирəк. Аңлисын, малай?

Иə, мен естіп отырмын. Нан емес рухтардың тілейтіні. Жақсы сөз,

жылы  лебіз  керек.  Қара  басып,  оларды  ұмытып  кетпей,  еске  алып,

ықылас білдіріп тұрсаң – сауап.

Махмұд  абзый  соны  айтып  отыр.  Аруақ,  сенің  онсыз  да  тақыл-

тұқыл  тамағыңа  таласпайды.  Ұмытпауды  тілейді.  Махмұд  абзый

жүгері  нанның  үгілген  қоқымын  бір-бірлеп  теріп,  күс-күс,  көн  тері

алақанына  салып,  тіссіз  үңірейген  аузына  ытқытып  жібереді.  Содан

соң,  сол  алақандарын  бір-біріне  үйкеп  алып,  қаусырмалап  жайып

жіберіп, Аллаға тағы да ризашылық айтып, ақ жүн басқан бетін сипап,

бір  қолымен  жер  тіреп,  орнынан  əрең  тұрады.  Жағасы  жалбызбен,

шашыратқымен  көмкерілген  арықтың  жағасындағы  жалғыз  түп

шоңайнанын балғын сабағын бəкімен кесіп алып, жақсылап қырнап, əр

жерінен кертіп-кертіп, ойық салалы. Езуінің бір жағына салып, үрлеп

көреді. Ысқырық шықпай, ыс-ыс етеді.

−  Эх,  тальяшка-гармошка  болса,  –  дейді  күрсініп.  –  Бұ  қурай

ярами, бит. Сызғыра тұрғаң қурай болса.



Енді  шоңайна  сабағының  қуысына  шыбық  жүгіртіп  ысқылайды.

Жабағы жүн сияқты бірдеңелер түседі. Тағы да қурайды езуіне салып

көреді. 

Бұл 


жолы 

кəдімгідей 

ысқырық 

шығады. 


Икемге

келіңкіремейтін  сіреспе  саусақтары  сыбызғының  тесіктерін  кезек-

кезек басады.

−  Тешюк,  –  дейді  абзый.  –  Тешлəрем  Таймырда  қалғаннар,  қаһар

сұққан Таймыр! Цынга, цынганы білерсің син?

Таймырын  білем,  Солтүстік  Мұзды  мұхиттың  жағасында  жатқан

түбек. Ал цынга дегенді естіп отырғаным осы.

− Ол – кесел. Яман, яман. Адамлар куп улган. Мин улмəдем, за то

тешлəрем қалдылар.

Менің  шамалауымша,  Махмұд  абзый  Таймырда  тұрған.  Сонда

цынгамен  ауырып,  тістері  түсіп  қалған.  Егер  тістері  болғанда,  мына

сыбызғы сарнап қоя берер еді.

Ақыры  сыбызғы  икемге  келді.  Абзый  қызыл  иекке  қыстырып,

аузын жел шықпайтындай етіп бүрістіріп, тек ысқырық емес, бір əсем

əуен  туындата  бастады.  Аузын  көйлегінің  жеңімен  мұқият  сүртіп

алып: «Бу саз – «Қыр қазлары» или «Киік қазлар» тұғрысында», – деді.

Одан ары сөздің, түсініктеменің қажеті жоқ болды. Сонда сыбызғы не

деді? «Қыр қазлары», яғни жабайы қаздар не деді?

Дауылдарда, явындарда, жиллəрда.

Киек қазлар қиқылдаша

Мин билмəгəн теллəрда.

Дауылдарда, жауындарда, желдерде

Киік қаздар қаңқылдайды

Мен білмейтін тілдерде.




Эй,  Барсхан  бағырем,  мен  бір  ғаріп  адам.  Мен  Ақ  Еділ,  Орал

тасында,  Салауат  ауылында  туып  естім.  Əкем  –  татар,  шешем  –

башқұрт.

Балалық  шағым  айдынды  өзен,  орман-тоғай,  тарғыл  тастар

арасында  өтті.  Əкем  Хусниддин  мені  мұсылманша  оқытты.  Кейін-

кейін,  өсе  келе,  орысша-татарша  мектепте  оқыдым.  Мен  Мир  –  Саид

Сұлтан  –  Ғалиевпен  бірге  бір  класта  болдым.  Сен  білмейсің  оны.

Əрине, білмейсің. Е - е, ол деген бүкіл түрік дүниясының асылы. Сен

Сұлтан - Ғалиев тұрмақ, оның жан серігі, жүрек досы, өзіңнін туысың

Тұрар Рысқұловты да білмейсің. Əне, сол азамат. «Түрік тілдес, түгел

бол!»  деді.  Оларды  атып  тастады,  қаһар  соққандар.  Мені  «сұлтан  -

ғалиевщина»  деп  əуелі  Сібірге,  одан  соң  Қолымаға,  содан  кейін

Таймырға  кісендеп  айдады.  Елде,  сол  Салауат  ауылында  əйелім,  үш

балам қалды. Екеуі ұл, біреуі қыз. Мен оларды көрмегелі он сегіз жыл

болды. Олардың түр-түсін де ұмыттым. Əуелі сағынғаннан өзегіме өрт

түсер  еді,  енді  ұмыттым.  Көру  керек  пе?  Аңсаймын.  Енді  мен  кімге

керек?

Шоңайна  сыбызғы  осылай  сарнайды.  Менің  басым  салбырап



кетіпті.  Көлеңке  ауып,  күн  төбемнен  шыжып  өтіп  бара  жатқанын  да

байқамаппын.  Басымды  көтеріп  алсам,  Махмұд  абзыйдың  сақалдан

таза бүйректей беті алаулап, көкшіл көздерінен жас саулап, сақалы су-

су  болыпты.  Көзім  бұлдырағанға  алақаным  мен  сүртсем,  менің  де

жанарымнан  жас  шығыпты.  Бірақ  абзыйдікіндей  ағыл-тегіл  емес,

сараң.'


Сонымен,  «Қыр  қаздары»  не  дейді?  Таймырдан  сон  Қарағанды

лагеріне, одан Жезқазғанның шахтасына салды дейді. Қазір байқасаң,

өкпем  сырылдайды.  Шахтадан  таптым.  Терең  шахтада  жартастарды

бұрғылағанда  шан  шығады.  Шан  емес,  мыс  тозаңы.  Өкпеге  барып

қатып  қалады.  Мен  өлгенде  өкпемді  жарып  қараса,  ай,  Құдай  біледі,

бір қадақ мыс шығады.

Содан  қатты  ауырдым.  Шахтаға  жарамас  болған  соң,  мені  осы

жаққа  əкеліп  тастады.  Спецкомендатура  тізімінде  тіркеулімін.  Кете

алмаймын.  Қаша  алмаймын.  Бұрынғыдай  соңымда  штыкты  мылтығы

бар  қарауыл  жоқ.  Бірақ  қаша  алмаймын.  Қашқанда  қайда  барамын?




Əдіре  қалған  Оралға  ма?  Бармаймын.  Жете  алмаймын.  Жазмыш  мені

жетпеуге жазған.

Мен бір адасқан жабайы қаз. Жалғыз қаз. Жолдарым қиғаш-қиғаш.

Ғұмырым  аз,  білемін.  Мылтық  ұстаған  Қарауыл  қалды.  Ал  мені

аңдыған ажал ылғи да менімен қатар жүреді. Бір адым қалмай келеді.

Ажал мені алары хақ. Одан ары не болады? Бұл дүнияда көрген шексіз

азабымның  қарымтасы  болды  ма,  жоқ  па?  Медіреседе  оқып

жүргенімде  айтар  еді:  бұ  дүнияда  жазықсыз  азап  шеккен  адам,  о

дүнияда жұмақта болады деп. Болса – болар. Болмаса – маған бəрібір.

Бəрі  де  үйреншікті.  Тамұққа,  тозаққа  жіберсе  аса  өкінбеспін.  Өйткені

ондағы тамұқ, мұндағы тозақтан қиын емес-ау деп ойлаймын.

Бір  ғана  арман  менде.  Тірімде  Оралды,  Ақ  Еділді  көре  алмасым

аян.  О  дүнияда  сол  Ақ  Еділдің  сарқылмас  сарыны,  жасыл  орман

шуылы,  Орал  таудың  тастүлек  қырандарының  саңқылы  естіліп  тұрса

маған...

Арасында  Ғалиябану  музыкасы  сыңсып  тұрса...  Басқа  бірдеме  де

керек емес.

Байлықты тілемеймін. Алтынның атасына нəлет. Алтын – Əзəзілдің

жұмыртқасы.  Адамдар  алтын  үшін  қырылысады.  Ырылдасып,  ит

болып кеткенін андамай қалады.

Мен  арыдым,  бауырым  Барсхан.  Мен  де  бір  кезде  киік  қаздар

қатарында  едім.  Дауылда  қанатым  талып,  киік  қаздардан  адасып

қалдым.  Аспанда  үшу  жалғыз  қазға  жараспайды.  Жерге  түссең,

асыранды  қаздардың  арасына  сыйыспайсың.  Асыранды  қаздар

аспанның  алапатын  сезбейді.  Ал  алапатсыз,  дауылсыз  өмір-өмір  ме?

Əлдекімнің бір уыс жеміне телмірген тірлік-тірлік пе?! Асыранды қаз

семіргеніне  мəз.  Ақыры  қазанға  түседі.  Киік  қаздар  азаттықты

аңсайды.  О,  азаттық!  Найзағайлы,  түйдек-түйдек  буырқанған

бұлттарды  жарып  өтіп,  аңсаулы  жерге  жетуге  асығудан  артық  лəззат

бар ма?!


Сол  киік  қаз  менмін,  Барсхан  бауырым.  Қанаттары  қайырылған,

туғандардан айырылған киік қаз.




Шоңайна сыбызғы осылай сарнады. Əдейі зират түбінде тұрамын.

Бектөбенің  зиратының  түбі  –  менің  мекенім.  Жайнақ  деген  кісінің

үйінін  арғы  жағы.  Жардағы  үңгірді  білесің  ғой,  Барсхан.  Сол  менің

үйім.  Сонда  қаламын.  Есінде  болсын,  мен  өлгенде  сол  үңгірді  сəл

терең  қазып,  сонда  көме  салыңдар.  Шамаң  келсе,  бір  қалың  тақтайға

қашап: «Махмұд Хусниддинұлы. Адасқан

жабайы  қаз»  деп  жаз.  Тасқа  жазса  болар  еді,  бірақ  оған  сенің

шамаң  келмейді,  Барсхан  бағырем.  Мына  бəкіні  саған  қалдырам,

сонымен тақтайға қашап жаз.

Шоңайна  сыбызғы  осылай  зарлайды.  Бұл  сарын  менің  жүрегіме

əбден  жетті.  Əкем  Мұртаза  есіме  түсті.  Е,  ол  да  осылайша  қорлық

көрген  екен  ғой.  Цынгадан  тістері  де  түсіп  қалған  шығар.  Білетіндер

көркем  кісі  еді  деседі,  намысшыл  кісі  еді  деседі.  Тісі  түсіп,  аузы

үңірейіп қалса, сол намыстан-ақ күйіп кеткен шығар. Оның да екі ұл,

бір қызы қалды. Оның жолын мойнына бұршақ салып тілеп, сарғайған

Айша қалды.

Бұл  баянсыз  жалғаннан  өтерінде  Мұртаза  кімге  арыз  айтты  екен?

«Бұл жерде Бердімбетұлы Мұртаза деген адасқан қаз жатыр» деп жаз

деп  кімге  жалынды  екен?  Ол  жазуды  мен  мың-миллион  қарағайдың

қай түбінен іздеймін?

Шоңайна  сыбызғының  сыңсыған  үніне  мен  ішімнен  осылай

қосылдым.  Менің  де  ішім  уілдейді.  Ғаламат  үн  тұншығып,  құмығып

жатыр.  Əттең  сыртқа  шығара  алмаймын.  Домбыра  тарта  алмаймын,

сыбызғы үрлей алмаймын. Небір сарнауық сарын кеудемді тепкілейді,

кернейді.  Кеудемді  буырқанған  бұлттар  жайлап,  күндей  күркіреп,

найзағайдай  жарқылдамақ.  Бірақ  тас  қамауда  жатыр.  Тұншығады,

тұншығады. Солай-солай. Сөйте-сөйте басылар.

Қыр  қаздары.  Киік  қаздар.  Дауылдарда,  жауындарда,  желдерде

қаңқылдасқан,  жол  таба  алмай  адасқан  жабайы  қаздар.  Соншама

тосқауылдан  қанаты  талып,  үзілер-үзілмес  үмітпен  ұшып  келе

жатқанда,  əлдекімдер  оқ  атып  құлатады.  Құламағаны  ше?

Армандармен, үміттермен барып-барып бəрібір құлайды.




−  Əй,  нағып  отырсыңдар?  Тұрыңдар!  –  деген  дауыс  мылтық

атқандай шаңқ етті. «Қоянерін» екен.

Дауылдарда, явындарда, жиллəрда,

Киек қазлар қиқылдаша

Мин билмəгəн теллəрда...



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет