Бұл Қмж ust kz сайтында жасалынған. «Ustaz tilegi» ғылыми-әдістемелік орталығының сайтынының Қмж бөлімінде кез-келген пән, кез-келген сынып бойынша Қмж және презентацияны жүктеп ала аласыз. Ол үшін сілтеме арқылы өтіңіз



бет3/55
Дата10.04.2023
өлшемі479,17 Kb.
#80963
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55
Ұйымдастыру. Сыныпта қолайлы ахуал қалыптастыру. «Өрмекші торы» әдісі
Оқушылар айнала тұрып, жіп орамын бір-біріне береді, барлық оқушы жіптен ұстауы қажет. Орамды бергенде: «Бүгінгі сабақта саған ... тілеймін», – дейді.
Тірек етістіктер көмегімен мақсат қою.
Мұғалім сабақтың тақырыбын айтады және оқушыларға тірек етістіктердің көмегімен сабақтың мақсатыншығаруды ұсынады: оқу, білу, білік, анықтау, жалпылау, бекіту, дәлелдеу, салыстыру, талдау, қорытынды шығару, жүйелеу, т.б.

Жаңа материалды меңгеру
1-тапсырма
(Жеке) «Түртіп алу» арқылы оқу әдісі
(Ж) - Оқу материалы бойынша қандай сұрақтар туындады және қандай ақпарат саған белгілі?
- Дүниежүзінің физикалық-географиялық, тарихи-мәдени, саяси-географиялық, геосаяси аудандастырылуының себебі неде?
- Қандай дәлелдер келтіре аласың?
Дескриптор:
1. Түртіп алу арқылы тақырыпты оқиды.
2. «V» – білемін (тақырыпты оқығанға дейін мен білдім), «+» – жаңа мәлімет білдім!
«?» – сұрақтар туындады, осы әдіс туралы көп білгім келеді.
3. Келтірілген айғақтарын дәлелдейді.

Оқушылар сабаққа қатысу белсенділігіне қарай қалыптастырушы бағалаумен бағланады

Тапсырма орындауға қажетті құралдар




Сабақтың ортасы

Ж. 2-тапсырма
Оқып,сұрақтарға жауап бер.
Аудандастыру– жер бетін бірыңғай жағдайларына қарай бөлетін географиялық кеңістіктегі жүйелеу. Физикалық географияда мұндай жағдайлар ретінде топырақ, жер бедері, климат, өсімдік жамылғысы, геология қарастырылады. Экономикалық географияда– әкімшілік шегаралар, табиғат ресурстары, халықтың құрамы, салалық мамандандырылуы қарастырылады. Аудандастыру – географияның басты әдістерінің бірі. Себебі ол аумақтарды географиялық тұрғыдан оқып-үйренудің негізі, яғни географиялық жағдайлардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ажыратуға көмектеседі.

Сұрақтар:
1) Физикалық және экономикалық географиядағы аудандастырудың негізін талдап, аудандастыру деген не екендігін түсіндір.
2) Венн диаграммасының көмегімен аудандастырудың географиядағы маңызды әдіс екендігін дәлелде
3) Кешенді географиялық аудандастырудың маңызы жайлы өз көзқарасыңды ұсын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет