Бұл Қмж ust kz сайтында жасалынған. «Ustaz tilegi» ғылыми-әдістемелік орталығының сайтынының Қмж бөлімінде кез-келген пән, кез-келген сынып бойынша Қмж және презентацияны жүктеп ала аласыз. Ол үшін сілтеме арқылы өтіңіз



бет37/55
Дата10.04.2023
өлшемі479,17 Kb.
#80963
түріСабақ
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   55
Тілдік мақсаттар

Оқу дағдысы: оқылған мәліметтер бойынша тезистер құрастыру
Жазу дағдысы: «Ғаламшардыңорман жамылғысы»кестесін толтыру
Сөйлеу және тыңдау дағдылары: рөлдерді, тапсырмаларды бөлу және өзара оқыту, топтағы мәселелерді талқылау, афоризмдердің мағынасын түсіндіру
Негізгі тірек сөздер тізбегі: жаһандық мәселелер

Құндылықтарды қалыптастыру

Экологиялық тәрбие (табиғи ресурстар мен қоршаған ортаға ұқыпты қарау).
Ынтымақтастыққа баулу (оппоненттердің пікірін тыңдау және қабылдау қабілетін қалыптастыру арқылы)

Пәнаралық байланыс

Тарих, биология, елтану

Тақырып бойынша алдыңғы білім

Елтану

Сабақтың барысы

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
5 мин

Ұйымдастыру сәті. Психологиялық көңіл күй. «Миға шабуыл»
Сабақ тақырыбын таныстыру. Оқушылар сабақтың мақсатын өз бетінше ашуы керек. Оқушылармен бірге сабақты бағалау критерийлері талқыланады.




Оқушылар сабаққа қатысу белсенділігіне қарай қалыптастырушы бағалаумен бағланады

Тапсырма орындауға қажетті құралдар

Сабақтың ортасы
25 мин

Жаңа материалды зерттеу
(Ж) 1-тапсырма
- Жаһандық мәселелердің негізгі аспектілерін анықта.
Мәтінмен жұмыс. Оқулық мәтінін оқу
«Тезис құрастыр». Тезистерді құрастыру. Бұл әдіс мәтінді талдау мен синтездеуді жүргізуді талап етеді және бір мезгілде оларды жетілдіреді. Тезистер неғұрлым егжей-тегжейлі мәтінді ажыратады және талқылау арқылы дәлелденетін қысқаша тұжырымдар түрінде көрсетіледі. Тезистер мәтіннің негізгі идеяларын анықтауға, оларды белгілі бір жүйеде нақты тұжырымдауға мүмкіндік береді. Оқушылар мәтінді бірнеше бөлікке бөледі, олардың ішіндегі ең маңыздысын анықтайды, мәтіндегі қандай да бір пікірлерді бекітетін немесе теріске шығаратын нақты ережелерді айқындайды және тұжырымдайды. Жұпта зерттелген материалдан алынған негізгі идеялармен алмасыңыз.
Достарыңмен адамзаттың жаһандық мәселелерін дамытуда қандай түрткіжайттар маңызды деп санайтыныңды талқыла.
Дескриптор:
1. Мәтінді оқиды, тезистер жазады.
2. Мәтіннен жаһандық мәселелер түрткіжайттарын ерекшелейді.
3. Адамзаттың жаһандық мәселелерінің тарихи даму деңгейіне баға береді.
ҚБ. Оқушы-оқушы – «Үш мақтау» эмоциялық көтермелеу.

2-тапсырма. Картамен жұмыс, параграф суретін пайдалана отырып, «Ғаламшардың орман жамылғысы» кестесін толтыр. Картамен жұмыс істеу картографиялық сауаттылықты, графикалық дереккөздердің ақпаратын талдай білуді және тұжырымдар мен ой-пікірлер жасауды дамытуға мүмкіндік береді. Картографиялық сауаттылық компьютерлік сауаттылықтан кем емес заманауи адамға қажет.
Дескриптор:
1. Орман алқаптарын қысқартатын негізгі елдер мен аймақтарды атайды.
2. Орман жамылғысының қысқаруын анықтайтын түрткіжайттарды талдайды.
3. Жаһандық мәселелердің, халықаралық мамандану саласының аумақтық көріністерін айқындайды.
4. Адамзат үшін орман жамылғысын қысқарту мәселесін практикалық шешуді ұсынады.
Кері байланыс. Тапсырманы орындау барысында ұсыныстар. Кестені толтыру қорытындысы бойынша қорытындылар. ҚБ. Мұғалім + оқушы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет