Байланысты: Үлгерімі төмен оқушымен жұмыс есебі Lesson Study есебі 2023
«Оқушы үні» бақылаудағы оқушыларға сабақ соңында сұрақтар қойылды:
1. Саған сабақта бəрінен де не ұнады?
2. Сен нені үйрендің? Бұрын істей алмағандарыңнан қазір нені істей аласың?
3. Оқытудың қай бөлігі сен үшін барынша тиімді
болды?
4. Егер дəл осы сабақ басқа топта өткізілетін болса, нені өзгертер едің?
Lesson Study мұғалімдердің кәсіби біліктілігін көтерудің, білім жетілдірудің, тәжірибе алмасудың оңтайлы әдісі екендігіне көзіміз жетті. Оқушы тақырыпты жақсы меңгеруі үшін бірнеше сабақ бойы түрлі әдістерді қолданып, бақылап, зерттеп, соңында тиімді тәсілді анықтау арқылы жетістікке жетуге болады.
Қай кезде де мұғалім мектептегі негізі тұлға болып қала бермек, себебі оқушы білімді өз бетімен меңгеруі үшін оған жетекшілік қызмет атқаратын мұғалім. Мұғалім тек өз сабағында өз шәкірттерін жетелеуші ғана емес, кәсіби құзіретті, жан-жақты білімді, заман ағымына сай жаңашыл болса, өз идеялары мен ой-мақсаттарын әріптестерінің де санасына сәуледей сіңіріп, еріксіз еліктіріп, соңынан ілестіріп көшбасшы бола алады. Lesson Study- оқушыға саналы білім беруді көздеген бір мақсатқа жұмылған ұстаздар шеберханасы десек артық айтқандық емес.