Бүкіл әлемнің фирмалары мен компаниялары қызметке қажет ақпаратты сақтау және өңдеу үшін компьютерлерді қолданады


ІІІ DBF, Paradox форматтарымен жұмыс жасау



бет16/26
Дата08.06.2022
өлшемі0,55 Mb.
#36560
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   26
ІІІ DBF, Paradox форматтарымен жұмыс жасау

Қазіргі кезде мәліметтер қорларымен жұмыс істейтін жаңа және перспективті формат XML, сондай-ақ өте жақсы ADO форматтарының бар болуына қарамастан көптеген бағдарламалаушылар DBF және Paradox форматтарын әлі де қолданады. Сондықтан оларды қарастырмай кетуге болмайды.





    1. Paradox кестелерін құру

Paradox және DBF – бұл мәліметтер қорлары емес, кестелер. Егер Access- тің бір базасында бірнеше кестелер сақталынатын болса, Paradox пен DBF-те бір файлда тек бір кесте ғана сақталады. Сонымен қатар, индектер кестеден бөлек сақталынады, ал бұл белгілі бір кедергілерді туғыуы мүмкін.
Алғашқы мәліметтер қорын құру үшін Database Desktop жеке бағдарламасын жүктеу керек. Ол Сурет-3-те көрсетілген. Ол Delphi-дің жабдығына кіреді. Ашқаннан кейін келесі әрекеттерді орындау керек:

  1. File/New/Table менюін таңдау;

  2. Ашылған терезеде тізімнен Paradox7 таңдау;

  3. ОК батырмасын басу.

    • Рет бойынша номер – Database Desktop оны автоматты түрде генерациялайды және оны өзгерту мүмкін емес;

    • FieldName – өріс аты. Осы жерде өрістерге тек ағылшын әріптермен бос орын қалдырмай аттарды қоюға болады;

    • Type - өрістің типі. Тышқанның оң жақ батырмасын шерткеннен кейін мүмкін болатын бүкіл өрістердің тізімі шығады, осы жерден керегін таңдай қажет;

    • Size – мөлшер. Бұл өрістің мөлшері. Өрістердің бүкіл типтерінің мөлшерлерін өзгертуге болмайды. Көпшілігінде ол қатаң түрде берілген. Мөлшер көбінесе жолдық типтер (alpha), бинарлық (binary) және т.б. өзгертіледі;

    • Key – кілт. Егер осы баған екі рет шертілген болса, онда ағымдағы өріс кілттік өріске айналады. Бұл үнсіздік бойынша кестенің кестенің бүкілі осы өріс бойынша сортталады дегенді білдіреді. Кілттік өрістер болып тек алғашқы өрістер ғана бола аады, яғни екінші өріс тек біріншімен ғана кілттік өріс бола алады. Кілттік өріссіз кестеге жаңа жазбаны енгізуге болмайды.

Мысал үшін, тапсырмаларды қабылдау – классикалық мысалын алайық. Ең бастысы бұл мәліметтер қорының құрылымын дұрыс елестету және құру. Біз қарастыратын жағдайда есеп келесі өрістер бойынша жүргізілсін:

  • Фамилия;

  • Аты;

  • Тегі;

  • Туған күні;

  • Туған жері;

  • Оқу түрі;

  • Үлгерімі;

  • Мекен-жайы.

О
сы өрістерді жазғаннан кейін ат беріп сақтаймыз.
Сурет-3
Енді Пуск/Программы/Borland Delphi менюінен SQL Explorer бағдарламасын жүктеңіз (Сурет-4).
Осында кестенің әр түрлі директорияларына псевдонимдер (Alias) құрылады. Бұл псевдонимдер регистрде сақталады және одан кейін барлық бағдарламалар орындалғанда осы псевдонимдер бойыншакестенің директориясын тауып алып, мәліметтерге қатынау кезінде қолдануға жататын қажетті балық баптауларды оқи алады.
Жаңа ат құру үшін Object менюінен New пунктін таңдау қажет. Database driver name өрісі STANDART болуы қажет терезе ашылады. ОК батырмасын басамыз. Бұл жаңа Alias (аты) құрайды. Оны қажет атқа ауыстыруға болады. Біздің жағдайда STANDART2.
Терезенің оң жағында PATH жолына бару қажет. Директория таңдау терезесі ашылады. Құрылған кестелері бар директорияны тауып, ОК басылады.
Жасалғанның бәрін сақтау үшін Object менюінен Apply пункті таңдалады.
Енді кестелер дайын. Delphi-ді іске қосып Paradox кестелерімен жұмыс істейтін алғашқы бағдарламаны жазуға болады.
Жаңа жоба құрыңыз. Оған Data Access вкладкасынан DataSource компонентін, BDE вкладкасынан TTable компонентін қою керек. Бірінші DataSource үшін DataSet қасиетін Table1 деп қояйық. Енді Table1-дің келесі қасиеттерін өзгерту керек:

  • DatabaseName – STANDART2 қою керек (бұл SQL Explorer-де жасалған Alias);

  • TableName – tab.db. Бұл кестенің аты жолдың ашылатын тізімінен таңдалады;

  • Active – кестеге активизация жасау үшін мәні true деп қойылады.

Одан кейін Data Controls компоненттер палитрасынан DBGrid компонентін қойыңыз. DataSource қасиетінде біреуіне Datasource1 деп жазылады.
Енді бағдарламаны жүктеп, оның жұмыс істейтініне көз жеткізуге болады. Бірақ, бұл жердегі кесте тек қана экран бетіне шығып тұр.
Paradox мәліметтер қорымен жұмыс істейтін алғашқы қосымша дайын деп айтуға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет