Еңбек нарығында жұмыс күші бір жағынан сатылады, ал екінші жағы оны сатып алады. Сондыктан жұмыс күші деген ұғымға тоқталайық.Жұмыс күші дегеніміз адамның физикалық жəне ой қабілеті, осы қабілетін ол материалдық жəне рухани игіліктерді өндіруге пайдаланады. «Жұмыс күші» деген ұғым тек экономикада жалданып жұмыс істеп жүргендердің нақтылыеңбекте пайдаланып жүрген қабілеттері. Бұл ұғымға жұмыс іздеген жұмыссыздардың жəне де жақын болашақта жалданатын еңбек резервтер қатарына жататын адамдардың еңбектену қабілеттері жатады. Жұмыс күшінің еңбекке деген қабілеті əр түрлі болады, алайда еңбек кезінде оның барлығы бірдей қолданылмайды. Сондықтан жұмыс күшінің нақтылы енбекке қажет қабілеттері бағаланады, белгілі кəсіп жасауға жұмсалынған жұмыс істеу қабілеттері өмірге, тіршілікке қажет заттарға айырбасталынады. Демек, еңбек рыногы дегеніміз «жұмыс істеп жүрген» жұмыс күші рыногы. Ол қоғамда туған жүмыс күшіне деген сұраныспен, кəсіптік қабілет пен оны бағалаумен, жұмыс күшті белгілі уақыт ішінде пайдалану қатынастарымен байланысты. Бұл жерде айырбастау, сату, сатып алу объекті ретіне еңбекке деген қабілеттің істе көрінуі, басқаша айтқанда, іске қосылған жұмыс күші болмақ.
Еңбек нарығы пайда болуы жəне іске кірісуі үшін ең кем дегенде оның құрылымында мына бөліктер болу қажет:
Еңбек нарығы пайда болуы жəне іске кірісуі үшін ең кем дегенде оның құрылымында мына бөліктер болу қажет:
Еңбек нарығының субъектілері (жалданған еңбеккер жəне олардың одақтары, мемлекет жəне оның органдары); Субъектілер қабылдаған экономикалық бағдарлмалар, шешімдер мен заң нормалары;
Нарық механизмі (жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсыныс, оның бағасы, бəсекелестік);
Жұмыссыздық жəне оған байланысты əлеуметтік төлемдер;
-Нарық инфрақұрылымы.
Еңбек нарығының жоғарыда аталған бөліктері бірлесіп жұмыс күшіне деген сұраныспен оның ұсынысын теңестіруде, адамдардың еңбекке жəне қызмет түрін ерік таңдау құқын іс жүзінде асыруға белгілі əлеуметтік қорғау жүйесін құруға багытталады.
Қазақстанда еңбек нарығы бөлектері көзге көрінгенмен, əлі де болса өркениетті елдердегідей қалыптаса қоймаған. Бұл аталған елдердің өзінде еңбек нарығы механизмінің бөліктерінің бір-бірімен үйлесуінде біраз айырмашылықтар бар. Осының нəтижесінде еңбек нарығының көп түрлері мен модельдерін ажыратуға болады. Еңбек нарығының екі түрін көрсетуге болады: - біріншісі жұмыс күшінің территория жүзінде жылжуға бейімделген, яғни жұмыс орындарын еңбеккерлерімен фирма арасында ауыстыру жолымен толтырады. - екіншісі еңбеккерлердің фирма ішінде жылжуына бейімделген. Бұл рынокты кейде ішкі нарық деп атайды. Нарықтың даму дəрежесіне қарай, талдау мақсаты жəне де басқа қолданылатын критерийлер бойынша нарықты əр түрлі сегменттерге бөлуге болады. Мысалы, еңбек қатынасының тұрақтылығына қарай еңбек рыногын үш секторға бөледі: - бірінші сектор. Бұл секторда еңбеккерлер тұрақты жəне толық уақыт жұмыс істейді, олардың жалақысы жоғары болып келеді. - екінші секторда адамдар жартылай жұмыспен қамтылады, маусымдық жұмыс тараған, жұмыс орындары қарапайым жəне мəртебесі төмен, еңбекақы мардымсыз, əлеуметтік қорғау жүйесі жете дамымаған, кəсіподақ орын теппеген. - үшінші сектор жұмыссыздарды біріктіреді. Мемелекеттің енбек нарығына ықпал жасау дəрежесіне қарай екі сегментті айыруға болады: мемлекеттің жұмыспен қамту жөніндегі қызмет орындары реттейтін нарық. Сан тұрғысынан оған ресми тіркелген жұмыссыздар, жұмыс іздеп жүргендер жəне кəсіптік бейімделуге, дайындауға жəне дайындауға құштар жұмыссыздар жатады. Осы контингент жұмыс күшінің ұсынысын қалыптастырады.

Еңбек нарығының қалыптасуына əсер стетін факторлар
Бұл сауалды қарастыру үшін еңбек нарығына тікелей əсер ететін
себептерді анықтау қажет. Төменде өзара байланысты жəне бір-бірін
қиындататын факторлардың тізімі келтіріледі:
- экономикалық нарықтық дүниежүзілік деңгейге көтерілуі;
- демографиялық жарылыс;
- ақпараттық технологиялар.
Бұл факторлардың барлығы да белгілі, бірақ олардың əсері көп
жағдайларда тиісті түрде бағаланбайды жəне осы мемлекеттік немесе
əлеуметтік бақылаудан тыс орналасатынын көпшілік түсіне бермейді.