108
ҚАЗА
ҚСТАННЫ
Ң
ҒЫЛЫМЫ
МЕН
Ө
М
ІР
І •
НАУКА
И
ЖИЗНЬ
КАЗАХСТАНА
•
SCIENCE
AND
LIFE
OF
KA
ZAKHST
AN
бөліп тәлім-тәрбие және білім беруде қолдану
қажеттілігін туғызып, тәрбие мәселесін дағда-
рысқа әкелуде.
Бұл мәселенің шешімін, ғасырлар бойы өзі-
нің көкейкестілігін жоғалтпаған, керісінше, әрбір
қоғамдық формацияда болған өзгерістерге бай-
ланысты жетіліп отырған қазақ халқының озық
салт-дәстүрлерінен іздестіру қажет. Өйткені,
қазақ халқының озық салт-дәстүрлерінің негізі
болып қаланған гуманистік идеялар адамгер-
шіліктің басты құндылықтарымен байланысты
болады және адамгершілік қасиеттерінің негіз-
дерін мағыналы түрде жан-жақты меңгеруде,
адамдар арасында таза адами қарым-қатынасты
тәрбиелеуде жетекші құралдардың бірі болып
табылады. Сол себепті болып жатқан әлеуметтік
өзгерістерге байланысты біз отбасыдағы тәрбие
берудің дәстүрлі және халықтық әдістеріне жиі
жүгінеміз. Балалардың оқуда пәндерге қызығу-
шылық таныту мен меңгеруге назарын аудара
отырып, оқушылардың рухани-адамгершілік да-
муына көңіл бөлуге уақыт та жоқ. Баланың жеке
тұлғасын қалыптастырудағы мектептің рөлін
жоққа шығаруға болмайды, бірақ бала өмірде
маңызды және ең бастысы отбасында болаты-
нын ұмытпаған жөн. Көптеген ғасырлар бойы
қазақ отбасында салт-дәстүр,ұлттық құндылық-
тар қалыптасты.Отбасы-бұл біздің балаларды
тәрбиелеудің басты тірегі және көзі. Ата-аналар
мен аға ұрпақтың тәрбиесіндегі рөлі өте зор.
Ең алғашқы тәрбие сабақтарын біз дәл өз ша-
ңырағында аламыз. Айналасындағыларға деген
сүйіспеншілік пен құрмет дәстүрі тек салауатты
толыққанды отбасында қалыптасады.
Жалпы қандай қоғамның болмасын рухани
мәдениетінің келешек деңгейі ұрпақ тәрбиесіне
тікелей байланысты [Ананьев Б. Г., 1977]. Олай
болса, қоғамдық өмірде оқу-тәрбие мәселесін
алдыңғы орынға қою – басты міндет.
«Ел сәні – атаға қарап өскен ұл, анаға қарап
өскең қыз», – дейді бабаларымыз. Қазақ халқы-
ның тарихы, жалпы адамзат баласының болмы-
сы сияқты, қарама-қайшылықтан, дамудан, түр-
ліше диалектикалық байланыстардан тұрады.
Әлеуметтік орта, әлеуметтік тәрбие тұлғаға
өзгелермен әрекеттестік үстінде жүзеге асып,
өскелең ұрпаққа қоғамдағы өмірлік тәжірибе
жинақтауға, айналадағылармен араласуға, өзін
тануға, өзін анықтауға, өзін бекітуге, жан-жақты
ашуға бағытталған жағдай құруға, жалпы алған-
да – қоғамда өмір сүруге бейімделуге мүмкіндік
береді [Гершунский Б. С. , 1998].
Қоғамның назарын ерекше аударып отырған
кез-келген жеке тұлғаға жас ерекшеліктеріне
байланысты қажеттіліктердің қанағаттанбауы,
әлеуметтік өмір талаптарына сәйкес болмауы,
қоғамдағы құндылық нормалық жүйенің бұ-
зылуы, индивидке әлеуметтік қалып әсерінен
төмен деңгейі, өздерін төмен немесе жоғары
бағалауына ықпал етеді. әрбір жеке тұлғаға өз-
гелермен әрекеттестікке түсе білуге, өзін тануға,
анықтауға, өзгелер алдыңда өзін бекітуге жағдай
құру бүгінгі таңдағы ата-аналармен балалар қа-
рым-қатынасының барысында жүзеге асырыла-
тын үрдіс болып табылады.
Түрлі зерттеулер көрсеткеніндей, ересек
адамдармен жасалған тиімді қарым-қатынас
балалардың жеке тұлғалық дамуына жан-жақ-
ты әсер ететінін атап өтеді. Балалар тұлғалық
ерекшеліктері дамумен қатар, қарым-қатынас
барысында өз құқын қорғауға және ашулануға,
ашуын басуға үйренеді.
Балалардың жас ерекшелігіне қарай жоғары-
да аталған кезеңдерді басынан кешіруде олар-
дың психикалық санасы, ойлау қабілеті сонымен
бірге өмірге деген көзқарастары әртүрлі дең-
гейде болады. Осындай ауытқымалы кезеңдер-
де көптеген балалардың психологиясы әртүрлі
жағдайлардың әсерінен өзгерістерге ұшырап,
келеңсіз оқиғалардың орын алуына себепші бо-
луы мүмкін. Балалардың осындай ауытқымалы
кезеңдерден кедергісіз өтіп, саналы азамат бо-
лып қалыптасуына біріншіден, отбасылық тәр-
биенің ықпалы тікелей әсер етеді, екіншіден, әр-
бір баланың дүниеге келген отбасындағы әлеу-
меттік жағдай айтарлықтай өз септігін тигізбей
қоймайды.
Достарыңызбен бөлісу: