Мақсаты: студенттің сөздік қорын дамыту.
Ойынның барысы: Мақал-мәтелдерді, жұм-
бақтарды жатқа айта отырып, ұпай жинайды.
1. Батырға оқ дарымайды.
2. Батыр туса, ел ырысы,
Жаңбыр жауса, жер ырысы.
3. Елі жоқ жер – жетім,
Ері жоқ ел – жетім.
4. «Кім тез аударады?» ойыны.
Мақсаты: тапқырлыққа үйрету және есте
сақтау қабілеттерін арттыру.
Ойынның барысы: Мақал-мәтелдердің
орыс тіліндегі баламасы беріледі. Қай топ дұрыс
аударса, сол топ жеңімпаз болады. Мысалы:
Нет жизни без знания – Оқусыз білім жоқ, Бі-
лімсіз күнің жоқ.
Кто не работает, тот не ест – Еңбек ет-
пеген ішіп жемейді.
Делать из мухи слона – Түймедейді түйедей
ету.
Бұл оқу құралы орыс бөлімінде оқитын сту-
денттерге өте тиімді, себебі студенттердің сөздік
қорын молайтуға байланысты көп тапсырмалар
берілген. Сондай-ақ тұрақты сөз тірекстер де
қамтылған.
XXI ғасыр – білім ғасыры болып табылады. ҚР
«Білім туралы» Заңында қабылданған білім беру
жүйесінің жаңа моделі 1997 жылғы ЮНЕСКО
ұсынған халықаралық білім жүйесіне сәйкестен-
дірілген. Осы заңның 8-бабы білім беру жүйесі-
нің басым міндеті ретінде оқытудың жаңа техно-
логияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру,
халықаралық, ғаламдық, коммуникациялық же-
лілеріне қосылу деп аталған. Әлемдік білім беру
кеңістігіне ену педагогика теориясы мен оқу-
тәрбие үрдісіне елеулі өзгерістерге әкелді: білім
беру парадигмасы өзгерді; білім берудің мазмұ-
ны жаңарды; жаңа көзқарас, басқаша қарым-қа-
тынас, өзгеше діл пайда болды; педагогикалық
технологияның кеңінен қолдануына және рөліне
мән берілді.
Халықаралық талаптарға сай жаңа білім беру
жүйесінің негізгі міндеттері айқындалды. Қазақ-
стан білім жүйесінің әлемдік кеңістікке өтуі-
не орай жоғары оқу орындарында білім беру
кредиттік жүйеге көшіріліп, жаңа халықаралық
73
ҚАЗА
ҚСТАННЫ
Ң
ҒЫЛЫМЫ
МЕН
Ө
М
ІР
І •
НАУКА
И
ЖИЗНЬ
КАЗАХСТАНА
•
SCIENCE
AND
LIFE
OF
KA
ZAKHST
AN
стандарттық оқу нұсқаларына сәйкестендірілді.
Бүгінде Қазақстандық жоғары оқу орындары-
ның өзгетілді аудиториялары Қазақстан Респуб-
ликасы білім беру саласында қабылданған Стан-
дарттар мен «Шет тілдерді меңгерудің жалпы
еуропалық құзыреттері: «оқу, оқыту, бағалау»
(Страсбург-2001) халықаралық стандарттардың
әдіснамалық нұсқаларын басшылыққа алады.
Абылай хан атындағы ҚХҚ және ӘТУ, ф.ғ.д., про-
фессор З.Ш.Ерназарова, Абай атындағы ҚазҰПУ,
ф.ғ.д., профессор Б.Қ.Қасым, Қ.Сәтбаев атында-
ғы ҚазҰТУ, п.ғ.д., К.Б.Жақсылықова, Т.Рысқұлов
атындағы ҚазЭУ, п.ғ.к., доцент М.А.Мұхамбетқа-
лиева, әл-Фараби атындағы ҚазҰМУ-дің ф.ғ.д.,
доцент Ғ.И.Иманалиева, ҚазҰАУ, ф.ғ.к., доцент
Н.А.Егіншібаева, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың до-
центі Ж.М.Қырықбаева сынды авторлар дайын-
даған 6 кредиттік қазақ тілінің практикалық кур-
сының типтік бағдарламасы, осы бағдарламалық
ұстанымдардың негізінде жасалған силлабус үл-
гілері және кредиттік оқу жүйесіне қатысты оқу-
-әдістемелік кешендер әзірленіп, оқу үрдісінде
қолданылуда.
ҚР Білім және ғылым министрлігі бекіткен
Мемлекеттік стандарт негізінде типтік бағдар-
лама жарық көрді (Астана, 2002ж). Қазіргі кезде
қолданылып жүрген типтік бағдарлама (Астана,
2006ж) кредиттік технология бойынша 6 кредит-
ке негізделінген [Типтік оқу бағдарламасы, 2004;
Қазақ тілінің практикалық курсы бойынша оқу
бағдарламаларының үлгілері, 2009]. Осы типтік
бағдарламада «Білім беру жүйесінде жүргізіліп
жатқан реформаларға сәйкес қазақ тілін өзге тілді
аудиторияларда оқыту деңгейлік, коммуникатив-
ті-бағдарлы оқыту әдістемесіне негізделуі қажет»
дей келе қазақ тілін оқыту мазмұнын өзгертіп,
сапасын арттыру мақсатында бірқатар мемлекет-
терде қабылданып отырған Тілдерді меңгертудің
халықаралық стандарттарында (Стасбург, 2001)
көрсетілген тілді меңгеру деңгейлері басшылыққа
алынған. Онда А1-А2 – негізгі деңгей; В1-В2 – кә-
сіби бағдарлы деңгей; С1-С2 – мамандық тілі дең-
гейлеріне бөлінген. Мұнда:
А1– күнделікті қарым-қатынаста өзі туралы,
отбасы, университеті туралы айтады, сұрақтар
қоя алады, шағын мәтіндерді түсінеді.
А2 – өзіне қатысты тақырыптар бойынша же-
келеген сөздер мен сөз тіркестерін түсінеді. Өз елі,
тарихы, табиғаты, өзінің қызығушылығы, мақсат-
тары туралы әңгімелей алады. Осы тақырыптағы
мәтіндерді оқып, негізгі ақпаратты түсіне алады.
В1 – кәсіби бағдарлы мәтіндердегі негізгі
ойды түсінеді, БАҚ-тағы күнделікті жаңалықтан
кәсібіне қатысты ақпараттарды түсінеді. Өз ма-
мандығы бойынша жалпы тақырыпта әңгімелесе
алады. Өзін қызықтыратан тақырыпта ойын жаза
алады, өз мамандығы, болашақ қызметі туралы
баяндай алады.
В2 – мамандығы бойынша таныс тақырып-
тардағы баяндамалар мен дәрістерді тыңдап
түсінеді. БАҚ-тан өзіне қажетті ақпараттарды то-
лық түсінеді. Тіл иесімен дайындықсыз сұхбатта-
са алады. Өз мамандығы бойынша пікірталасқа
қатысады, өз көзқарасын дәлелдей алады. Өз
саласына байланысты негізгі ұғым, түсініктерді
сұхбат барысында қолданады.
С1– теледидар, радиодан хабарларды тың-
дап, түсінеді. Өз мамандығына байланысты тіл-
дік бірліктерді орынды қолданады. Кәсіби сөй-
леу жағдаяттарында қатысымға түседі. Өз саласы
бойынша мәтіндерді, ғылыми еңбектерді оқып
түсінеді. Хабарлама, жоба т.б. жазғанда ойын
мейлінше жүйелі, дәлелді бере алады.
С2 – тіл иесінің жылдам айтылған сөзін түсі-
неді. Ғылыми еңбектерді оқып түсінеді. Мәжіліс,
жиналыстарда өзіне қажетті ақпарат пен мәлі-
меттерді жаза алады. Өз кәсіби шеңберінде ке-
ңес беріп, пікір білдіреді. Өзінің ғылыми зерттеу
тақырыбы бойынша мақала, баяндама жазып, өз
пікірлерін қорғай алады (С2 деңгейі магистрату-
ра мен аспирантурада оқылады).
Сонымен қатар курстың мақсаты, міндеті,
грамматикалық минимум, студенттердің қазақ
тілін сөйлесім әрекеті түрлері бойынша меңгеру
іскерліктеріне қойылатын талаптар, лексикалық
тақырыптар, ұсынылатын оқулықтар мен оқу құ-
ралдары, сөздіктер берілген. Бұл бағдарламада
оқытудың барлық ерекшеліктері ескертілгендік-
тен, оқыту үдерісін жеңілдетеді.
Талдауларды қорыта келгенде, оқулықтарда
да, бағдарламаларда да гуманитарлық маман-
дықтардағы орыс бөлімінде оқитын студенттер-
дің фразеологизмдер арқылы сөздік қорын мо-
лайту, сөйлесім әрекетін дамыту мәселесі қажет-
ті деп танылмаған, арнайы қарастырылмаған.
Сол үшін зерттеудің нәтижесінде жоғары оқу
орны гуманитарлық мамандықтарындағы орыс
бөлімінде оқитын студенттердің сөздік қорын
молайтып, сөйлесім әрекетін дамыту үшін қойы-
латын негізгі талаптар айқындалды:
– қазақ тілі сабағын кредиттік оқыту жүйесі
бойынша фразеологияны меңгертуді өткен та-
қырыптармен сабақтастықта жүйелі жүргізу,
студенттердің іс-тәжірибесін жетілдіру қажет;
– қазақ тілі сабағын кредиттік жүйе бойынша
оқыту барысында тіл үйретудің алдына қойыла-
тын мақсатының нақты болуы және педагогика-
лық тұрғыда негізделуі шарт;
– қазақ тілі сабағын кредиттік жүйе бойынша
оқыту барысында студенттердің сөздік қорын
молайтуға ықпал ететін материалдардың қамты-
луына назар аударылуы тиіс;
– сабақтың құрылымы, мазмұны, қолданыла-
тын әдістері мен тәсілдерін айқындауда сөздік
қорын молайтуға, сөйлесім әрекетін дамытуға
ықпал ететін бағыттарға баса көңіл аударылуы
керек.
Орыс бөлімінде оқитын студенттерге арнал-
ған оқулықтар мен бағдарламаларды сараптау
барысында мынадай тұжырым жасалды: қазақ
74
ҚАЗА
ҚСТАННЫ
Ң
ҒЫЛЫМЫ
МЕН
Ө
М
ІР
І •
НАУКА
И
ЖИЗНЬ
КАЗАХСТАНА
•
SCIENCE
AND
LIFE
OF
KA
ZAKHST
AN
тілі сабағында фразеологиялық тіркестер арқылы
студенттердің сөздік қорын, сөйлесім әрекетін да-
мыту әдістемесі жете зерттеуді талап етеді.
Жалпы, сөз байлығының аздығы студенттер-
дің өз ойын ауызша әрі жазбаша, дәл, жүйелі,
ықшамды етіп жеткізуіне қиындық келтіреді. Сон-
дықтан қазақ тілі сабақтарында сөздік жұмысын
дұрыс ұйымдастырудың мәні зор. Біріншіден, ол
студенттердің сөз байлығын молайтып, кеңейтсе,
екіншіден, үйренген сөздерін қатесіз, сауатты жа-
зуға бейімдейді, үшіншіден, сөзді үйрену арқылы
студенттің тіл туралы дүниетанымы қалыптасады.
Тіл заңдылықтарын үйретудегі басты мақсат
– студенттерді осы ережелер мен қағидаларды
күнделікті сөйлесім әрекетінде, жазба жұмыс-
тарында, өмірде тәжірибелік тұрғыда қолда-
нуға дағдыландыру. Ол үшін студенттер де сол
тілдің сөздік қорын игеруі тиіс. Бұл жайында:
«Барлық тіл – сөздер тілі, сол үшін, тілді меңгеру
үшін адамның сөздік қоры болуы шарт», – дейді
А.М.Шанский [Шанский Н.М., 1972].
Қазақ тілін оқытудағы басты мақсаттың бірі –
тілді оқушының қарым-қатынас құралы ретінде
дұрыс қолдану дағдысын қалыптастыру. Мұндай
мақсатқа жету үшін студенттердің сөйлеу дағ-
дысы болу керек. Олардың сөйлеу білігі сөздік
қордың мол болуына, грамматикалық бірліктер-
ді бір-бірімен байланыстыра алуына және оны
сөйлемде, мәтінде дұрыс қолдана білу дағдыла-
ры мен біліктеріне байланысты. Бұл тіл білімінің
түрлі салалары өзара байланыста ұғынылған
жағдайда ғана жүзеге асады. Сондықтан орыс
бөлімінде оқитын студенттердің сөздік қорын
молайту жұмыстарында сөзді грамматикалық
көрсеткіштерімен байланыстыра беру тиімді.
Сөз арқылы тіл салалары бір-бірімен байланыс-
тырылады.
Орыс бөлімінде дәріс беретін оқытушы сөздік
жұмысын осындай мақсаттарды көздей отырып
жүргізуге тиісті. Сөздік жұмысын дұрыс, жоспар-
лы, жүйелі жүргізу үшін оқытушы алдымен көр-
кем әдебиеттен, шығармалардан, жаттығулар
жинағынан, оқулықтан мағынасы түсініксіз фра-
зеологизмдерді теріп алып, оларды түсіндірудің
әдісін алдын-ала жоспарлап, ойластырғаны жөн.
Оқытушы сөздік жұмысын ұйымдастыруда жоға-
рыдағы мәселелерді ескере отырып, студенттер-
ді өз бетімен фразеологизмнің мағынасын тал-
дай білуге, оларды қолданудың әдіс-тәсілдерін,
жолдарын көрсетіп, дағдыландырып, жаттықты-
рып отыруы қажет.
Студент үйренген фразеологизмді ауызекі
сөйлеу тілінде қолдана білсе, оның ақыл-ойын
дамытуға әсер етеді. Демек, фразеологизмді
орынды қолданып, оның мағынасын жетік біле-
тін студент өз бетімен сөйлем құрап, оны ауыз-
ша сөйлеу тілінде шебер қолдана алатыны сөзсіз.
Сондықтан сөздік жұмысын дұрыс ұйымдастыру,
студенттердің сөз байлығын арттыру жағын әр-
бір қазақ тілінен дәріс беретін оқытушының ес-
кергені жөн.
Басқа ұлт өкілдері ішінде оқушылардың сөз-
дік қорын молайту мәселесін, оларға арналған
лексикалық минимумды арнайы зерттеу ныса-
насына алған В.Н.Яковлева, Л.Г.Саяхова, В.Г.Би-
рюков және т.б. ғалымдардың еңбектері маңыз-
ды деп саналады [Яковлева В.Н., 1973; Саяхова
Л.Г., 1982; Бирюков В.Г., 1976].
В.Н.Яковлева оқушылардың сөз байлығын
етістіктер арқылы жетілдіру жолдарын дәлелде-
ген. Ғалым етістіктерді мынадай лексикалық-се-
мантикалық топтарға бөліп қарастырған:
а) қимыл;
ә) сөйлеу;
б) ойлау;
в) адамның психикалық қалпы;
г) адамның физиологиялық қалпы.
Етістіктерді оқушылардың белсенді сөздік
қорына ендіру үшін түрлі жаттығу жұмыстарын
жүргізеді. Сол арқылы оқушылардың лексика-
лық қорын жетілдіруге, сөйлеу тілін дамытуға
болатынын ғылыми негізде көрсеткен [Яковлева
В.Н., 1973].
В.Н.Яковлеваның пікіріне сәйкес зерттеуде
фразеологизмдерді үйрету барысында оларды
лексика-семантикалық топтарға бөліп қарасты-
ру тиімді болмақ. Мысалы, өкініш, реніш мәнін
білдіретін фразеологизмдер: араларына ала жіп
түсіру – араздасу, көңіліне кірбің түсіру; ағыл-те-
гіл жылау – егілді, көз жасын көл қылды.
Л.Г.Саяхова оқушылардың сөздік қорын тіл бі-
лімінің грамматика саласымен тығыз байланыста
қарастырудың тиімділігін дәлелдеген. Оқушылар
грамматиканы жете меңгерген жағдайда ғана
сөздік қордағы сөздерді белсенді қолданатынын
дәйектеген. Оқушыларға лексикалық минимум
беру мақсатында Ү-ҮІ сыныптардағы «Книга для
чтения» оқулықтарының мәтіндерінде кездескен
сөздерге статистикалық талдау жүргізіп, барлық
лексикалық бірліктердің Ү сыныпта - – 70%-ы си-
рек қолданылғанын анықтаған. Лексикалық ми-
нимумға 3500 сөз беріп, әр сабақ барысында 2-3
жеке сөз үйрету керектігін айтқан [Саяхова Л.Г.,
1982].
Бұл ғалымдардың еңбектерінде қолданылған
әдіс-тәсілдер зерттеу жұмысында қолданылды.
Студенттер фразеологизмдерді актив қолдану
үшін алдымен олардың мағыналарын дұрыс тү-
сінуі керек. Фразеологизмдердің мағыналарын
түсінген білімгер оны орынды тіркестіріп сөйлей
алады. Ал фразеологизмдердің мағыналарын
студенттер сөздіктен таба алады. Сондықтан
олардың фразеологиялық сөздікпен жұмыс жа-
сауға жаттығулары қажет деп тұжырымдалды.
Жоғарыдағы ғалымдардың пікірлерінің негізін-
де фразеологиялық минимум көлемі 300 деп
есептелді және бір сабақта екі фразеологизммен
шектелмей, мәтінге байланысты 5-6 фразеоло-
гизмді менгертуге болады деп түйінделді.
Қорыта айтқанда, студенттердің сөздік қорын
75
ҚАЗА
ҚСТАННЫ
Ң
ҒЫЛЫМЫ
МЕН
Ө
М
ІР
І •
НАУКА
И
ЖИЗНЬ
КАЗАХСТАНА
•
SCIENCE
AND
LIFE
OF
KA
ZAKHST
AN
анықтау барысында мынадай тұжырымдар жа-
салды:
- студенттердің сөздік қорын фразеология-
лық тіркестер арқылы молайту жұмыстарын жо-
ғары деңгейде жоспарлы түрде жүргізу шарт;
- студенттердің сөз байлығын жетілдіру жұ-
мыстарында фразеологиялық сөздікті пайдала-
нудың жолдары жүзеге асырылуы керек;
- мәтіндерде кездесетін фразеологизмдерді
меңгерту үшін оқытушылардың гуманитарлық
мамандықтардағы орыс бөлімінде оқитын сту-
денттерге арнайы тапсырмалар жүйесін жасау
қажет.
Мұның барлығы студенттердің сөздік қорын
белсенді қолдануына әсер етеді. Жоғарыда ай-
тылған жайттарды ескере отырып, гуманитар-
лық мамандықтағы орыс бөлімі «Қазақ тілі» са-
бақтарында пайдаланатын оқулықтардан фра-
зеологизмдерді теріп, сараптап, студенттерге
арналған «Тақырыптық фразеологиялық сөздік»
құрастырылуы керек [Еркебаева Г.Ғ., 2008].
Фразеологиялық тіркестер – тілдік қатынас
әрекетін жүзеге асыратын негізгі қатысымдық
тұлғалардың бірі. Оның үстіне фразеологизмдер
– ұлттық ерекшелікті өн бойына сіңірген басты
рухани көрсеткіштер. Олай болса, студенттерді
қазақ халқының рухани, мәдени және саяси-ә-
леуметтік тіршілігінен хабардар етіп, білім беру-
де фразеологиялық бірлік арқылы жүзеге асатын
қарым-қатынас әрекетінің мәні ерекше. Студент-
терге сан алуан айшықты сөз қолданыстарын,
теңеулерді, мақал-мәтелдерді игерту олардың
қазақ халқына, оның тіліне деген құрмет сезімін
арттырады.
Фразеологиялық бірліктердің қатысымдық
ерекшеліктері бірнеше сөздің өзара бірігіп, әрі
атаулы, әрі экспрессивті мағынаны білдіруі арқы-
лы қатысымдық және ақпараттық мәнге ие бо-
луына байланысты. Фразеологиялық бірліктер-
дің мағыналық, эмоциялық ерекшелігіне қарай
адамдар арасындағы қатысымдық байланыстың
алғы шарттары қалыптасады. Фразеологиялық
бірліктердің мұндай ерекшеліктері көбінесе есім
сөздерден құралған тіркестерге тән болып келе-
ді.
Достарыңызбен бөлісу: |