Ұзақ жолдан шаршаған сауда керуені сары далада бір тұстарға келгенде аялдап, ас ішіп, ауқаттанбақ болады



бет1/8
Дата05.05.2023
өлшемі34,18 Kb.
#90120
  1   2   3   4   5   6   7   8

Ұзақ жолдан шаршаған сауда керуені сары далада бір тұстарға келгенде аялдап, ас ішіп, ауқаттанбақ болады.
Біраз адамдар даланы шарлап, тезек іздеп кетеді. Сөйтіп жүргенде бір тышқанның інінен шығып жатқан түйір түйір қара домалақ тастарды көреді. Қызық көріп жинап, қап түбіне салып алып келеді. Шамалы жиналған тезекпен тағы от жағып қойып, қара тастарды бір топ адам қызығып қарайды. Біреуі уыстаған күйінде жанған отқа қарай лақтыра салады. Отқа түскен түйір қара тастар қызуы күшейіп, жанады.
Көрген керуеншілер:
- Жанатын тас шығатын жер екен. Бір белгі қойып кетейік. Елге барған соң, басқаларды ертіп келіп, өнім аламыз дейді. Саудалауға әкетіп бара жатқан үлкен екі кесек тұзды бірінің үстіне бірін қойып қалдырып кетеді.
Кейін көпшілік жиналып, белгілеп кеткен жерін, орынды екі тұз қалған жер деп іздейді. Содан Екібастұз аталып кеткен. Көмір кен ашылып, қаласы пайда болады.
(130 сөз )
Мәтінге сәйкес тапсырмалар:
1.Берілген тұжырымдардың қайсысы мәтіннің мазмұнына сәйкес келеді
А) Саудагерлер тоқтаған жерден тұз табылды.
В) Айтылған оқиға көмір кенінің ашылуына себепкер болды.
С) Мәтіндегі сипатталған оқиға Екібастұз қаласының атауына әсер етті.
Д) Тезектің пайдасы.
Е) Саудагерлер тоқтаған жерден тышқанның іні табылды.
2.Жаңа отын түрінің табылуына себеп болған жағдай
А) Саудагерлердің жол жүруі
В) Тұзды қалдырып кетуі
С) Жылтыр тастарға қызығуы
Д) От жағу үшін отын іздеуі
Е) Тышқанның інін табуы
3.Мәтінде сөз етілмеген ақпаратты көрсетіңіз.
А) Саудагерлердің жол жүруі
В) Тұзды өнім алды
С) Жылтыр тастар қалдырып кетті
Д) От жағу үшін гүл іздеуі
Е) Көмір кен ашылуы
4.Мәтіндегі асты сызылған етістіктің шағын анықтаңыз
А) Ауыспалы осы шақ
В) Ауыспалы келер шақ
С) Жедел өткен шақ
Д) Бұрынғы өткен шақ
Е) Мақсатты келер шақ
5.Мәтіндегі «тас» деген сөздің синонимын анықтаңыз
А) Тұз
В) Оқиға
С) Көмір
Д) Қоныс
Е) Саудагер



1

2

3

4

5

В

Д

Д

А

С

Бір дәулетті кісінің иті болыпты. Ол иесінің үйін күзетіп өмір сүріпті. Қара тікен еттен өтіп, сүйекке жетіпті. Бір күні қора жақтағы есіктен кіріп келе жатқан бір қайыршы шалды көріп қалады. Ит бар дауысымен үре бастайды. Сонда шал:
- Аяшы мені, ит-ау, мен қатты ашықтым, - депті. Сонда ит шалға былай деп жауап беріпті:
- Мен де сол үшін үрем, менің дауысыммен үй иесі шығып,сені көрер,тамақтандырар, бәлкім.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет