Бойынша есеп


Компьютердің ішкі құрылғылары



бет10/16
Дата17.06.2023
өлшемі45,37 Kb.
#101975
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16
2.2. Компьютердің ішкі құрылғылары
Аналық тақша
Аналық тақша дербес компьютердің негізгі тақшасы болып табылады. Онда келесі құрылғылар орналасады:
• процессор;
• шина;
жедел жад;
• тұрақты жад;
• слоттар (қосымша құрылғыларды қосуға арналған қосқыштарақшалары).
Процессор
Процессор — көптеген жартылай өткізгішті элементтерден тұратын және компьютерде барлық есептеулер мен ақпарат өңдеу жұмыстарын орындайтын электрондық микросхема. Қазіргі компьютерлерде бір немесе бірнеше процессорлар жұмыс істейді.
Процессор тікелей компьютердің класын анықтайды. Егер екі процессордыңкомандалар жүйесі бірдей болатын болса, оңда олар программалық деңгейде толығымен үйлесімді болады. Бұл бір процессор үшін жазылған программа екіншісі үшін де орындалатынын білдіреді.
Шектелген үйлесімділікке ие болған процессорлар тобын процессорлар топтамасы деп атайды. Мысалы, барлық ІntelPentiumпроцессорлары х86 топтамасына жатады. Бұлардың негізін қалаушы 16-разрядты Іntel- 8086 процессоры болып табылады. ІВМ РС компьютерінің ең алғашқы моделі осы процессордыңнегізінде құрастырылған. Кейінірек Іntel80286, Іntel80386, Іntel80486, ІntelPentium60,66,75,90,100,133; ІntelPentiumММХ, ІntelPentiumРrо, ІntelPentiumII, ІntelСеleron, ІntelPentiumIIIпроцессорлары шығарыла бастады. Бұрын дербес компьютерлер үшін процессорлар шығаратын тек Іntelфирмасы болса, кейінірек АВМ, Сугіх фирмалары да процессор шығарумен айналыса бастады.
Процессордың бір-бірінен өзгешелігі олардың типтері (модельдеріне) мен ырғақтық жиіліктерінде. Ырғақтық жиілік — олардың жұмыс жылдамдығының көрсеткіші. Ол мегагерцпен өлшенеді. Мысалы, ІntelPentiumтиптегі процессорлар 75, 90, 100, 120, 133, 150, 166, 200 және 233 МГц жиілікпен жұмыс істейді.
Шина
Процессор компьютердің басқа құрылғыларымен, соның ішінде ең алдымен жедел жадпен шина деп аталатын өткізгіштер тобы арқылы байланысқан. Шиналардың негізгі үш түрі бар: мәліметтер шинасы, адрестік шина және командалық шина.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет