Мәнмәтіндік жарнама — іздеу элементіне орналастырылатын және енгізілетін сұрауға сәйкесетін жарнамалық хабарландыру. Олар осы тақырып қызықтыратын және әлеуетті клиенттер болып табылатын пайдаланушыларға көрініп тұрады. Мұндай жарнама тек іздеу элементінде ғана емес, электронды поштаның бүйір жақтағы панельдерінде, жаңалық сайттарында және т. б. көрініп тұруы мүмкін.
Яғни, егер адам іздеушіге "терезе орнату" деп жазса, осыған ұқсас хабарландырулар оның браузерінде - потасында, жарнаманы табыс көзі ретінде пайдаланатын кез келген басқа сайттарда тұрақты түрде көрініс беріп отырады Іздеуші сізді қызықтыратын ақпаратты есінде сақтайды және оған ұқсас өнімдердің жарнамасын ұсынады.
Мұндай жарнаманың құны оның танымалдығына және релеванттығына байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, қыста "кондиционердің" сұрау құны төмен, ал жазда-жоғары болады. Мәнмәтіндік жарнаманың тиімділігі оның туралауына байланысты. Бұл ретте мәнмәтіндік жарнама пайдаланушыны веб-сайтқа ғана емес, лендинг-пейджге (бұл туралы біз кейінірек сөз етеміз) немесе өз бизнесін алға бастыру үшін қандай арналарды қодданатынына қарай - әлеуметтік желілерге алып келе алады.
Мәнмәтіндік жарнама нарықта жоғары бәсекелестікпен жұмыс істейді және "сарафандық радио" арқылы база құрып үлгерген жоқ. Оны желідегі оқыту материалдарын пайдалана отырып, өз бетіңізше іске қоса аласыз.
Әлеуметтік желілер мен блогтарда немесе SMM (Social Media Marketing) алға жылжыту
Әлеуметтік желілердегі жарнамалық сипаттағы хабарландырулар шағын аудиторияға және олардың қажеттіліктеріне бағытталған. Әлеуметтік желілердегі жарнаманы туралау арқылы мақсатты аудиторияның сипаттамасын қалыптастыруға болады: сіз жарнамаларды, мысалы, адамдардың қызығушылықтары, профильдік деректері, отбасы жағдайы, туған күні және т.б. бойынша туралай аласыз.
SMM - пайдаланушылар сатып алсам деп ойламаған немесе оны қажеттілік деп қарастырмаған тауарларды өткізетін мақсатты аудиториясы түсінікті бизнеске жарамды. Супермаркеттегі кассаның кезегін есіңізге түсіріңізші. Сіз сағыз сатып аламын деп ойлаған жоқсыз, бірақ кезекте тұрғанда былай деп ойландыңыз: "Ала салайын» Міне, сіздің себетіңізде сағыз жатыр. Әлеуметтік желілердегі жарнама осылай жұмыс істейді. Жүйе пайдаланушылардың басқан лайктары немесе жиі кіретін беттері, құрамында тұрған топтары бойынша талғамын біледі және оны қызықтыратын жарнаманы көрсетеді.
Әлеуметтік желілердегі жарнаманың артықшылықтары:
- дұрыс туралаған кезде - тиімділігі мәнмәтіндік жарнамаға қарағанда өте жоғары;
- алғашқы нәтижелері жарнаманы орналастырғаннан кейін алғашқы күндері-ақ көрінеді;
- мақсатты аудиторияны кеңінен қамтиды.
Әлеуметтік желілердегі жарнаманың кемшіліктері:
- мәнмәтіндік жарнамада сияқты, нәтиже тұрақты болуы үшін тұрақты шығындар қажет;
- уақыт өте келе клиенттер санының төмендеуі байқалуы мүмкін – жаңа аудиторияны іздеу үшін креативті идеялар талап етіледі;
- креатив өте қысқа уақыт ішінде бірегей болып саналмай қалады;
- пайдаланушылардың барлық базасы тез қолданылады: сатып алғысы келгендердің барлығы тауарды сатып алады, сатып алғысы келмегендер қызығушылық танытпайды.