Блок әдісімен полистирол өңдірісі


сурет. Орташа қысымда этилен полимерленуінің технологиялық схемасы



бет4/7
Дата19.04.2023
өлшемі400,68 Kb.
#84653
1   2   3   4   5   6   7
3 сурет. Орташа қысымда этилен полимерленуінің технологиялық схемасы:
1,2 – этиленді тазарту колонналары, 3-араластырғыш, 4,5,6 – полимеризаторлар, 7-тоңазытқыш, 8,12-сепараторлар, 9-центрифуга, 10-фильтр, 11-концентратор, 13-экструдер-гранулятор
Орташа қысымда полимерленудің негізгі артықшылары: 1. Оксихром катализаторының аздаған зияндылығы және қауыпсіздігі, 2. Катализаторды регенерациядан соң көп ретті пайдалану мүмкіндігі. Кемшілігі: полимерді катализатор қалдықтарынан толық тазарту мүмкінсіздігі, сонымен қатар еріткіштің көп мөлшерде қолдануы.


2.1.4. Полиэтиленнің қасиеттері, қолдануы және сополимерлері
Жоғары қысымды полиэтилен – бұл молекулалық массасы 30 000 полимер. Кристалдану дәрежесі жоғары - 60% жуық. Температура жоғарлаған сайын кристалдану дәрежесі төмендеп, 115°С полиэти­лен аморфты полимерге айналады.
Полиэтилен макромолекулалары —СН2—СН2— буындарынан тұратын тізбектер. Тізбектердің соңында біраз —СН3 топтары және бұйір тармақтары (этил, пропил, бутил және т.б.) болуы мүмкін. 1000 көміртек атомдарына 20—30 СН3-топ келуі мүмкін. Ұзын тармақтар негізгі тізбекке паралель орналасқан және полимердің кристалдануына бөгет болмайды, ал қысқа тармақтар кристалдану дәрежесін төмендетеді.
Төмен және орташа қысымды полиэтиленнің құрылымы төмен тармақталуымен ерекшеленеді, сондықтан олардың кристалдану дәрежелері жоғары (75—90%). Сондықтан төмен және орташа қысымды полиэтиленнің тығыздығы, тұрақтылығы, жылуға төзімділігі жоғары. Олардың молекулалық массалары да жоғары —80000—500 000 болады. Сонымен қатар орташа және төмен қысымды полиэтилендер органикалық еріткіштер мен қышқылдар әсеріне тұрақты және олардың газ өтімділігі төмен. Кемшіліктері: 1. Бұйымдарға өндеу қиынға түседі, 2. Эластиктігі төмен. Олардың өндеу температуралары 30 °С жоғары. Диэлектрлік қасиеттерінің айырмашылығы төмен.
Полиэтилен — қалын қабатта ақ түсті, ал жұқа қабатта түссіз және мөлдір қатты материал. Аморфты фазаның шыналану температурасы төмен болғандықтан (80 °С жуық) полимердің аязға тұрақтылығын жоғарлатады.
Қасиеттері:
1. Жоғары диэлектрлік қасиеттері, сондықтан жоғарыжиілікті диэлектрик ретінде қолданады.
2. Полиэтилен суға және су буына тұрақты. Қалыпты температурада минералды қышқылдар (тұз, күкірт және фторсутек), сілтілер, көптеген ерітікіштер әсеріне тұрақты. Ароматты және хлорланған көмірсутектерде 70—80 °С температурада ериді.
3. Ауада ұзақ уақыт қыздырғанда полиэтилен баяу тотығады. Мұнда оның жартылай деструкциясы және жартылай тігілуі жүреді, бұл балқыманың тұтқырлығын жоғарлатады және полимерді бұйымдарға өндеу процестерін қиындатады. Тотығуды алдын ала алу үшін полиэтиленге стабилизаторларды, мысалы ароматты аминдерді (0,1%) енгізеді. Полимердің техникалық қасиеттері өзгермейді. Ескіруді техникалық көміртектің 2—3% енгізуі де төмендетеді.
Полиэтилен қолдануы.
1. жоғарыжиілік кабельдік изоляцияны дайындау үшін: радио, теледидар, телеграф және телефон бұйымдарды изоляциялау.
2. Суға тұрақты және қауыпсіз қабықшаларды дайындау.
3. Полиэтилен қабықшасына полиизобутил желімін енгізгенде жабысқан полиэтилен ленталары пайда болады. Оларды электроизоляция ретінде және құбырларды коррозиядан сақтандыру үшін қолданады.
4. Суық және 50 °С дейін қыздырылған суға арналған құбырлар дайындау үшін. Құбырлар материалы коррозияға тұрақты және олардың жылу өткізгіштігі төмен.
5. жоғары емес температурада жұмыс істейтін химиялық аппаратураны футеровкалау үшін.
Термопласт ретінде полиэтилен бұйымдарға экструзия, қысыммен құю және термоформолау әдістермен өнделеді. Полиэтилен механикалық өндеудің әртүрлі түрлеріне жеңіл беріледі — оны кесуге, бұрғылауға болады. Металдар, шынылар бетіне қаптамалар дайындау үшін полиэти­лен ұнтақ немесе қабықшалар түрінде қолданады.
Этиленнің сополимерлері
Этиленнің пропилен, бутеном-1, винилацетатпен сополимерлері техникалық маңызды. Этиленнің пропиле­н мен бутен-l сополимерленуін төмен қысымда Циглер — Натта катализаторларының қатысында жүргізеді.
Этиленнің пропиленмен сополимерлері (ЭПС)

ЭПС жоғары эластиктікке, механикаллық және диэлектрлік қасиеттерге ие, агресивті химиялық ортаға тұрақты, жылуға және аязға тұрақты. Экструзия әдісімен алынған ЭПС қабықшасы тара материалы және электроизоляция ретінде қолданады.
Этиленнің бутен-1 сополимерлері

Сополимерлер салмақ салу кезінде жарықшақтанбайды (растрескиваться) және созу кезінде біршама ұзарады. Олардан жасалған бұйымдар өз қалпын 120°С дейін сақтайды.
Этиленнің винилацетатпен сополимерлері (ЭВАС)

ЭВАС жоғары қысымда массада радикалды сополимерлену арқылы алады. Олардың құрамында 5-30% (масс.) винилацетат болады. ЭВАС жоғары тұрақтылықпен, эластикпен, мөлдірлігімен және кетондарда, ароматты және хлорланған көмірсутектерде жақсы ерігіштігімен ерекшеленеді.
Құрамында 5-10% винилацетатты буындары бар сополимерлерден қабықшаларды, шлангтарды және басқа бұйымдарды жасайды. Құрамында 17-30% винилацетат буындары бар сополимерлерді қағаз, картон және желімдер жасау үшін қолданады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет