Болат мырзалиев



Pdf көрінісі
бет151/395
Дата06.01.2022
өлшемі14,41 Mb.
#13769
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   395
Байланысты:
Наука и жизнь Казахстана 4 6 2020

ҚОРЫТЫНДЫ
Мемлекетіміздегі  болып  жатқан  әлеумет-
тік  және  саяси  өзгерістер,  республикамыздың 
әлемдік  деңгейде  білім  беру  деңгейіне  жетуде 
жасаған қадамдары осы кезге дейін педагогика 
ғылымының бекітілген білім беру парадигмала-
рын, жүйелерін, әдістерін, формаларын жетілді-
ру талабын қойды.
Білім  берудегі  жаңа  басымдықтар  –  ізгілік-
тік педагогика, студенттердің тұлғалық әлеуетін 
дамытумен қатар, әлеуметтік үдерістер мен тұл-
ғааралық  қарым-қатынастарды  ұйымдастыру-
дың ерекше формасы ретінде танылатын оқыту 
үдерісінің тиімділігін арттыру болып отыр.
Мамандар  дәлелдегендей,  студенттердің  кә-
сіби  және  әлеуметтік-тұлғалық  құзіреттілігінқа-
лыптастыру ісі оларға адамзат баласының қолы 
жеткен  қоғамдық-тарихи  тәжірибесін  игерту 
және  тұтастай  алғанда  әлеуметтік-этикалық 
нормалар  мен  жалпыадамзаттық  ізгіліктерді 
қатар  игеруге  болатынын  дәлелдеп  берді.  Бұл 
өлшемдер халықтық дәстүрлерде, адамгершілік 
уағыздарда,  діни  мәдениетте  жазылып  қойған 
және әлеуметтік ойдың тәуір белгілері, тұлғаның 
қасиеттері,  адамгершілік  үлгілері  шоғырланды-
рылған күйде әдептіліктің қоғамда қабылданған 
үлгісі ретінде көрінеді. Қазіргі кезеңде жоғарғы 
оқу орнында білім берудің жаңашылдық бағы-
тына сай, студенттердің ұлттық бағдарын терең-
детіп, шығармашылық дербестігін қалыптастыру 
– кәсіптік білім берудің басты мақсаты. Өйткені 
қай елдің болмасын өсіп өркендеуі, әлемдік ор-
тада  алдыңғы  шептен  орын  алуы  оның  ұлттық 
білім беру жүйесінің жаңа сипаты – жаңа оқы-
ту технологияларын, оқу ақпараттарын ұтымды 
қолдану,  шығармашылық  оқыту  түрлерін  кеңі-
нен пайдаланумен тығыз байланысты.
Біздің мақсатымыз студенттердің кәсіби және 
әлеуметтік-тұлғалық  құзіреттілігін  –  мәдени-эт-
ностық тұрғыда зерттеу болды. Өйткені студент 
жастар қоғамдағы жаңашыл идеяны қуаттап, қо-


100
ҚАЗА
ҚСТАННЫ
Ң
 ҒЫЛЫМЫ
 МЕН
 Ө
М
ІР
І •
 НАУКА
 И
 ЖИЗНЬ
 КАЗАХСТАНА
 • 
SCIENCE
 AND
 LIFE
 OF
 KA
ZAKHST
AN
ғамдағы рухани-мәдени құндылықтарды дамы-
туда ерекше орын алады. 
Зерттеліп  отырған  тақырыбымыз  бойынша 
бүгінгі  таңда  ғылыми  педагогика  негізіне  сүйе-
не  отырып  студенттердің  кәсіби  құзіреттілігін 
арттыру мен білім беру мәселесі бойынша жа-
зылған еңбектер бар, бірақ студенттердің кәсіби 
құзыреттіліктерінқазақ  этнопедагогикасының 
мұраларын арқылы дамытуға бағытталған арна-
йы еңбектер өте аз деп айтуға болады. Сондық-
тан осы проблема нақты зерттелмегендіктен, біз 
осы мәселені зерттеуді қолға алдық. 
Ғылыми  педагогика  негізінде  студенттердің 
кәсіби  құзыреттіліктерін  дамыту  мәселесінің 
өзектілігі  әлеуметті  мәліметтермен  қамту  үде-
рісінің қарқынды жүруімен, оның студенттердің 
кәсіби құзыреттілігін дамытуға әсер ететін жағ-
дайларын айқындау, жетілдіру және жүзеге асы-
ру мүмкіндіктері анықталды. 
Жоғары  оқу  орнындағы  білім  беру  үдерісін 
теориялық-әдіснамалық  зерделеуіміз  ғылыми 
педагогика негізінде студенттердің кәсіби құзы-
реттіліктерін дамытуда оқытушы мен студенттің 
өзара байланысты іс-әрекеттерін ұйымдастыру-
ды, студенттің белсенді іс-әрекеті, білімге деген 
талпынысы мен құштарлығын және де тұлғалық 
даму ерекшеліктерінің өзгерісін анықтауға мүм-
кіндік туғызды. 
Сонымен  ғылыми  педагогика  негізінде  сту-
денттердің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту мә-
селесін зерттей келе қол жеткізген нәтижелері-
міз  ылыми  педагогика  негізінде  студенттердің 
кәсіби  құзыреттілігін  дамытудың  ғылымиәдіс-
темелік жүйесін жасаудың өзіндік ерекшелікте-
рін  айқындай  отырып,  философия,  психология, 
педагогика  ғылымдары  саласындағы  зерттеу 
еңбектерінде  жасалған  талдаулар  тақырыптың 
көкейтестілігін анықтауға мүмкіндік берді.
Дегенмен,  ғылыми  мақаламыздағы  зерттеу 
өзекті,  әрі  күрделі  де,  көп  салалы  мәселе  бол-
ғандықтан, оның барлық қырларын бір ғана ма-
қалада қамтып шығу мүмкін емес. Біздің осы ғы-
лыми мақаламызаса күрделі процестің бір ғана 
қырын ашып көрсетеді.
Болашақ мамандардың кәсіби және әлеумет-
тік-тұлғалық құзіреттілігінің дамуы мен жетілуі-
нің төмендегі педагогикалық шарттарын ұсына-
мыз:
– жоғары оқу орындарында кәсіби білім бе-
руде тұлғаның кәсіби құзыреттілік шыңына көте-
рілуінде білімділік, біліктілік даралығын дамыту 
үшін  оқу-тәрбие  үрдісінде  қазақ  этнопедагоги-
касының мұраларын тиімді қолдануға бағыттау 
қажет; 
–  студенттердің  кәсіби  және  әлеуметтік-тұл-
ғалық  құзіреттілігі  менқазақ  этнопедагогикасы-
ның  мұраларыніс-әрекеттерінің  сабақтастығын 
қамтамасыз ету қажет;
– кәсіби құзыреттіліктің қазақ этнопедагоги-
касының мұраларына бағдарланған өзіндік нақ-
ты мақсаты қажет;
– кәсіби құзыреттілікті меңгеру мен қолдану-
ға іскерліктің тұрақтануын психологиялық – пе-
дагогикалық тұрғыдан қамтамасыз ету қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   395




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет