115
ҚАЗА
ҚСТАННЫ
Ң
ҒЫЛЫМЫ
МЕН
Ө
М
ІР
І •
НАУКА
И
ЖИЗНЬ
КАЗАХСТАНА
•
SCIENCE
AND
LIFE
OF
KA
ZAKHST
AN
пішер» деп саналық та, даналық та, иманжүзділік
те, адамгершілік те бала бойына тек отбасының
тәлім-тәрбиесі арқылы дарып, өзгермес қанға
біткен қасиетке айналатынын айтып кеткен. Ұр-
пақ тәрбиесіне арналған игі мақсатпен әр отба-
сының мүшесі өз ұрпағының болашағы үшін қам
жасайды, өсіп келе жатқан жас жеткіншектеріне
жол нұсқау арқылы адамдық парасаттылық пен
адалдықты үйретеді.
Қазақ халқының төл мәдениеті салт-дәстүр
мен әдет-ғұрыптан бастау алады. «Әдепті бала
арлы бала, әдепсіз бала сорлы бала», «Сыпайы
сөйлегеннің сыйы басым», «Үлкенге құрмет, кі-
шіге ізет», «Жылы-жылы сөйлесең, жылан іні-
нен шығады», «Аурудың халін сұрау имандылық,
имандылық белгісі – тазалық» деген халық на-
қылдарынан қазақ халқының баланы жастайы-
нан әдептілікке, сыпайылыққа, үлкенге құрмет
көрсетуге және имандылыққа баулып, мәде-
ниеттің мәнді элементтерін бойына сіңіріп қа-
лыптастыра білгенін байқаймыз. Осындай салт-
дәстүрге, әдет-ғұрыпқа негізделген қазақ халқы-
ның мәдениеті өзінің ана тілінен нәр алады. Осы
орайда Ғ.Мүсірепов: «Ана тілін ұмытқан адам
өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол
үзеді» – деп тегіннен тегін айтпаса керек.
Өркениетті елдер мемлекеттік тілін ту етіп кө-
тереді. Себебі, қай мемлекеттің болмасын мем-
лекеттік тіл елдің шығу тарихын, салт-дәстүрін,
әдет-ғұрыптары мен теңдесіз тарихи құндылық-
тарын дәріптейді. Осы баға жетпес ұрпақтан-ұр-
паққа мұра болып келе жатқан сан-ғасырлық
құндылықтар мемлекеттік тілдің негізін құрап,
содан нәр алады. Қай мемлекет болмасын өзінің
сөйлеу мәдениетін тек ана тілінде ғана қалып-
тастыра алады. Туған ана тілінен нәр алған сөй-
леу мәдениетінің өзегі тереңде.
Қазақ халқы дүниетанымға, сыпайы сөйлеу-
ге, мақал-мәтелге, шешендік нақыл сөздер мен
орамдарға өте жетік және олардың дұрыс та,
орынды терең мән беріліп айтылуына ерте кез-
ден-ақ қатты ден қойып, ерекше бағалай білген.
Қазіргі таңда мемлекеттік тілді қолдау саясатын
жүргізу барысында көптеген азаматтар тілді тек
«аса маңызды қатынас құралы», өзара түсінісіп,
пікір алысудың тәсілі, рухани мұрамызды ұр-
пақтан-ұрпаққа жеткізіп қана отырады дап тү-
сінеді. Ол түсінік жеткіліксіз. Адамзат өміріндегі
тілдің мән-мағынасы мен қызметі, міндеті мен
мүмкіншілігі бұлармен ғана шектелмейді. Мем-
лекеттік тіл өркениеттілікке жетуге, салт-дәстүр
мен әдет-ғұрып қағидаларын насихаттауға шек-
сіз қызмет атқарады. Қазақтар жөнінде алғаш
монографиялық еңбек жазған орыс ғалымы А.И.
Левшин: «Қырғыз-қайсақ ордалары мен даласы-
ның сипаттамасы» атты еңбегінде «қазақ» деген
атқа тұңғыш рет ғылыми тұрғыдан анықтама бе-
руге тырысып, қазақ халқының төл мәдениетіне
әдет-ғұрып, салт-дәстүріне ғылыми сараптама
жасаған ол, қазақ қоғамындағы ерлер мен әйел-
дердің тұрмыс тіршіліктегі орны мен қызметін
талдай отырып, әсіресе әйелдердің бала тәрбие-
леу кезіндегі ізеттілігі мен мәдениеттілігіне қатты
көңіл бөлген [Мағауин М., 1994].
Ал,
С.Рыбаков:
«...Қазақ халқының мәдениеті жалпы сапасы тұр-
ғысынан сөздік қорының шешендік шеберлігі,
тілінің анықтығы, ойларының бейнелілігі жағы-
нан айрықша даралана түседі» – деп қазақ хал-
қының рухани мәдениетіне оның ішінде сөйлеу
мәдениетінің мәнеріне ерекше көңіл аударған
[5, 57 б.]. «Ел кезген сапарларымда,- деп жазды
А. Вамбери,- олардың тұрақ-мекендерін кездес-
тірдім, олардың шекараларын дәл анықтау да
мүмкін емес. Біздің білетініміз, олар Сібір, Қы-
тай, Түркістан жөне Каспий теңізі аралығындағы
ұлан-ғайыр сар даланы мекендейді. Біздің аса
бір таң қалғанымыз – олардың музыка мен поэ-
зияға ерекше бейімділігі, екінші жағынан байқа-
ғанымыз – текшілдігі; екі қазақ жолықса, міндетті
түрде алғашқы сұрауы: «Жеті атаң кім?» – деп
келеді, тіпті сегіз жасар бала болса да, жауапқа
мүдірмейді, олай болмаған күнде жетесіздігін
көрсетеді» [Рыбаков С., 1999].
Достарыңызбен бөлісу: