Бірінші Lesson Study -ді талдап, онда белгіленген оқушылардың белсенді сабақ



бет1/2
Дата16.03.2023
өлшемі24,02 Kb.
#74864
түріСабақ
  1   2



Үлгерімі төмен оқушылармен жеке жұмыс жүргізуді жетілдіру.
«Lesson Study» зерттеу әдісін ұйымдастыру

03.11.2022 жылы №2 педагогикалық кеңестің 4-шешіміне сәйкес мектепішілік «Lesson Study» зерттеу әдісін ұйымдастыру туралы 16.11.2022 ж №73/нқ бұйрығы шығарылды. І тоқсан қорытындысы бойынша стандарт талаптарына сәйкес келмейтін 5Ә сыныпта 42,8% , 6-сыныпта 45% білім сапасын көрсеткен сыныптарға «Lesson Study» зерттеу әдісін қолдану ұйымдастырылды. Осы сыныптардың білімалушыларының білім сапасын арттыру мақсатында, сабақты зерттеу бойынша оқуды жақсарту үшін ынтымақтастықта жұмыс істеуді көздейтін


төмендегідей бақылаушылар тобы құрылды:
5-сыныпқа 6-сыныпқа:
Омаркулова Ж.Е. –төрайымы Түсіп Б.М.- төрайымы
Адамбек Г.Ш. Акуажанова С.К.
Беспаева Г.К. Бейсекеева А.С.
Спанова А.Ж. Сабитова А.Б.
Тусупова М.М. Саттыбекова А.А.
Агадилова А.С. Кәріп С.М.
Бақылаушы топтар сабақты бақылау бойынша жоспарларын əзірлеп , сабақты қалай бақылау керектігін, кімді бақылау керектігін, не нəрсеге мəн беру керектігін жəне
бақылауды қалай жазып отыру керектігін көрсететін формаларын қолданды. Бақылаушылар Пит Дадли бойынша А,В,С оқушыларын бақылауды таңдаған.
Lesson Study әдісі- 5 «ә», 6-сыныптарды бақылаудан басталды. Дәріс беретін ұстаздар өз еркімен іріктеліп, топ мүшелері құрылды. Бірінші Lesson Study циклі математика пәнінен (пән мұғалімі Алькешова Ж.Ж.) басталды. Мұнда сыныпты топқа бөліп, үй тапсырмасын сағат тілімен дәптерлерін алмасып, тексерді және бағалау критерийлері бойынша өзара бағалау жүргізілді. Өткен тақырып бойынша ауызша есептер орындатылып, жетелеуші сұрақтар берілді. Сабақта жиі сұрақ қою әдісін қолданылды. Бұл жерде белсенді диалог орнамаса да, топтың бірігіп жұмыстануына мүмкіндік берілді. Әрқайсысы өз деңгейлері жеткенше тапсырманы қызығушылықпен орындап, еңбектенді. Бақылауда болған оқушылар күтілген нәтижеге сай еңбектенгендері байқалды.
Бірінші Lesson Study -ді талдап, онда белгіленген оқушылардың белсенді сабаққа қатысуы үшін бір топқа бөліп, тапсырма беру керектігі айтылды, екінші Lesson Study қазақ әдебиеті пәнінің (пән мұғалімі Досжанова С.Е) жоспары құрылды, Lesson Study мүшелерінің пікірін ескере отырып, топ келісім бойынша бөлінді. «Конверт» әдісі бойынша үй жұмысы тексерілді.Әр топқа тақырып бойынша ресурстар берілді, топ мүшелері бірлесе жұмыс жасады. Шығармашылық жұмыс өте жақсы көрінді. Әрине, кітапқа қарап айтқан, жеткілікті түсіндірмеген оқушылар да болды. Бірақ, әрқайсысы өз деңгейлері жеткенше жұмыстанды. Бекітуде берілген тапсырмаларды да оқушылар қызығушылықпен орындады. Мұнда оқушылар өз топтары талдамаған деректер бойынша да сұрақтарға жауап берді. Бақылауда болған С және А деңгейлі оқушылар күткен нәтижеге сай жұмыстанды. Ал, В деңгейлі күткен нәтижеге жете алмады, бірақ сабақтың қалған бөлімдерінде белсенді болды, дегенмен бұл оқушыда өз біліміне сенімсіздік байқалды.
Үшінші Lesson Study кезеңінде математика пәнінен «Аралас сандарды қосу және азайту» тақырыбынан методикалық көмек ретінде сабақты Омаркулова Ж.Е (математика пән мұғалімі), сынып оқушыларын зерттеу мақсатында өткізді.Сабақты талқылап, жоспарлау кезінде бақылаудағы оқушылардың белсенділігін арттыру үшін жұптық тапсырма беру туралы ұсыныс болған еді. Оқушылар жұппен жұмыс жасады, күнделікті өмірмен байланыстырды, функционалдық сауаттылық болды.
Үй тапсырмасын тексеру барысында оқушыларға ең алдымен өткен тақырыпты еске түсіру үшін сұрақтар қойылып, жауаптар алынды. Сол арқылы шағын топтарға семантикалық карта беріліп, топ басшысы оқушыларды бағалады.
Бақылауда болған С және В деңгейлі оқушылар формуланы сөзбен талдап, есеп шығаруда қолдана білді. Ал, А деңгейлі оқушы тақырып бойынша күткен нәтижеге жете алмады.
Әдебиеттің сынын, теориясын, тарихын оқушыға меңгерту қажет, сондықтан сабақ үдерісінде сұрақ-жауап, дәлелдеу, талдау, салыстыру, жинақтау, қайта қорыту әрекеттері арқылы жүзеге асыруды жоспарладық. Зерттеуге алынған оқушылармен сөйлескенде материалдың молдығын және оны меңгеруге уақыттың тапшы екенін атап өтті. Тәжірибедегі «белсенді емес сыныптың» мәселесі бірден шешілмейді, бірақ оқушыны топтық жұмысқа тарта отырып, ашық сөйлесу, пікірін тыңдау арқылы ортаға бейімдеуді және «оқушы-мұғалім», «оқушы-оқушы» үдерісін үнемі дағдыға айналдырсақ, үнемі оқушы пікірімен санаса отырып, оларға ұнайтындай әдістерді қолдана отырып сабағымызды жоспарласақ ғасырдың талабына сай сындарлы ой айта алатын жеке тұлға тәрбиелей аламыз деген ойға келдік.
Зерттеу нәтижесі бойынша В деңгейіндегі оқушыны А деңгейіне көтерудегі бақылаушы жазбасынан: І тоқсан қорытындысы бойынша 6-сынып оқушысы оқу озаты Бертісхан Абылайхан жаратылыстану пәнінен «4» болып, оқу екпіндісі қатарына қосылды. Оқушының жаратылыстану пәнінен оқу сапасын арттыру үшін пән мұғалімі ретінде бірқатар жұмыстар жүргізіген. Сыныпта оқушылардың саны көп болғандықтан, топтық жұмыстар жиі қолданылды. Бертісханның жауапкершілігін арттыру мақсатында 2-топқа топ жетекшісі етіп сайлап, міндеттерін түсіндірді. Топтық, жұптық тапсырмалар бергенде, өзіне берілген жұмысты ғана орындап қоймай, тобының да жетістігі маңызды екенін бала түсіне бастады да, тапсырмаларды тиянақты орындайтын болды. «Заттар мен материалдар» бөлімін оқу барысында «Түрлі зат молекулаларының модельдерін әзірлеу» тапсырмасын өте жақсы орындап, ермексаздан молекулалар модельдерін жасап әкелді. «Қышқылдық ортаны анықтау және бейтараптандыру» жұмысын орындауда белсенділік танытып, лимон мен апельсин шырындарының рН ортасын анықтап, қорытынды жасай білді. «Тұрмыстық химия» тақырыбына байланысты ескертпе-нұсқаулық жасап, балаларға таныстырды. Берілген сызба-нұсқа, кестелерді орындап, көрсетіп отырды. Дәптер ұстау жайы да жақсарды. 2-тоқсан қорытындысында Бертісхан Абылайхан жаратылыстану пәнінен «5» болып, жақсы нәтиже көрсетті.
Бақылаушы топ мүшелері математика пәнінен ғана «3», «4» болған оқушылармен жұмысты жандандыру үшін С деңгейіндегі оқушыларды В деңгейіне көтеру мақсатында жеке тапсырмалар арқылы пәнге қызығушылығын ояту, сабаққа белсенді қатысуын қамтамасыз ете отырып есте сақтау қабілеттерін жетілдіру үшін мынадай жұмыс жоспарын ұсынды:



Жүргізілетін жұмыс

Берілетін тапсырма

Орындауға берілетін жұмыс

1

Жаңа тақырыпты игерту

  1. Оқулықпен шектелмеу, тың мәліметтермен жұмыс жасау

  2. Сабақты бекіту сұрақтарына жауап беруін қадағалау

Сабақ барысында келтірілген мысалдарға қарай отырып есеп шығару

2

Үй тапсырмасын орындауға бейімдеу

1.Деңгейлеп берілген есепті шығарып келу
2.Қиналатын оқу мақсаттарына берілген тапсырманы жеңілдету

Берілген есепті ешкімнің көмегінсіз шешіп үйрену

3

Оқушының есте сақтау қабілетін дамыту

Топпен, жұппен жұмыс. Тестпен жұмыс жасауға жаттықтыру

Топтық, жұптық жұмыс.Тест құрау

4

Сөйлеу қабілетін дамыту

Үй тапсырмасын қадағалау.
Ауызша сұрақтар қою

Ауызша жауаптарын талдау

Жоспарға сәйкес 5 «ә» сыныбынан Өнербек Кәусар, 6-сыныптан Абдрахманова Аружан, Абдрахманова Аяжан, Ахметбек Марғұлан , Қайраткер Нұрай атты білімалушылармен жаңа тақырыпты игертуде сабақ барысында келтірілген мысалдарға қарай отырып есеп шығаруын, үй тапсырмасын орындауға бейімдеу үшін деңгейлеп берілген есепті ешкімнің көмегінсіз шығарып келуіне, қиналатын оқу мақсаттарын анықтап, сол бойынша берілген тапсырманы орындауына бағыт берілді. Оқушының есте сақтау қабілетін дамыту үшін өткен тақырыптар бойынша тест жұмыстары алынды. Сонымен бірге, қоңырау кезінде

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет