ҚОРЫТЫНДЫ Ойлауды, интеллектіні зерттеушілер адамды
ойлауға ынталандырудың ең тиімді тәсілі, оның
алдына міндет қою деп есептеген.
Мұғалім әрбір оқушының орындаған жұ-
мыстарын бақылап отыруға, басқа оқушыларға
кедергі келтірмей үлгерімі төмен оқушылармен
жеке жұмыс істеуіне болады. Дәстүрлі оқытуға
қарағанда, компьютер оқушының ойлау қызме-
тінің даму үдерісін жан –жақты, терең түсінуге оң
жағдай туғызады. Сезімдік жүйелер ағзаның өзін
қоршаған ортамен өзара әрекеттесуін жүзеге
асыруда маңызды роль атқарады. Сезімдік жү-
йелер белгілі райлы ақпаратты қабылдауға және
тануға арнайы құралған құрылымдардан тұратын
жүйке жүйесінің күрделі бөлігі.
Пәндік білімді орнатудан өзіндік ойлау іс-әре-
кеттерін анықтау тәсілдерін орнатуға ауысу жүре-
ді. Бұл тапсырмалар студенттерді осындай топ іші
және топ аралық өзара әрекетке ендіру сияқты
белгілі бір оқу типтері жағдайын құру шартында
ғана шешімін таба алады. Мұндай өзара әрекет-
тестіктің алға қойған мақсаты – табылған шешім-
нің негізі түрлі танымдық стратегияларды кеңінен
ашып талдау мен салыстыру негізінде табылған
шешімді негіздей отырып, артынан көрсетумен
жүретін түрлі тапсырманың шешу үшін қолайлы
стратегияларды бірлесе жасау болды.