Бойынша есеп



бет9/16
Дата17.06.2023
өлшемі45,37 Kb.
#101975
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16
Пернетақта
Пернетақта — дербес компьютерді басқаратын пернелік құрылғы. Ол алфавиттік-цифрлық мәліметтерді енгізуге арналған. Монитор мен пернетақтаның бірігіп кызмет аткаруын қолданушы интерфейсі деп атайды.
Пернетақта дербес компьютердің стандартты құрылғыларының қатарына жатады.
Пернетақтаның құрылысы. Стандартты пернетақта жүзден аса пернелерден тұрады. Олар бірнеше функционалдық топтарға бөлінген.
Алфавиттік-цифрлык пернелер тобы символдардан тұратын акпаратты енгізуге арналған.
Функционал пернелер тобына пернетақтаның жоғарғы бөлігінде орналаскан он екі перне кіреді (Ғ1-Ғ12). Бұндағы әрбір перне кандай да бір функционалдык қызмет атқарады.
Қызметтік пернелер алфавиттік-цифрлықпернелер тобының маңайында орналасқан. Төменде пернелер тізімі мен олардың атқаратын қызметі сипатталған:
· Еnterпернесінің көмегімен команда, мәтіннің азат жолы енгізіледі;
· Аlt және Сtrl пернелері басқа пернелермен бірігіп командалар түзеді;
· Таb пернесі мәтінді терген кезде табуляция позициясын енгізу үшін колданылады;
· Еsс пернесі соңғы орындалған команданы қайтару үшін колданылады;
· Рrint Screen — ағымдағы экранның күйін баспаға жіберуге немесе оны алмасу буфері деп аталатын жедел жадтың арнаулы аймағына сақтауға арналған;
· Shift пернесі жоғарғы регистрдегі символдар мен бас әріптерді енгізу үшін, сонымен катар басқа пернелермен бірігіп кейбір командалардың орнына қолданылады;
· Ноmе — меңзерді жолдың басына алып келеді;
· End— меңзерді жолдың аяғына апарады;
· Delete — мәтіндік меңзердің оң жағындағы символды өшіруге арналған перне, сонымен қатар қаптамаларды, құжаттарды, экран объектілерін жою үшін де қолданылады;
· Раgе uр және Раgе Down— бір бет жоғары немесе бір бет төмен жылжу;
· Сарslockпернесі бас әріптер режімін қосады немесе ағытады;
· NumLockпернесі қосымша цифрлықпернетақтаны қосады немесе ағытады.
Тышқан
Тышқан - графиктік меңзермен басқарылатын құрылғы. Екі немесе үш батырмасы бар жазыңқы қорапша тәріздес. Тышқанның жазық беттегі козғалысы экрандағы тышқан нұсқағышы деп аталатын графиктік объектінің қозғалысымен байланыстырылған. Компьютерді басқару үшін тышқанды жазық бетте жылжытады және оның он немесе сол жақ батырмаларын қысқа уақытқа басып отырады. Осылайша басуды шертудеп атайды.
Монитор мен тышқан бірігіп колданушы интерфейсінін жаңа түрі — графиктік ттерфейсті құрайды. Тышқанның көмегімен объектілердің қасиеттері өзгертіліп, басқару элементтері әрекетке келтіріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет