ДӘРІС №4
КАРТОГРАФИЯЛЫҚ ПРОЕКЦИЯЛАР
Картографиялық проекция жазықтықта жер бетінің эллипсоидының немесе шарды математикалық тәсілмен көріністерді салу. Жердің градустық торын картада көрсетуді картографиялық тор деп атайды, ал меридиандар мен параллельдердің қиылысқан жерін – қиылысу нүктесі деп атайды.
Карталарды құруда ең алдымен жазықтықта (қағазда) картографиялық торды көрсету қажет, ал содан кейін оларды контурлар мен және де басқа географиялық объектілермен толтырады. Торды әр түрлі тәсілмен құруға болады. Перспективалық проекцияларды қолданған кезде картографиялық тор алынады жер шарынан жазықтыққа қиылысу нүктелдерін жобалау тәріздес алынады (сурет 4) немесе жазықтыққа бұрмаланусыз түсетін геометриялық бетке (конус, цилиндр).
Сурет 4.
Солтүстік жарты шардың картографиялық торы перспективалық тәсілмен салынуы 4-ші суретте көрсетілген. Сурет жазықтығы Р солтүстік полюс нүктесінде солтүстік жарты шарда тиіп тұрады. Түзусызықта жобалау сәулелерімен К центрінен меридиан мен экватор және 300, 600 ендіктегі параллельдер сурет жазықтығына ауысады. Сонымен қатар жазықтықта осы параллельдердің радиустары анықталады. Жазықтықта меридиандар түзу сызықпен көрсетіледі, полюстің нүктесінен шығатын және бірдей бұрышта бір- бірінен қашықтықта тұрады. Суретте тордын жартысы көрсетілген. Екінші бөлігін ойша құруға болады.
Перспективалық проекциямен карталарды құруда жоғарғы математиканы қолдану қажет емес, және де оны құруды бұрын қолданып келді, ежелгі заманнан. Қазірде картографиялық өндірісте карталарды перспективалық емес тәсілмен құрады – жазықтықта картографиялық тордың нүктелерінің орналасуымен есептейді. Жүені шешу арқылы есепті жүргізеді, жазықтықта тік бұрышты X және Y координаталармен ендік пен бойлықтың қиылысу нүктесін қосатын. Бұл жүйелер қиын болып келеді. Қарапайым формулалар осындай болуы мүмкін.
X= R* sinφ
Y= R* cosφ*sinλ
Бұл формулаларда R – Жердің радиусы (орташа), дөңгелектеп алынған 6370 км, ал φ, λ – қиылысу нүктелерінің географиялық координаталары.
Достарыңызбен бөлісу: |