Бизнес-ойлау психологиясы



бет1/188
Дата24.07.2022
өлшемі4,9 Mb.
#37886
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   188
Байланысты:
МУ Основы пред-ва 03102019 каз


МАЗМҰНЫ




Алғысөз




1.

Бизнес-ойлау психологиясы




1.1.

Бизнес-мәдениетті қалыптастыру




1.2.

Кәсіпкерлік қызметтегі команданың рөлі




2.

Бизнес идеяларды таңдау




2.1.

Нарық, аймақ трендтері




2.2.

Саланың трендтері




3.

Бизнес-модель, жоспарлау




3.1.

Бизнес-модель




3.2.

Бизнес-модельдің канвасы




3.3.

Бизнес-жоспар




4.

Маркетинг және маркетингтегі зерттеулер




4.1.

Маркетинг негіздері




4.2.

Маркетингтегі зерттеулер




4.3.

Мақсатты аудитория




4.4.

MVP-өміршеңдігі минималды өнім




4.5.

Сұхбат




4.6.

Офлайн арналары, ATL, BTL




4.7.

Онлайн арналар




4.8.

SMM




5.

Сату стратегиясы




5.1.

Сату айналымы. Клиентті қалай тартуға және ұстап қалуға болады




5.2.

Ағымдағы пайдаланушылармен сауданы қалай жақсартуға болады




5.3.

Сату техникасы




5.4.

Келіссөздер




5.5.

Пайда арналары




6.

Бизнестегі негізгі ресурстар




6.1.

Стартап қызметіне қажетті ресурстар




6.2.

Салалық ресурстардың ерекшеліктері




6.3.

HR-персоналды басқару




7.

Операциялық қызмет




7.1.

Басым істерді анықтау




7.2.

Серіктестік қатынастарды құру. Аутсорсинг




7.3.

Салықтар




7.4.

Құқықтық қатынастар




7.5.

Заңды тұлғаны тіркеу. Электрондық қызметтер




8.

Бизнестің қаржылық моделі




8.1.

Шығыстарды есептеу. Кассалық алшақтықтар




8.2.

Қаржы моделі-1




8.3.

Қаржы моделі-2




9.

Инвестициялар тарту және мемлекеттік қолдау шаралары




9.1.

Инвестицияларды тарту тәсілдері. Мемлекеттік қолдау шаралары




9.2.

Тиімді таныстыру әдістері




9.3.

Көпшілік алдында сөз сөйлеу дағдылары




10.

Даму стратегиясы




10.1.

Бизнесті кеңейту




11

Кәсіпкердің жауапкершілігі




11.1

Кәсіпкердің жауапкершілігі







Бизнес-жоспар үлгісін толтыру






АЛҒЫСӨЗ

Құрметті студент!


Бұл курсты оқу барысында сіз базалық және кәсіби құзыреттілікке ие бола аласыз, яғни интеграцияланған есептер, іскерлік және тәжірибе, сонымен қатар кәсіпкерлік қызметті тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жеке қасиеттер негізінде кәсіби міндеттердің жиынтығын шеше аласыз., сонымен қатар сіз өз бетіңізше маркетингтік зерттеулер жүргізе аласыз және клиенттерді тарту және ұстап қалу бойынша сату техникасын қолдана аласыз, операциялық қызметтің; бизнес-модельдер мен бизнес-жоспарды құрудың; бизнестің құқықтық негіздерін; идеяларды іске асыру үшін қажетті өмірлік маңызды дағдылардың; электрондық қызметтерді қолдану, бизнесті масштабтау және кәсіпкерліктің жауаптылығының мәнін түсіне аласыз.
Осы курс "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының бастамасы бойынша факультативтік сабақтар түрінде енгізіледі. Пәнді оқытудың мақсаты-білім алушылардың кәсіпкерлік қызмет негіздерінен базалық білім алуы, алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуі; өз таңдауына және кәсіпкерлік ойлауды, белсенді өмірлік позициясын қалыптастыруға жауапкершілікті дарыту; қазіргі нарықтық жағдайларда болашақ дербес іс-әрекеті үшін практикалық дағды базасын құру болып табылады.
Курс келесі міндеттерге қол жеткізуге бағытталған:
1) білім алушыларда кәсіпкерліктің теориялық және практикалық негіздерін қалыптастыру;
2) Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызмет туралы білім жүйесін игеру;
3) өз жетістіктері мен өмірлік ұстанымдары үшін жауапкершілікті тәрбиелеу;
4) білім алушыларда кәсіпкерлік ойлауды және өз әлеуетін іске асыру үшін мүмкіндіктерді көре білуді қалыптастыру;
5) бизнес-идеяларды генерациялау және оларды кәсіпкерлік қызмет деңгейіне дейін дамыту дағдыларын меңгеру;
6) бизнестің өміршеңдігін арттыру мақсатында бәсекелестіктің өзгермелі жағдайларында бизнес-модельдеу және бейімдеу дағдыларын дамыту;
7) білім алушыларда жеке қаржылық сауаттылық пен бизнес-жоспарлаудың практикалық дағдыларын қалыптастыру;
8) заманауи ақпараттық технологияларды пайдалану, зерттеу дағдыларын қалыптастыру.
"Кәсіпкерлік қызмет негіздері" курсы 11 бөлімнен тұрады. Курстың ұзақтығы 36 академиялық сағат. Қорытынды нәтиже бизнес-жобаны қорғау және сертификат алу болып табылады. Әрбір бөлімнің соңында сынақ жұмыстарына арналған тапсырмаларды бағалау келесі критерийлерді ескере отырып жүзеге асырылады:
1) теориялық және практикалық білім көлемі;
2) командада жұмыс істей білу;
3) креативтілік;
4) нақты мәселелерді шешу үшін білімді қолдана білу;
5) өз мәтіні мен презетнациясын қисынды жасай білу;
6) шешендік қабілеттер.
1-бөлім. БИЗНЕС-ОЙЛАУ ПСИХОЛОГИЯСЫ
Тақырып 1.1. БИЗНЕС-МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

  1. Кәсіпкерлік ойлау;

  2. Кәсіпкерлік түрлері;

  3. Кәсіпкерліктің мәні




  1. КӘСІПКЕРЛІК ОЙЛАУ

Таяуда Қазақстан дамудың келесі кезеңіне өтті. 2017 жылдың сәуір айында Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту" мақаласын жария етті. Осы еңбегінде Мемлекет басшысы қоғам мен әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың негізгі бағыттарын атап өтті: бәсекеге қабілеттілік; прагматизм; ұлттық бірегейлікті сақтау; білімнің салтанат құруы; елдің эволюциялық дамуы және сананың ашықтығы ("Рухани жаңғыру"бағдарламасы).
Кәсіпкерлер экономикалық қатынастардың қатысушылары ретінде осы процесте жетекші рөл атқарады. Қазақстанды және қазақстандық тауарларды халықаралық нарықта бәсекеге қабілетті ету; әділдік пен прагматизм негізінде серіктестермен және тұтынушылармен қарым-қатынас жасау; ұлттық бірегейлікті жоғалтпай, бизнесті жүргізудің үздік инновациялық тәсілдері мен тетіктерін таңдау; бизнес-процестерге жаңа білім мен технологияларды әкелу кәсіпкерлердің қолынан келетін іс; олар елдің эволюциялық және ашық дамуына көмектеседі.
Кейінірек біз кәсіпкерлердің экономика үшін маңыздылығын талқылаймыз. Қазір кәсіпкерлердің кім екенін және олардың басқа – кәсіпкер емес адамдардан айырмашылығы қандай екенін екенін талдаймыз.
1-тапсырма
Төмендегі кестеге өз ойларыңызды жазыңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет