Біз бұл курстық жобада ректификациялық қондырғыны есептелінген


Ректификациялық қондырғылардың тәсілдері



бет3/5
Дата06.01.2022
өлшемі1,08 Mb.
#14644
1   2   3   4   5
Ректификациялық қондырғылардың тәсілдері.

Мерзімді және үздіксіз әрекетті қондырғыларда әртүрлі қысымда (атмосфералық, вакуумда және атмосфералық қысымнан жоғары) өткізіледі.

Жоғары температурада қайнайтын қоспаларды вакуумда, ал қалыпты температурада газ күйінде болатын қоспаларды жоғары қысымда ажыратады.

Мерзімді әрекетті қондырғылар. Бастапқы қоспа 1 кубқа құйылады. Кубтың



Өзг

Бет

Құжат №

Қолы

Күні




Бет

































ішіне ирек құбыр орнатады. Ирек құбыр арқылы ысытатын бу беріліп, қоспа қайнау температурасына дейін ысытылады. Кубта пайда болған бу колоннаның (2) төменгі жағына беріледі. Колонна ішіне табақшалар немесе насадкалар орнатылады. Колоннаның жоғары жағына флегма беріледі. Сонымен колоннада бу және сұйық фазалар арасында масса алмасу процесі өтеді: Будағы жоғары температурада қайнайтын құрастырушы конденсацияланады; бұл кездегі бөлінген жылу флегмадағы төменгі температурада қайнайтын құрастыруға ағынның (ТҚ) булануына жұмсалады. Бу колонна бойынша жоғары көтерілген бұл процесс көп рет қайталанады. Осының нәтижесінде көтерілген бу ТҚ-мен байытылып, дефлегматорда (3) конденсацияланады.

Дефлегматордан шыққан сұйық екі бөлікке бөлінеді: бір бөлігі флегма деп аталып колоннаға қайта беріледі, ал екінші бөлігі дистиллят суытқыш (4) арқылы жинағышқа (6) беріледі. Флегма төмен қарай ағып сифон арқылы кубқа беріледі. Сонымен, ректификация нәтижесінде қоспа құрастырушыларға толық ажыратылады: ТҚ дистиллят (өнім) түрінде жинағышқа (6) жиналады, ЖҚ кубтық қалдық түрінде кубта қалады.

Кубтық қалдықтың қажетті концентрациясында процесс тоқтатылады да, қалдық кубтан шығарылады. Қалдықтың қажетті концентрациясын оның қайнау температурасымен анықтайды. Мерзімді әрекетгі ректификацияда концентрация уақыт бойынша өзгереді. Сондықтан, алынатын өнімнің концентрациясы тұрақты болуы үшін процесті флегма санын өзгерту арқылы (бастапқыда аз, ал соңында ең көп) өткізеді.



Егер флегма саны тұрақты болса, онда өнімнің концентрациясы біртіндеп азаяды. Мұның барлығы мерзімді процесті басқарудың және есептеудің қиындығына әкеліп соғады.

Сурет 1.2 Мерзімді әрекетті ректификация қондырғысының тәсімі:

1-ысытқыш; 2-ректификациялық колонна; 3-дефлегматор; 4-флегма бөлгіш;


Өзг

Бет

Құжат №

Қолы

Күні




Бет

































Үздіксіз әрекетті қондырғы. Бастапқы қоспа әдетте ысытқышта (1) қайнау температурасына дейін ысытылып, колоннаның қөректенуші табақшасына беріледі. Қоректенуші табақша колоннаны екі бөлікке бөледі: 1) жоғары бөлігі – қөректенуші табақшадан жоғарғы табақшаға дейін. Бұл бөлікте дефлегматорға баратын будың құрамы ТҚ-мен барынша нығайтылуы (байытылуы) керек. Сондықтан колоннаның бұл бөлігін нығайтылу немесе жоғарғы бөлігі деп атайды 2) төменгі бөлігі - қоректенуші табақшадан ең төменгі табақшаға дейін, бұл бөлікте барынша сұйықтағы ТҚ-ны тауысу керек, сөйтіп оны ЖҚ мен жетілдіру керек, яғни кубқа құрамы жағынан ЖҚ-ға жакын сұйық берілуі керек. Сондықтан колоннаның бұл бөлігін тауысу немесе төменгі бөлігі деп атайды.

Колоннада төменнен жоғары қарай қайнатқыш - кубтан (4) шыққан бу көтеріледі. Қайнатқыш куб колоннадан тыс немесе оның төменгі жағына орналасуы мүмкін. Әр табақшада ЖҚ конденсацияланып, сұйықтан - ТҚ буланады. Сонымен, қайнатқыш - кубтан көтерілетін негізінен ЖҚ-дан құралған бу колоннадан шыққанша ТҚ-мен байытылады.

Дефлегматорда (3) суық сумен бу конденсацияланады. Бұл конденсат бөлгіште (8) екі бөлікке-дистиллят (жоғарғы өнім) және флегмаға бөлінеді. Флегма колоннаға қайтарылып беріледі және оңда бумен жанасып, ЖҚ-мен байытылады. Қайнатқыш-кубтан кубтық қалдық (төменгі өнім) жинағышқа (6) беріледі. Дистиллят суытқыш (5) арқылы жинағышқа (7) беріледі.

Колоннаның төменгі жағынан шығатын қалдық екіге бөлінеді: бір бөлігі қайнатқыш-кубқа беріледі де, ал қалған бөлігі суытқышта - суытылып жинағышқа (6) беріледі.

Үздіксіз әрекетті ректификациялық қондырғылар өлшегіш-бақылағыш және басқару құралдарымен (приборларымен) жабдықталады. Бұл құралдар жәрдемімен құрылғының жұмыс істеуін автоматты түрде басқару және процесті тиімді режимде өткізу мүмкіндігі туады.




Сурет 1.3 Үздіксіз әрекетті ректификация қондырғының тәсімі:

1-бастапқы қоспа үшін ыдыс; 2,9-насостар; 3-жылуалмастырғыш-қыздырғыш; 4-қайнатқыш; 5-ректификациялық колонна; 6-дефлегматор; 7-дистиллят мұздатқышы; 8-дистиллят жинау үшін ыдыс; 10-кубтық сұйық мұздатқышы; 11-кубтық сұйық үшін ыдыс.




Өзг

Бет

Құжат №

Қолы

Күні




Бет






































Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет