Осы кезеңде сіз бизнес-модельдермен және бизнес жоспармен танысасыз. Бірақ мәселе бұрынғысынша қалады: "Бизнес-модель мен бизнес-жоспар арасындағы айырмашылық неде?". Жауабы қарапайым: бизнес-модель - бұл схема, ал бизнес-жоспар – есептеулер мен нақтылығы. Сіздің бизнес-моделіңіздің негізінде уақыт өте келе осы модельді іске асырудың бизнес-жоспары әзірленеді.
Бизнес-жоспарда компанияның / жобаның мақсаттары мен миссиясы, құнды ұсыныстарды жасау кезіндегі негізгі құзыреттер, қызметтің негізгі ережелері, негізгі іргетасы бизнес-модель болып табылатын компанияның белгілі бір кезеңге дамуы жүйеленеді.
Бизнес-модельді әзірлеу компанияны дайындаудағы алғашқы қадам болып табылады және бизнес-жоспардан бұрын құрылады.
Бизнес-модельдің және бизнес-жоспардың құрылымының салыстырылуын сіз 1- суреттен көре аласыз.
Бизнес-жоспарды құру процесін талдау осы процесітң өнімі ретіндегі бизнес жоспар мен кез келген жоспарлау процесінің шыққан жері ретіндегі бизнес-модель арасындағы байланысты көрсетеді. Бизнес-модель бизнес-жоспардың негізін құрайды және бизнестің негізгі бағыттарын жоспарлау процесін жеңілдете алады.
Бизнес-модель бизнестің төрт негізгі элементіне негізделген: клиенттер, ұсыныс, инфрақұрылым және қаржылық тұрақтылық. Бұл элементтер бизнес-жоспарда егжей- тегжейлі қарастырылады.
Сізде негіз бар болса, жоспарлауды бастау оңай. Бизнес-модельдің көмегімен жоспарлау процесінде сіздің назарыңыз дұрыс нәрселерге түседі.
Олар өзара байланысты болғандықтан, бұл екі құрал бір-біріне сәйкес келуі керек. Осылайша, егер бизнес-модель өзгерсе, ол компанияның немесе жобаның жаңа идеяларына сәйкес келуі үшін бизнес-жоспарды қайта жасау қажет болады.