ҚОРЫТЫНДЫ Фразеологиялық бірліктер ауыспалы мағына-
ға ие. Себебі ондағы ой нәрсені мегзеу, ишара
ету түрінде болжаммен беріледі. Мысалы, жақ-
сыдан үйрену, жаманнан жирену, отпен ойна-
мау, күннің жүзі, үміт жұлдызы, салқын қоңыр
жел, мұнтаздай ету, т.с.с. меңгерген студенттер
қазақтың ұғым-түсінігі мен тұрмыс-тіршілігінен
де хабардар бола алады. Сонымен, фразеоло-
гиялық бірліктер студенттердің сөздік қорын
молайту барысында фразеологизмдердің бір
ұғымның орнына жүретінін, мағына тұтасты-
ғын, құрамының тұрақтылығын, сөйлеуге дайын
қалпында жұмсалатынын студенттер жақсы тү-
сінуі және оны дұрыс қолдана білулері керек.
Фразеологиялық бірліктерді жеткілікті үйрету,
оны тілдік қатысымда қолдануға дағдыландыру
студенттердің сөздік қорын молайтумен бірге
сөйлеу тіліне көркемдік беріп, әсерлілік туғыза-
ды. Студенттің сөйлеуі неғұрлым көркем, шебер
болса, ол тілдік қарым-қатынасқа еркін түсе ала-
ды, білімі де тереңдейді.
Тілдің негізгі байлығы жеке сөздерде ғана
емес, сан жағынан одан бірнеше есе артық сөз
тіркестерінде шоғырланғаны белгілі. Сол сөз
тіркестерінің ерекше түрі адамның бейнелі ой-
лауының жемісі болып табылатын фразеоло-
гизмдер болып есептеледі.