Құрастырушыдан



Pdf көрінісі
Дата15.03.2017
өлшемі1,44 Mb.
#9878

 

Құрастырушыдан 

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқының ұлттық 

рухы  -  дәстүр,  отансүйгіштік,  жаңару  мен  жеңіс  рухын 

нығайтуға  шақыра  отырып,  өзінің  «Тарих  толқынында» 

еңбегінде:  «Егер  біз  мемлекет  болғымыз  келсе,  өзіміздің 

мемлекеттігімізді  ұзақ  уақытқа  меңзеп  құрғымыз  келсе, 

онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн... 

Қазақтың  сана  –  сезімі  өткендегі,  қазіргі    және 

болашақтағы  –  тарихтың  толқынында  өзінің  ұлттық 

«МЕН»  дегізерлік  қасиетін  түсінуге  тұңғыш  енді  ғана 

мүмкіндік  алып  отыр...  Бірақ  бұл  мүмкіндік  қана;  ол 

шындыққа,  тек  қазақтардың  ғана  емес,  барлық 

қазақстандықтардың  жаппай  санасына  орныққан  фактіге 

айналуы қажет» - деп жазады.  

Ұлттық  сананың  өсіп,  мәдени  және  рухани 

дәстүрлердің, 

тілдің 

қайта 


жаңғырған 

кезінде 


жасөспірімдерді өз халқының рухани құндылық-тарымен, 

ұлттық  мәдениетімен,  салт-дәстүрлерімен  түбегейлі, 

неғұрлым терең таныстыру, яғни өткен мен бүгіннің  және 

келешектің  арасындағы  рухани  байланыс  болуы  тиіс, 

бұларды жеткізуші – оқу орындары, кітапханашылар. 

Егеменді  еліміздің  болашағын  қалыптастыру  үшін 

халқымыздың  тарихын,  сан  ғасырлық  салт-дәстүр  мен 

әдет-ғұрыптарын  насихаттау,  еліміздің  ата-салтын, 

адамгершілік асыл қасиеттерді бойларына сіңіре отырып, 

үлгі-өнеге алуға баулу, өз халқының тәлімгер халық екенін 

таныту  мақсатында  «Дәстүріңді  сақтай  біл!»    атты 

әдістемелік құрал ұсынып отыр. 

 

Көрсеткіш көпшілік оқырман қауымға арналған. 



 

 

 



 


 

 

Ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттаудың 



тәрбиелік мәні 

Бар жиғанын тойға ғана сақтаған,  

Жүріп өткен жолы жатыр ақтабан. 

Жүрегі кең, аңқау мінез қазақтың 

Салты менен дәстүріне мақтанам. 

 

Қай  заман  болсын  адамзат  алдында  тұратын  басты 

міндет – адал, білімді, еңбексүйгіш ұрпақ тәрбиелеп өсіру. 

Бұл  міндетті  әр  халық  салт-дәстүріне  орай  іске  асырады. 

Яғни  әр  халық  ғасырлар  бойы  сыннан  өтіп,  сұрыпталған 

озық  салт-дәстүрлерін  жас  ұрпақты  тәрбиелеуде 

пайдаланып  келген.  Бала  тәрбиесі  тек  мектеп 

қабырғасында  ғана  берілмейтіні  анық.  Ананың  бесік 

жырынан бастап, адамның жер қойнына берілгенге дейінгі 

өзі көріп-білген салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар барлығы да 

адамның дүниетанымын қалыптастыратын өмір сабақтары.  

Қазақ  этнопедагогикасының  үлкен  бір  саласы  қазақ 

халқының  салт-  дәстүрлері  мен  әдет-ғұрыптары  болып 

табылады.  «Халқым  қандай  десең  салтымнан  сұрап  біл» 

демекші  салт-дәстүрлерден  халықтың  мінез-құлқы,  үлгі- 

өнегесі,  даналығы,  шешендігі,  танымдық  көзқарастары 

көрінеді.  Уақыт  өткен  сайын  салтымызға  әртүрлі 

өзгерістер  еніп,  қоғам  талабына  сай  келмейтін  дәстүрлер 

ауысып, өмірге қажетті салт кемелденіп, дамып отырады. 

Бұл-  өмірдің  заңдылығы.  Дегенмен  ұзақ  ғұмыр  кешкен 

халықтың  тәрбиедегі,  салт-санадағы,  жол-жоралғыдағы, 

ғұрыптық  дәстүрдегі  тәлімдерді  біліп  сақтап,  қазіргі 

кимелеп  тұрған  жат-жұрттық  көріністен  өз  асылымызды 

қорғап  қана  ұлттық  салт-  сананы  бойымызға  сіңіреміз. 

Қазақ  дәстүрі  тек  ата-ананы  ғана  емес,  жалпы  адамды 

 



сыйлауға  баулиды.  Үйіне  қонақ  келе  қалса  атын  байлап, 

төрге шақырып, жақсы қабақпен аттандырып салу, жолдас-

жораға қайырымды болу сияқты салт-дәстүрлердің бірде- 

бірі  ескірген  жоқ.    Бұлар  өмір  бақи  ескірмейтін  салт  –

дәстүрлер.  Салт-дәстүр, әдет-ғұрып атадан балаға қалып 

отыратын мол мұра. Халық тәрбиені балаға ана құрсағында 

жатқаннан  бастайды.  Оған  куә  іштегі  сәбидің уақытында 

дүниеге келуі үшін үлкен аналар түрлі ырымдар жасауы. 

Кейінгі  кезде  біздің  қоғамымызда  болып  жатқан 

жағдайлардың  көбі  жас  ұрпақты  қазақтың  халықтық 

дәстүріне  қызығуы,  ұмтылуы  қуантады.  Көне  әдет-ғұрып 

элементтері  бүгінгі  салт-дәстүрлерге  күннен-күнге 

белсенді  түрде  енгізілуде.  Қазіргі  уақытта  жастардың  өз 

ата-бабаларының  салт-дәстүрлеріне,  шынайы  ұлттық 

музыкасына,  бейнелеу  шығармашылығына,  қазақтың 

ұлттық 


киімдеріне, 

баспанасына, 

халықтық 

дүниетанымына  қызығушылықтарын  туғызу  кеңінен 

насихатталуда.  Өскелең  ұрпақтың  «түпкі  тамырын» 

білуіне,  өз  ұлттық  мәдениетінің  тарихына  қызығуы  мен 

сұранысын дамытуға көмектесу,  жас ұрпақ бойына қазақ 

халқының  ғасырлар  бойы  қалыптасқан,  мақал- 

мәтелдермен  өрнектелген  салт-  дәстүрлерін  сіңіруіне, 

уақыттың  да,  өмірдің  қатал  сындарының  да  әмірі 

жүрмейтін  дана  халықтың  өзіне  тән  сұлулығы  мен 

данышпандығын  түсінуіне,  ата-  бабаларының  ерлік 

істеріне  деген  мақтаныш  сезімін  дамыту  -  тәрбие 

берушілердің,  мәдениет  қызметкерлерінің  міндеті. 

Өйткені,  ғасырлар  тереңінен  бастау  алған  ұлттық 

«тамырын» білгенде ғана балалар мен жастарды өткеннің 

игіліктерін құрметтеуге, туған жерге шынайы махаббатқа 

тәрбиелеуге  және  оларды  алған  білімін  сақтайтын  әрі 

келешек ұрпақтарға мұқият табыстайтын Отанының нағыз 

патриоттары етіп тәрбиелеуге болады. 

 



 



Ырым-тыйымның түп негізі - тәрбие 

Әр  ұлттың  тарихи  дамуында  ерте  заманнан 

қалыптасып, келе жатқан рухани асыл мұрасы әдет-ғұрпы, 

салт-дәстүрі  бар.  Әдет-ғұрып,  салт-дәстүр  арқылы 

халықтың  күн  көрісі,  тұрмыс-салты,  мінез-құлқы 

ерекшеліктері мен дүниетанымының сыр - сипаты айқын 

көрінеді.  Ата-бабаларымыз  өздері  тіршілік  етіп  отырған 

орта,  табиғат,  тұрмыс-  тірішілік  болмысын,  ел-жұрт 

арасындағы қарым- қатынас, жақсы- жаман кезеңдерді ой 

елегінен өткізіп, әр кез оған деген өз көзқарасын білдіріп 

отырған.    Халқымыздың  әдет-ғұрып,  салт  –  дәстүрі 

жеткіншек 

ұрпақты 

адалдыққа, 

адамгершілікке, 

жақсылыққа үндеп, олардың сана- сезімін, дүниетанымдық 

қабілетін  дамытуды  көздейді.  Халқымыздың  ғасырлар 

бойы  жасасып,  бізге  жеткен  асыл  мұралардың  бірі  – 

қазақтың  ырым-тыйым  сөздері.  Олардан  халқымыздың 

әдет-ғұрпы, наным-сенімін ғана біліп қоймай, бойымызға 

тәлім-тәрбие  сіңіреміз.  Бала  күнімізде  «Табалдырыққа 

тұрма,  бойың  өспей  қалады»,  «Үйдің  ішінде  ысқырма, 

шайтан  шақырасың»,  «Нанды  бір  қолмен  үзбе»  деген 

секілді жорамалды, тыйымдарды жиі еститінбіз. Асылында 

ырым - тыйымдар – тазалыққа, адалдыққа, мәдениеттілікке 

бастайтын тәрбиелік құрал. «Босағаны керме», «Босағада, 

табалдырықта  тұрып  сәлемдеспе»,  «Үйді,  кісіні  айналып 

жүгірме» деген секілді күнделікті тұрмыстағы әдептілікті 

сақтауға байланысты айтылған. Келін түскенде үлкен үйдің 

отына май құйып, «От  ана, Май ана, жарылқа!» дегізіп бас 

ұрғызған  секілді,  «Түнде  тырнақ  алуға  болмайды», 

«Сыпырғышты жоғары қаратып қоймайды» т.б.  

Қазақ  халқы  осындай  ырымдар  мен  тыйым  сөздер 

арқылы  ұл-қыздарын  оғаш  та  осал  қылықтарын  сынап, 

тыйым, тәртіпке салып, тәрбиелеп отырған. Ырымдар мен 

тыйым  сөздер  –  халқымыздың  айнала  қоршаған  орта, 

табиғат,  өзара  қарым-қатынас  туралы  өмірдің  өзінен 

 



түйіндеген пайымдаулары мен қағидалары,  философиялық 

тұжырымдары,  әлеуметтік  және  мәдени  тұрмысының 

көрсеткіші. 

 

Қазақы тыйым сөздер мен ырымдар

 

Бүгінгі күнде жас ұрпақтың санасында туған халқына 



деген құрмет пен мақтаныш сезімін ұялатып, ұлттық рухты 

сіңіру, сондай-ақ ана тілі мен әдебиетін, тарихы мен өнерін 

қастерлеп,  халықтық  салт-дәстүрлерді  аялай,  ардақтай 

білуге тәрбиелеу- басты міндеттердің бірі. 

Жас ұрпақтың ұлттық дүниетанымын қалыптастыруда 

қазақ  халқының  тыйымдары  мен  ырымдары,  қазақ 

халқының  тыйымдары  мен  ырымдарын,  наным-

сенімдерінің  алатын  орны  ерекше.  Өйткені  оларда 

халықтың  ғасырлар  бойы    жинақтаған    бай  тәжірибесі 

сақталған,  ұлттық  рухани  байлықтың  қайнар  көзі  мен 

мүмкіндігі көрініс тапқан.  

 

Адамның іс-әрекетіне қатысты тыйымдар мен 

ырымдар 

Тыйымдар 

-

 



Белді  таянбайды.  Себебі  жақын  адамы  қайтыс 

болғанда жоқтау айтып жылаған әйел ғана белін таянады; 

-

 

Тізені,  табанды  тартуға  болмайды.  Ауруға 



шалдыққанда ғана тізе мен табанды тартады; 

-

 



Жуған қолды сіліксе, ырыс- несібе кетеді

-

 



Таңдай қағуға болмайды. Үй ішінде таңдай қаға беру 

– 

жаманшылық (өлім-жітім) шақыру белгісі; 



-

 

Жатқан кісінің үстінен аттамайды; 



-

 

Тырнақты тістесе, ырыс-несібе кетеді; 



-

 

Тырнақ  пен  бастың  шашын  бейсенбі  мен  жұмадан 



басқа күндері алады; 

-

 



Құлаған  үйдің,  мал  қораның  ішінде  адам  дәретке 

отырмайды, киесі ұрады; 

 


-

 

Күн  батар  алдында  ұйықтауға  болмайды.  Батар 



күнмен жарысып ұйықтаған жаман ырымға саналады;  

-

 



Түнде  су  алуға  бармайды.  Ал  бара  қалған  жағдайда 

«Су иесі Сүлеймен, су алуға рұқсат бер» деп, суға үш рет 

кесек лақтырып барып алған жөн. 

Ырымдар 

-

 



Ұртын не тілін тістеп алған адамның үйіне ашыққан 

кісі келеді; 

-

 

Адамның  оң  көзі  тартса-  қуанады,  сол  көзі  тартса  – 



ренжиді; 

-

 



Мойын  құяңның  салдарынан  қарысып  қалғанда, 

кербез кісінің сыртынан сәлем жасаса, жазылады; 

-

 

Тамақ  ішіп  отырған  адамның  ыдысына  шыбын, 



көбелек, т.б. жәндік түсіп кетсе, оның несібесі көп болады; 

-

 



Үйге кешке немесе түнде «кеш жарық» деп келу керек; 

Балаға қатысты тыйымдар мен ырымдар 

Тыйымдар 

-

 



Нәрестенің бетіне ай сәулесін түсірмейді. Ай сәулесі 

бетіне түссе, ол ауруға шалдығады; 

-

 

Бала  қырқынан  шыққанша,  түнде  алып  жүрмейді. 



Нәрестенің бетіне ай сәулесі түсуі мүмкін; 

-

 



Бейуақытта баланың киімін далаға жаймайды; 

-

 



Баланы ожаумен ұрса, ырыс-несібе кетеді; 

Ырымдар 

-

 



Дүниеге келген нәрестенің кіндігін ақ балтамен кесіп, 

таза  жіппен  байлайды  да,  түбіне  күл  себеді.  Ақ  балтаны 

өзге  нәрсеге  пайдаланбай,  сақтап  қояды.  Ер  баланың 

кіндігін  «үй  күшік  болмасын»  деп  қырдан  асырып 

лақтырады. Ал қыз  баланың кіндігін «үйдің құты болсын» 

деген ырыммен ошақ түбіне көмеді. 

-

 

Ұл баланы қырық күнге жеткізбей, 37-39 күнде, ал қыз 



баланы  қырық  күннен  асырып,  42-44  күнде  қырқынан 

шығарады. Бұл - ұл баланың қалыңдығына төлейтін қалың 

 


малы  аз  болсын,  қыздың  қалың  малы  көп  болсын  деген 

ырым; 


-

 

Қыз балаға шашы өссін деп желке жегізеді; 



-

 

Баланың  орай  екеу  болса,  екі  рет  үйленеді,  немесе 



екінші рет тұрмысқа шығады

-

 



Шөбересінің алақанына су құйып ішкен қарт жұмаққа 

барады; 


-

 

Балаға шешен болсын деп таңдай береді. 



Жол жүруге қатысты тыйымдар мен ырымдар 

-

 



Сейсенбі күні алыс жолға шықпайды.  

-

 



Сәрсенбі күні жолға шыққан жолаушының жолы 

болады; 


-

 

Жолда кездескен адамнан «қайда барасың?» деп 



сұрамайды, «жол оң болсын!» деу керек; 

-

 



Жұма күні көшуге болмайды. Жұма – қасиетті күн. 

Бұл күні ата-баба әруақтары шаңыраққа келіп, дұға 

дәметеді; 

-

 



Жолаушыға түзге  отырған әйел кездессе, жолы 

болады; 


-

 

Алыс жолға шыққан адамдар қара шаңырақтан 



немесе үлкен кісінің үйінен дәм татып аттанады. 

Ыдыстарға қатысты тыйымдар мен ырымдар 

-

 



Ыдыста ашық  қалған тағамды жаратуға болмайды. 

Халық ұғымында ашық қалған тағамды жын-шайтан 

жалап кетеді деп санайды; 

-

 



Егер көршілер тамақ әкелсе, ыдысын бос 

қайтармайды.  

-

 

Бие сауатын көнекті төңкермейді және түбін таяқпен 



немесе қолмен ұруға болмайды. Ырыс-несібе кетеді; 

-

 



Ас ішкен ыдысты  төңкеріп қоймайды. Ол 

ырысыңның таусылғанына білдіреді; 



Төрт түлікке қатысты тыйымдар мен  ырымдар 

-

 



Жас  мал  төлдегенде  үйге  қарыз  сұрап  келгендерге 

ештеңе бермейді – жас төлдің құты кетеді

 


-

 

Мал  туып  жатқанда  жанында  адам  тұрса,  төлін 



қызғанып, өлтіріп тастауы мүмкін; 

-

 



Ұрлық  жасаған,  өтірік  айтқан  адамға  мал  бағуға 

болмайды, малдың берекесі  кетеді; 

-

 

Тұмса малдың алғашқы сүтін ешкімге бермейді: сүтті 



болса,  оны  бөтен  адамға    айтып  мақтамайды,  себебі  сүті 

қайтады; 

-

 

Мал  иесі  немесе  оның  отбасында  адам  қайтыс 



болғанда, мал сауылмайды, төлін ағытып жібереді

-

 



Бөтен адамды малдың ортасына кіргізбейді – малға көз 

тиеді; 


Қоршаған ортаға қатысты тыйымдар 

-

 



Егінді, шалғынды бейсауат баспайды. Обал болады; 

-

 



Көкті  жұлса,  «Көктей  соласың»  деп  жамандыққа 

жориды; 


-

 

Құстардың ұясын бұзуға болмайды. Қарғаса, үй ішіңе 



кесапаты тиеді; 

-

 



Аққу киелі құс деп саналатындықтан, оны атуға, құс 

салуға болмайды; 

-

 

Байғыз  киелі  құс  болғандықтан,  оны  ұстап  алуға 



болмайды; 

-

 



Жапалақ  пен  жарқанатқа  тиюге  болмайды,  қарғысы 

қатты болады; 

-

 

Құмырсқаның илеуін бұзсаң, үй ішіңе кесапаты тиеді; 



 

 

Егіншілікке қатысты ырымдар 

-

 



Егін егіп жатқан диқанға өтіп бара жатқан жүргінші: 

«Бір дәнің мың дән берсін», -деп амандасады; 

-

 

Егер диқаннан біреу-міреу егістік үшін дән сұраса, ол 



сұраушыға мүмкіндігіне қарай береді

-

 



Диқан  өз  қырманының  астығын  алып,  пайдалануға 

кірісерде «Диқан атаның» атына бағыштап, Құраннан аят 

оқиды.  Содан  соң  алғашқы  өлшемі  қайыр-садақаға, 

 



«аққұлаға»  бөлінеді.  Бұл  күндіз  емес,  міндетті  түрде 

кешкісін оттың жарығымен жасалады.  

Қазақ  халқының  салт-дәстүрі  болашақтың  айқын 

көрінісіне  үлесін  тигізеді.  Сауатты  да,  салмақты, 

адамгершілік  қасиеті  мол  жас  ұрпақ  салт-дәстүр,  әдет-

ғұрыппен  тығыз байланыста болса ғана  маңызын жоймақ 

емес. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 



Мерзімді басылымдар  беттерінде жарияланған 

мақалалар: 

1.

 



Абажанов Зейнолла. Ізгілік басы / З.Абажанов // Дала 

мен Қала. – 2014. – 18 наурыз. – 6,7 б 

2.

 

Айтқалиева  Б.  Қазақ  халқының  салт-дәстүрлері  / 



Б.Айтқалиева  //  Мектептегі  сыныптан  тыс  жұмыстар.  – 

2009. - 


№10 . – 40 б; 2009. - №11. – 44 б 

3.

 



Ақбай  Наурызбай.  Қазақтың  дәстүрлі  атаулары: 

Энциклопедиялық сөздік. – Алматы: «Арда +7», 2013. – 482 

бет 

4.

 



Арғынбаев  Х.  Қазақтың  отбасылық  дәстүрлері.  – 

Алматы: «Қайнар» баспасы, 2005. – 216 бет 

5.

 

Асыл  Ұ.,  Нұсқабайұлы  Ж.  Әдептің  ауылы  алыс  па? 



Тәрбие туралы әңгімелер. Алматы: «Білім», 2001. 304 бет 

6.

 



Анаш Думан. Ұлыс жеті күн ұлықталады /Д.Анаш // 

Егемен Қазақстан . – 2014. - №51. – 15 наурыз. – 1 б 

7.

 

Аташ  Берік.  Салт-дәстүр  мен  әдет-ғұрыптың 



астарлары /Б.Аташ // Дәстүр. – 2014. - №1. – 18 б 

8.

 



Әбділдаұлы  о.  Қыздың  ұзатылардағы  қоштасуы  / 

О.Әбділдаұлы // Парасат. – 2012. - №7. – 11 б 

9.

 

Әлқанұлы  Тұрсынхан.  Рухани  ұлттық  ұғымдар 



/Т.Әлқанұлы //Парасат. – 2013. - №1. – 9 б 

10.


 

Баймұратұлы, 

С. 

Сал-серілік 



діни 

ұғым 


/С.Баймұратұлы // Түркістан. – 2011. – 4 тамыз. – 11 б 

11.


 

Бақадамова Д. Салт-сана, әдеп-ғұрып, жол-жора мәнісі 

/Д.Байқадамова // ана тілі. – 2005. – 8 желтоқсан. – 16 б 

12.


 

Биімбет  Ұ.  Салтым  -  асыл  қазынам  /Ұ.Биімбет  // 

Мектептен сыныптан тыс жұмыстар. – 2008. - №8. – 28 б 

13.


 

Дәстүріңді  сақтай  біл  /Құраст  М.Рүстемов.  – 

Шымкент: «Облыстық баспахана», 1993. 55 бет. 3 кітап. 

14.


 

Дәстүріңді  сақтай  біл  /Құраст  М.Рүстемов.  – 

Шымкент: «Облыстық баспахана», 1993. 51 бет. 4 кітап. 

10 


 

15.

 

Диваев  Әубәкір.  «Тартудан»  тарту  /Ә.Диваев  // 



Парасат. – 2012. - №1. – 10 б; 2012. - №2. – 12 б; 2012. - №3. 

– 

10 б; 2012. - №5. – 12 б 



16.

 

 



Жақыпұлы  Думан.  Жеті  ата  және  шежіре 

/Д.Жақыпұлы // Ақиқат. – 2013. - №1. – 99 б 

17.

 

Жүнісұлы  А.  Пәниден  бақиға  дейін.  Әдет-ғұрып 



әліппесі. – Алматы: «Жазушы», 2001. – 296 бет 

18.


 

Жұматай Арна. Бесіктен неге беземіз? /А.Жұматай // 

Ана тілі . – 2014. – 20-27 наурыз. – 11 б 

19.


 

Картаева  Тәттігүл.  «Қалың  малсыз  қыз  болмайды» 

деген халқымыз әділдіктен де аттап кетпеген / Т.Картаева 

// Түркістан. – 2014. – 10 сәуір. – 7 б 

20.

 

Қазақ  халқының  дәстүрлері  мен  әдет-  ғұрыптары.  1-



том:  біртұтастығы  және  ерекшілігі  /Құраст.С.Әжіғали  – 

Алматы: «Арыс» баспасы, 2005. – 328 бет+24 бет суретті 

жапсырма. 

21.


 

Қазақы  тыйымдар  мен  ырымдар  /Құрастырушы 

Құралұлы А.- Алматы: «Өнер», 1998. -  64 бет 

22.


 

 

Қазақты салт-дәстүр ғана сақтайды // Шұғыла . – 2012 



. - 

№3 . – ақпан. – 4,5 б 

23.

 

 



Қалыбаева,  З.  Қыз  тәрбиелей  отырып,  ұлтты 

тәрбиелейміз  /  З.Қалыбаева  //  Мектептегі  сыныптан  тыс 

жұмыстар. – 2006 . - №12. – 34 б 

24.


 

Қалыбекова  Асма.  Қазақ  халық  тәрбиесінің  асыл 

мұрасы /А.Қалыбекова. – Алматы: «БАУР», 2011. – 488 бет 

25.


 

Қойшыбаева,  Үміт.  Ардақтайық  қазақтың  ата-салтын 

/Ү.Қойшыбаева // Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар. – 

2013. - 


№3. – 48 б 

26.


 

Қонарбаев  Аллаберген.  Қыз  өссе  елдің  көркі.../ 

А.Қонарбаев // Парасат. – 2013. – №4. - 4 б 

27.


 

 

Мадиева Г.Ұлттық салт-дәстүр ойыны / Г.Мадиева // 



Сыныптағы тәрбие. – 2008. - №5. – 29-31 б 

28.


 

Мәденқызы 

Э. 

Салт-дәстүрім-салтанатым 



/Э.Мәденқызы // Ұлағат. – 2005 . - №3. – 37 б 

11 


 

29.

 

 



Мылтықбаева  Ж.  Қазақ  халқының  көне  салт-дәстүрі 

/Ж.Мылтықбаева // Мектептен сыныптан тыс жұмыстар. – 

2008. - 

№7. – 41 б 

30.

 

Ниеталина  Әлия.  Жылқы  -  малдың  патшасы 



/Ә.Ниеталина  //  Мектептен  сыныптан  тыс  жұмыстар.  -  –

011. - 


№10. – 48 б 

31.


 

 

Омаров  Дәурен.  Күйеу  мен  қалыңдық  /  Д.Омаров  // 



Айқын. – 2012. – 17 тамыз. – 6 б 

32.


 

 

Серікбайқызы  Қалдыгүл.    Қазақтың  киелі  ұғымдары 



/Қ.Серікбайқызы // Дәстүр. - 2014. - №1. - 15 б 

33.


 

Смағұлова  Меруерт.  Әдет-ғұрпымыз  –  жазылмаған 

заңымыз  /  М.Смағұлова  //  Мектептен  сыныптан  тыс 

жұмыстар. – 2012. - №8. – 20 б 

34.

 

Үш те қасиетті сан // Заң газеті. – 2009. – 29 қазан. – 8 б 



35.

 

 



Шынболат  Әзірлеген.  Жеті  қазына  -  жеті  ырыс 

/Ә.Шынболат // Отбасы және денсаулық. – 2013 . - №2 . – 5 

б 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 

Ақбай  Наурызбай.  Қазақтың  дәстүрлі  атаулары: 

Энциклопедиялық сөздік. – Алматы: «Арда +7», 2013. – 482 

бет 


Қазақы тыйымдар мен ырымдар /Құрастырушы Құралұлы 

А.- Алматы: «Өнер», 1998. -  64 бет 

Қалыбекова Асма. Қазақ халық тәрбиесінің асыфл мұрасы 

/А.Қалыбекова. – Алматы: «БАУР», 2011. – 488 бет 

Диваев Ә. «Тартудан» тарту. / Ә.Диваев // Парасат. – 2012. 

№1. – 10 б; 2012. - №2. – 12 б; 2012. - №3. – 10 б; 2012. - 



№5. – 12 б        

 

12 


 

Document Outline

  • Қазақтың ырым-тыйымдары 1
  • Қазақтың ырым-тыйымдары 3
  • Қазақтың ырым-тыйымдары
  • Қазақтың ырым-тыйымдары 4
  • Қазақтың ырым-тыйымдары 2


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет