Қорытынды;
Қазіргі білім беру мекемесінің басшысы – бұл тек қызмет қана емес,
сонымен қатар мамандық, өйткені бұл қызмет мамандықтың қажетті барлық
белгілеріне ие: арнайы білімді, біліктілікті және бейімділікті, арнайы тұлғалық және кәсіби қасиеттерді қажет етеді.
Әрбір білім беру мекемесі мен білім беру жүйесі қызметінің тиімділігі мен нәтижелілігі, бүтіндей алғанда басқаруға байланысты болады.
Басқару қызметі отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектерінде төмендегідей анықталады: «Басқару дегеніміз – бұл алдын-ала көрегендік,
ұйымдастыра білу, бұйрық беру, үйлестіру және бақылау». Қазіргі уақытта, білім беру нарқының мүмкіндігі мен ауқымы сан қырлы. Жаһандану жағдайында, жақын болашақта білім беру нарқында жоғары сападағы кәсібі мамандарға сұраныс күшейеді. Бұлар – білім беру саласының менеджерлері. Білім беру процесінің менеджері дегеніміз – тұлғаның біліммен сусындауына мүмкіндік жасайтын адам. Білім – тұңғиық әлем, орасан зор күш.
Қолданылған әдебиеттер тізімі