3. Өзара әрекеттесу арналары Біздің клиенттеріміз құндылықтарымызды қандай арналар арқылы алғысы келеді? Қазір қандай арналар арқылы алып жатыр? Сіздің клиенттеріңізбен байланысатын арналар – сіздің бизнесіңіздің ажырамас бөлігі.Бұл ретте, барлық арналарды принципті ескеру қажет: бірінші қарым-қатынас, сендіру, жеткізу, сатудан кейінгі қызмет, жарнама және т. б.
Олар сіздің клиенттеріңізге толық ұнай ма? Олар сізге ыңғайлы ма? Олар клиенттердің бизнесіне сай ма?
4. Клиенттермен қарым-қатынас Сегменттердің әрқайсысымен біздің қрым-қатынасымыз қандай? Олар қалай біріктірілген? Олар біз үшін қаншалықты қымбат? Коммуникацияның әр бөлігінде клиенттермен қандай қарым-қатынас жасалады? Сіздің тұтынушыларыңыздың күткені осы ма? Оларға бәрі ұнай ма? Сіз оған қанша шығын жұмсайсыз?
5. Кіріс ағыны Біздің клиенттеріміз қандай тауарға төлеуге дайын? Олар қазір қандай тауарға төлейді? Олар қалай төлейді? Әрбір ағынның жалпы үлесі қандай? Бұл бөлімде түрлер бойынша бөле отырып, алатын барлық табыстарды атап өту қажет. Мысалы: кесімді, құбылмалы бағасы бар өзгеріссіз тұрақты табыс, жалға алу және т. б. Табысты клиенттер топтары бойынша және сату түрлері бойынша бөлуге болады.
Әрбір кіріс ағынына оның сипаттамасын және жалпы кіріс ағынындағы үлесін бекіту қажет. Осылайша, сіз негізгі, ең маңызды кіріс ағындарын бөліп ала аласыз. Бұл сізгеболашаққа даму жоспарын анықтауға көмектеседі: қандай аспектіні күшейту керек, не нәрсеге ерекше назар аудармауға болады.
6. Негізгі ресурстар Негізгі құндылықтарды құру үшін бізге қандай негізгі ресурстар қажет? Біздің тарату арналарымыз? Келесіқадам - қажетті ресурстарды анықтау. Бұл реттеөндіріс үшін де,клиенттермен қарым-қатынасты, өткізу арналарын және т. б. құру үшін де қажетті барлық ресурстарды бөлу қажет.
Ресурстарды түрлері бойынша бөлу қажет:ақша,шикізат,адами, ақыл-ой, материалдық емес (мысалы, патенттер, куәліктер) және т. б.